Оқу, кітаптар

Университеттерде 300-ден астам жаңа білім бағдарламасы енгізілді

43
(Жаңартылды 16:43 13.10.2021)
IT-мамандарға деген сұраныстың артуына байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында да жаңа білім беру бағдарламасы қарастырылған

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Қыркүйектен бері қазақстандық жоғары оқу орындарында 300-ден астам жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді. Олар еңбек нарығындағы сұраныс пен жұмыс берушілердің маманға қоятын талабына сәйкес әзірленген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа оқу бағдарламалары бойынша болашақ инженерлер, құрылысшы мен педагогтер, менеджерлер, экономист пен заңгерлерді және басқа да мамандар білім алады. Мысалы, ядролық медицина, smart city технологиялары, математикалық экономика, статистика және деректерді талдау, білім берудегі физика, ғылыми тарих, new media, тау-кен ісіндегі 3D модельдеу инженері, наноматериалдар және нанотехнологиялар бойынша маман даярлайды.

IT-мамандарға деген сұраныстың артуына байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында да жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді.

"Жаңа оқу жылынан бастап университеттер big data analysis (ауқымды деректерді талдау), жасанды интеллект технологиясы, криптология, IT-құқық, digital engineering, робототехникалық жүйелер, data science, киберфизикалық жүйелер, роботтандырылған пилотсыз ұшу аппараттары, IT-менеджмент, цифрлық экономика сияқты бағдарламалар бойынша мыңдаған маманды оқытады", - деп хабарлады министрлік.

2021 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына10 мыңға жуық грант бөлінді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Сонымен қатар ЖОО-лар студенттерге жұмыс беретін IT-компаниялармен байланыс орнатып жатыр.

"Дуалды оқыту белсенді түрде енгізіліп жатыр, студенттер оқу уақытының 40%-ін кәсіпорындарда өткізеді", - деп нақтылады білім және ғылым министрлігі.

Барлық жаңа білім беру бағдарламасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының тізіліміне енгізілген.

43
Кілт сөздер:
білім, бағдарлама
Тақырып бойынша
Грантқа ілікпей қалды: ақылы бөлімде оқу үшін білім кредитін қалай алуға болады
Қазақстанда тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды
Грантқа түсетін студенттерге миллиондап ақша аударылады – министр
Білім министрі диплом сататын университеттер туралы айтты
Алтайдағы университеттер Қазақстан тарихын зерттеуге көмектеседі
Школьники

Вице-министр оқушылардың күзгі демалысына қатысты ақпаратты бөлісті

5259
Егер сыныпта оқушы көп болса, сабақты қашықтан ұйымдастыруға рұқсат бар. Әрбір мектеп өзі шешім қабылдайды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылардың күзгі демалысы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқушылардың күзгі каникул уақыты да жақындап қалды. Қазіргі кезде барлық мектепте жиынтық бағалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Келесі аптада барлық негізгі пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалар қойылады. Кейін оқушылар демалысқа шығады. 1-7 қараша аралығында күзгі демалыс болады", - деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде онлайн брифингте.

Оның айтуынша, мектеп оқушылардың басым бөлігі екі ауысымда оқып жатыр. Бірақ үш ауысыммен (2 процент) оқитын балалар да бар.

"Бүгінде оқушылардың 86,4 проценті барлық санитарлық талапты сақтай отырып, штаттық режимде оқып жатыр. Аралас форматта - 11,6 проценті, сондай-ақ, ата-аналардың өтініштері негізінде 0,6 проценті қашықтан білім алуда", - деп атап көрсетті Каринова.

Осы орайда вице-министр сабақты онлайн форматта өткізу тәртібін түсіндірді. Егер сыныпта оқушы көп болса, онда сабақты қашықтан ұйымдастыруға рұқсат бар. Әрбір мектеп өзі шешім қабылдайды.

Оқи отырыңыз: 

5259
Кілт сөздер:
оқушылар, күз, демалыс
Тақырып бойынша
"Вакцина алдымен ауыл балаларына салынады": министрлік түсініктеме берді
Сабақтан сұранған оралдық оқушылардың әрекеті бейнебақылау камерасына түсті
Оқушылар алдында шығыс биін билеген мұғалім өз қылығын түсіндірді – видео
Оралда оқушылар сабақтан кейін ауруханаға жеткізілді
"Менің анам сияқты": елордалық оқушылар ұстаздарын ерекше құттықтады – видео
Асхат Аймағамбетов

Министр қызу талқыланған Семейдегі жағдай туралы: жауапкершілікке тартылады

2136
Асхат Аймағамбетов 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған заң шеңберінде педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынатынын ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан — Sputnik. Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберді деген ақпараттан соң білім және ғылым министрлігі тексеріс бастады. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде көше сыпырып жүрген мұғалімдердің суреті жарияланған еді. Ата-аналардың бірі балаларға сабақ болмағанын айтты. Оның орнына мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген.

Учителей сняли с уроков и отправили подметать улицы Семея
© Photo : Аrnapress.kz
Әлеуметтік желіде көше сыпырып жүрген мұғалімдердің суреті жарияланған еді

Министр Асхат Аймағамбетов 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған заң шеңберінде педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынатынын ескертті.

"Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсінуге уақыт жеткілікті болды. Мұндай бұзушылықтар үшін екі жүзге жуық басшы жазаланды. Олар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті жұмыстан шығарылды", - деп жазды ведомство басшысы.

Ол шамасы, мұндай тапсырманы қала әкімінің орынбасары беріп, хат мектептерге таратылды деген болжамын бөлісті. 

"Семей қаласындағы оқиғаға байланысты білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік іс қозғап, тексеру жүргізіліп жатыр. Қала әкімі орынбасарының бұл жағдайға қатысы бар екені расталсав, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Біз сондай-ақ қажетті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінеміз", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы да жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: 

2136
Кілт сөздер:
министр, Семей
Тақырып бойынша
"Бұл - өте маңызды мәселе": Аймағамбетов жаңа бұйрыққа қол қоятынын айтты
Аймағамбетов қандай оқушыларға 4,5 миллион теңге сыйақы берілетінін айтты
Мектеп директорлары жаңаша тағайындалады: Аймағамбетов түсіндіріп берді
"Ерекше қатал мұғалім еді": Аймағамбетов ұстаздары туралы айтты
Семейде жалған вакциналау паспортын жасаған медицина қызметкері ұсталды
Аяжан Еділова

Аяжан Еділованың өлімі: іс сотқа өтті

0
(Жаңартылды 18:52 20.10.2021)
Іс жыныстық қол сұғушылыққа қатысты болғандықтан жабық режимде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Аяжан Еділованың өлімі туралы қылмыстық іс келіп түсті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қалалық соты хабарлады.

"Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына зорлау, сондай-ақ аса қатыгездікпен адам өлтіру бойынша қылмыстық іс келіп түсті. Іс жыныстық қол сұғушылыққа қатысты болғандықтан жабық режимде өтеді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Алдын ала сот тыңдалымында істің алқабилермен немесе соттың жеке төрелігімен қаралуы туралы мәселе шешіледі.

Процестік шешім қабылданғаннан кейін іс қаралатын күн туралы қосымша хабарланады. 

Күдіктіге Қылмыстық кодекстің "Зорлау" туралы 120-бабы және "Өзге қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру" туралы 99-бабы бойынша айып тағылып отыр. Істі Алматы қаласының мамандандырылған соты тергеді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2001 жылы туған Аяжан Еділова 19 наурызда сағат 20:43-те жұмыстан шығып, сол күйі оралмаған. Оның жоғалғаны туралы хабар 20 наурызда тарады.

Қыздың денесі бөлшектеліп, қоқысқа лақтырылғаны белгілі болды. 

Аяжан Еділова қандай еді

Әпкесінің сөзінше, Аяжан бір көрген адаммен тез араласып, бір сағатта туысқан секілді сөйлесіп кететін болған. Сондай-ақ оның өте сенгіш және адам жатырқамайтын мінезі болғанын айтты.

Туыстарының сөзінше, Аяжан Еділова Алматыға қайтыс боларынан екі ай бұрын келген. Оған дейін карантин кезінде Талдықорған қаласында туыстарының жанында болған. Алматыдағы сән салоны мен тігін цехына жұмысқа орналасқанына да бір айдай болған.

"Осы жолы Алматыға жібермей қойдым. Коронавирустың күйіп тұрған кезі еді. Біреуге жақын отырып тырнақ жасайсың, "сен маған аман-есен керексің" деп айттым. Ортаға апасын салып, әкесін салып жүріп, бой бермей, кетті. Әйтпесе үйде байлап ұстап отырғанмын. Үйде отырып күйзеліске түсті. Жұмыс істеп, жүріп үйреніп қалған қыз ғой. Бір күні жұмыстан келсем, жылап-жылап көзі ісіп кетіпті. "Менің өлгім келмейді, өмір сүргім келеді" деп айтты", - дейді әпкесі Аяжанның коронавирус жұқтырып алудан қорыққанын айтып.

Содан қалада жұмыс істеп жүрген Аяжан ең соңғы рет жақындарымен телефон арқылы сөйлескен кезде наурыз мерекесіне үйіне баратынын айтқан.

"Ең соңғы рет анасына видео арқылы хабарласып, наурыз мерекесіне келетінін айтты. Жұмыстарын айтып, соларды бітірген соң 4 күн демалысқа келемін деді. "Сағынып кеттім" деп қоштасқандай еркелегені есімде. Анасы жолға қарап, әлі күтетін сияқты. "Келемін" деп айтқаннан кейін олар күтіп жүрді. Мұндай хабар келеді деп күткен жоқ. Шешесі әлі күтіп жүр. Аяжан оқуда жүрген сияқты сезімдеміз", - дейді Нұргүл Әбеутәліпова.

Айтуынша, Аяжанның анасы біраз уақытқа дейін істің мән-жайын білмеген. Тек қайтыс болғанын естіген.

"Ата-анасының жағдайы өте ауыр, олар күйзелістен әлі шыға алған жоқ. Стрессте жүр. Күліп отырып жылай салуы мүмкін, жылап отырып күле салуы мүмкін", - дейді әпкесі.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
қылмыс, сот, Алматы