Білім

Таразда ақыл-ойды дамыту орталығы ашылды

© Photo : "Зерделі" ақыл-ойды дамыту мектебіТаразда ақыл-ойды дамыту орталығы ашылды
Таразда ақыл-ойды дамыту орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2021
Жазылу
Білім ошағы балалардың логикалық ойлау жүйесін дамытып, математиканы және ағылшын тілін тереңдетуді көздейді
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Тараз қаласында "Зерделі" ақыл-ойды дамыту мектебінің филиалы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 
Ашылу салтанаты барысында қараша айында 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен Жамбыл облысында алғаш рет өткізілген "Алтын сақа" байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, оза шапқан 50 жүйріктің 25-іне қаржылай және кәдесыйлар беріліп, арнайы дипломдар табысталды.
© Photo : "Зерделі" ақыл-ойды дамыту мектебі "Алтын сақа" байқауының жеңімпаздарына қаржылай сый жасалып, арнайы дипломдар табысталды
Алтын сақа байқауының жеңімпаздарына қаржылай сый жасалып, арнайы дипломдар табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
"Алтын сақа" байқауының жеңімпаздарына қаржылай сый жасалып, арнайы дипломдар табысталды
Сондай-ақ "Алтын сақа" олимпиадасына Тараз қаласынан қатысқан 215 оқушыға және облыстық кезеңде жүлделі орынға ие болған 25 дарынға "Зерделі" ақыл-ойды дамыту орталығында одан әрі білімін тереңдету үшін 10-50 процент жеңілдік сертификаттары берілді.
© Photo : "Зерделі" ақыл-ойды дамыту мектебіЗерделі орталығында 2-11 сыныпта оқитын кез келген бала білімін шыңдай алады
Зерделі орталығында 2-11 сыныпта оқитын кез келген бала білімін шыңдай алады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Зерделі орталығында 2-11 сыныпта оқитын кез келген бала білімін шыңдай алады
Зерделі орталығында 2-11 сынып аралығындағы кез келген бала өзі қалаған уақытта математика мен логикасын дамытып, ағылшын тілін меңгеруге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар мұнда оқушылар "БИЛ", "Назарбаев зияткерлік мектебі", "Дарын" мектептеріне дайындалып, ҰБТ-ны сәтті тапсырып, Назарбаев университетіне түсу үшін білімін шыңдайды. Бұл бағытта да тәжірибелі мамандар жұмыс істейді.
Zerdeli-Taraz орталығының директоры болып, Ұлыбританияда магистрлік білім алған, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басқармасында қызмет істеген және Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде директордың орынбасары қызметін атқарған Жанат Алтаев тағайындалды.
"Зерделі" ақыл-ойды дамыту орталығының Тараз қаласындағы филиалы Астана шағын ауданы, 14А ғимаратында орналасқан. Телефоны: 8747 501 4192 (WhatsApp).  
Жаңалықтар
0