Елорда тынысы

Астанада көп балалы аналарды қабылдау шарасы өтпейтін болды

© AP Photo / Moises CastilloАна мен бала
Ана мен бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оның орнына елорданың аудандық әкімдіктерінде тұрғындарды қабылдау бойынша "ашық есік апталығы" өтеді

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. "Астана" концерт залында (Конгресс-Холл) 15 ақпанда өтуі тиіс азаматтарды қабылдау шарасы өтпейді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бахыт Султанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бақыт Сұлтанов: Көп балалы аналардың ешбірінің арызы назардан тыс қалмайды

Бұл шараның орнына әр тұрғын мен көп балалы ана өзін алаңдатқан мәселемен 7 күнге созылатын "ашық есік" апталығының аясында аудан әкімдіктеріне келе алады. Апталық 13-22 ақпан аралығында өтеді.

Тұрғындарды толғандыратын мәселелердің көптігін ескере келе, қала басшылығы "ашық есік апталығын" өткізуді ұйғарған екен. Халыққа қолайлы болуы үшін азаматтарды қабылдау Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдіктерінде құзыретті мемлекеттік органдардың (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, қоғамдық денсаулық сақтау, білім және басқа да басқармалар) қатысуымен өтеді. 

"Көп балалы аналардың 6 ақпанда берген арыздардың барлығы бір жүйеге келтіріліп, талдаудан өтті. Қазір осы өтініштер бойынша ұсыныстар ҚР үкіметінің жанындағы азаматтардың кірісі мен өмір сүру сапасын арттыру шараларын күшейтумен айналысатын жұмыс тобының қарауында. Тұрмысы нашар және көпбалалы отбасыларға қатысты мәселелер турады мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жолданған өтініштер бойынша кешенді шаралар екі ай ішінде қолға алынады", - деп хабарлайды әкімдік. 

Қызылордада көп балалы аналар әкімдікке жиналды - видео

Осы уақытқа дейін Бақыт Сұлтановтың тапсырмасымен аудан әкімдіктері 7 ақпаннан бастап көп балалы аналар мен қала тұрғындарын қабылдап жатыр. Әкімдіктің сендіруінше, әр мәселе егжей-тегжей қаралып, оларды шешу жолдары жедел түрде қабылданады.

Қазақтардың көпбалалы болуының себебі неде?

Жаңалықтар
0