Пирамида

Астанадағы "Пирамиданың" директоры қамауға алынды

1822
Әділ Арын сот шешімімен екі айға қамауға алынған

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры Әділ Арын қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі елордалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас директор сот шешімімен 26 сәуірге дейін қамауға алынған. Оған ұйым бюджетінен 21 миллион теңге қымқырды деген айып тағылған.

"Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұлтартпау шарасы ретінде 1980 жылы туған Әділ Арынды 2019 жылдың 26 сәуіріне дейін екі айға қамауға алды", - деп хабарлады елордалық сот баспасөз қызметі.

Сот қаулысы 28 ақпанда шыққан.

Бейбітшілік және келісім сарайы - елордадағы көрікті жерлердің бірі. Жобаның авторы – британ архитекторы Норман Фостер. "Пирамида" әртүрлі діндер, этностар мен мәдениеттер бірлігінің символына айналған. "Бейбітшілік және келісім сарайы" МКҚК Астана әкімдігінің қарауында.

1822
Кілт сөздер:
Астана, бейбітшілік және келісім сарайы
Тақырып:
Астана жаңалықтары (90)
Тақырып бойынша
Сот Алма-ТВ басшысын қамауға алуға санкция берді
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қамауға алынды
Маңғыстау облысында басқарма басшысы қамауға алынды
Ақтауда чемпион шенеунік қамауға алынды: істің мән-жайы
"Әдейі ұстамаған" Түркістанда полицейлер қамауға алынды
Архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда жексенбі күні бірнеше көше жабылады карта

47
(Жаңартылды 18:07 24.09.2021)
Марафон аяқталып, көшелер ашылғаннан кейін қоғамдық көлік жұмысы қалпына келтіріледі

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жексенбі, 26 қыркүйекте "Astana Marathon-2021" өтеді. Осыған байланысты бірқатар көше жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Astana Marathon

Марафон өткізуге байланысты 26 қыркүйекте сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін жүгіру бағыты бойынша көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Осы уақыт аралығында жүгіру бағыты өтетін көшелер толығымен немесе ішінара жабылады. Жарыс екі қашықтық бойынша өтеді: 10 шақырым және 42,2 шақырым.

10 шақырымдық сайыстың бағыты: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік Ел – Рысқұлов.

42,2 шақырымның бағыты: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік ел – Қалдаяқов – Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Нұрмағамбетов – Байтұрсынов – Қошқарбаев – Жұмабаев – Момышұлы – Абылай хан – Қажымұқан – Жұмабаев – Қошқарбаев – Қонаев – Қазақ радиосы – Достық – Мәңгілік Ел – Рысқұлов.

Сондай-ақ марафонды өткізу аясында сағат 07:00-ден 14:00-ге дейін 57 бағдардың қозғалыс бағыты өзгереді. Автобустар тізімін мына сілтеме арқылы өтіп көруге болады.

Бұған қоса жеті бағдардың қозғалысы тоқтатылады: №№ 15, 15а, 18, 32, 47, 50, 323.

"Жоғарыда аталған бағыттар бойынша қоғамдық көлік жұмысы көшелер ашылғаннан кейін қалпына келтіріледі", - делінген хабарламада.

Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

"Алматы марафон"

Сондай-ақ осы жексенбіде Алматыда да марафон өтеді. Жүгіруді жаны сүйетін адамдар үшін мынадай қашықтықтар ұсынылған: 10, 21,1, 42,2 шақырым, "Экиден" командалық эстафетасы, 10 шақырым – скандинавиялық жүріс.

25 қыркүйек сағат 6.00-ден 26 қыркүйек 18.00-ге дейін марафон өтетін көшелерде қозғалыс ішінара тоқтатылады. Спортшылар жүгіріп өткеннен кейін жолдар ашылады, деп мәлімдеді марафон ұйымдастырушылар комитеті.

Марафон Республика алаңында басталып, сол жерде аяқталады. Сол себепті Сәтпаев көшесінде Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін қозғалыстың екі жолағы да жабылады. Жолдарды жабу уақытымен толығырақ марафон сайтында таныса аласыз.

Оқи отырыңыз: 

47
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, қоғамдық көлік, көшелер
Лесная поляна

Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын автобус іске қосылады

24
Жаңа бағыттағы автобустар аптаның барлық күні қатынайтын болады, бұл Қосшы қаласының қоғамдық көлігінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Елордада "Лесная поляна" елді мекені – Назарбаев Университеті" бағытында қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"25 қыркүйектен бастап Қосшы қаласы тұрғындарының өтініші бойынша "Лесная поляна" елді мекені – Назарбаев Университеті" бағытындағы №323 қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады", - делінген хабарламада.

Маршруттың қозғалысы "ЭКО-Маркет "Минимаркеті" аялдамасынан басталады, ары қарай Қарқаралы тасжолы – Қабанбай батыр даңғылының бойы, ал соңғы пункт – "Назарбаев Университеті".

Жаңа бағыттағы автобустар аптаның барлық күні қатынайтын болады, бұл Қосшы қаласының қоғамдық көлігінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

"Жолаушылар қоғамдық көлікте маска режимін сақтауды ұмытпауы керек. Автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жолақысы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады", - деді әкімдіктегілер.

Оқи отырыңыз:

24
Кілт сөздер:
автобус, Нұр-Сұлтан, қоғамдық көлік
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда тағы 100 электрлі автобус пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтанда тағы бір автобус жолағы іске қосылады
Нұр-Сұлтанда көлік қозғалысы тәртібіне өзгеріс енгізіледі
Архивтегі форто

Көкшетауда қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген сауналардың әкімшісі ұсталды

0
(Жаңартылды 21:46 24.09.2021)
Олар облыс орталығында 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке жеккен екі сауна анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өңірде 19 қыркүйекте басталған "Стоп-трафик" республикалық арнайы операциясы аясында полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 5 қылмысты ашты (оның екеуі жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу қылмысы).

Мысалы, 21 және 23 қыркүйек күндері облыс орталығында полицейлер 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған екі саунаның әкімшілерін ұстады. Олар кінәсін мойындады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетері, бұл баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар 19 қыркүйекте жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, ол жергілікті тұрғынның материалдық жағдайын пайдаланып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан.  

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 308-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

 

0