Астана, архивтегі сурет

Астанада автобустағы ұрлық видеобақылау камерасына түсіп қалды

1622
Елордалық полицейлер қалта ұрыларын қолға түсірді

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Астананың полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте және азаматтар жаппай жиналатын орындарда бірқатар қалта ұрлығын жасаған Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстады.

Полиция департаментінің мәліметінше, қаскүнемдер, әсіресе, қарбалас сәтті және жолаушылар көп жүретін бағдарларды таңдаған. Олар ұялы телефондар мен әмияндарды жымқырып отырған, деп хабарлады Елорда Инфо. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, олардың елорда аумағында осы секілді қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері қалта ұрлығынан сақтану үшін бағалы заттарды киімнің ішкі қалтасына салу қажеттігін ескертеді.

1622
Кілт сөздер:
автобус, ұрлық
Тақырып бойынша
Астана мұз айдындары мен сауда орталықтарында ұры-қары көбейіп кетті
Жан дауысы шықты: Қызды тонамақ болған ұры өкініп қалды – видео
Алматыда ұры пәтерді үй иесінің көз алдында тонап кетті
Астана мешітінде ұрлық жасаған тұрғын ұсталды
Астана көрінісі

Нұр-Сұлтанда карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды

2001
(Жаңартылды 19:12 15.01.2021)
Қаулы қол қойылған кезден кейін үш күннен соң күшіне енеді. Сондықтан шектеу шаралары келесі демалыс күндерінен бастап іске асырылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бас санитардың қаулысында қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына шектеу енгізіліп отыр. Соның ішінде мейрамханалар, дәмханалар, барлар мен асханалар бар. Орналасқан жеріне қарамастан, іште 30-дан астам адам болмауы шарт. Ал бір үстелде ең көбі 4-6 адам отыруы тиіс. Көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр сақталуы қажет. 

"Осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келушілердің тамақтану залында болуына тыйым салынады. Күшейтілген санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,  жұмыс кестесі сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін белгіленеді. Авто-экспресстің және тамақты жеткізудің жұмысы штаттық режимде ұйымдастырылсын", - делінген құжатта. 

Бұдан бөлек, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда орталықтары жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеді. Ал демалыс күндері  жабық болады. Бірақ ішінде орналасқан дәріханалар мен супермаркеттерге кіруге болады. 

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына келесі талаптарды сақтауды жалғастыру қажет:

  • ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салу;
  • міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беру;
  • бір отбасы мүшелерінен немесе 3 адамнан аспайтын топтардан басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салу;
  • қызметі жаңартылмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг-орталықтарға, батуттар, компьютерлік клубтарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, оның ішінде  мұзды және роликті сырғанақтарға баруға тыйым салу;
  • 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу;
  • қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

Қаланың бас санитар дәрігері шығарған қаулының толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.

 

2001
Кілт сөздер:
карантин, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
"Үкімет мұны түсінген жоқ": депутаттар Маминді қолдамады
Қазақстанның премьер-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтанда болған жағдайдан кейін автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды
Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа түсіп кетті – видео
Нұр-Сұлтанда полицейлер бір отбасы ұйықтап жатқан үйдің есігін бұзып кірді
Нұр-Сұлтандағы көпір

Нұр-Сұлтанда қосымша карантиндік шаралар туралы жаңа қаулы дайындалып жатыр

79
Елордада жаңа жылдық мерекелерден кейін күн сайын 100-ден астам адам COVID-19 инфекциясын жұқтырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан "сары" мен "қызыл" аймақтардың түйіскен тұсына келді. Қазіргі уақытта "қызыл" аймаққа өтіп кетудің алдында тұр. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Соңғы күндері елордада COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 100 адамнан асып жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Бірінші кезекте, бұл тәулігіне тапсырылатын тест санының артуымен байланысты. Егер бұрын 2-2,5 мың адам тапсырса, қазір тәулігіне 4,5 мыңға дейін жетеді. Сонымен қатар, жаңа жылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең өтеді. Яғни, санитарлық нормаларды елемеген адамдар бар", - деп атап өтті Бейсенова.

Оның айтуынша, енді бағытты түзеп, коронавирустың таралуын азайту керек. Бұған карантиндік шектеу шаралары айтарлықтай көмектеседі.

"Қазір қосымша карантиндік шаралар енгізу туралы жаңа қаулы дайындап жатырмыз. Бұл қаланың әртүрлі аудандарында коронавирустың таралу ошақтарын оқшаулауға көмектеседі", — деді қаланың бас санитар дәрігері.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның тағы бір өңірі "қызыл" аймаққа енді

Бейсенова санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін, осы ғана бүкіл ағзаның жұмысына теріс әсер ететін ауруға қарсы панацея болып саналатынын еске салды.

"Коронавирус адамның ең әлсіз мүшелеріне әсер етеді. Бұл әсіресе артерияларда, тамырларда және өкпеде қан ұйығыштардың (тормб) пайда болуына әкеледі. Сондықтан өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да ойлау керек", — деп түйіндеді қаланың бас санитар дәрігері.

79
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Пандемия басталғалы Атырау облысының бас санитар дәрігері 8 рет ауысты
Шымкентте карантин ұзартылды – бас санитар жаңа қаулы шығарды
Үшінші ұлттық карантин енгізіледі: Ұлыбританияда жаңа шаралар қабылданбақ
Әлеуметтік желіде танымал болған шопан бала ұсталды  
Түркиядан келген Қазақстан азаматынан коронавирус инфекциясы анықталды
Газ құбыры

"Солтүстік ағын - 2" жобасы құрылысының кестесі нақтыланды

0
"Солтүстік ағын – 2" жобасына қатысқан даниялық Ramboll компаниясы Вашингтонның санкцияларынан сескенді, деп хабарлады БАҚ. Расында да, 1 қаңтардан бастап Америка құрама штаттары жобамен байланыстыларға қарсы шараларды күшейтті

Еуропада шиеленіс артып жатыр: немістер санкциялардан қорғайтын қор дайындап жатса, ағылшындар америкалықтардан үлгі алып жатыр, ал шведтер "газ соғысы" басталады деп секемденіп отыр. Газ құбырының тағдыры не болмақ?

"Солтүстік ағын -2" құбырының шетелдегі құрлықтағы бөлігінің құрылысы сәтті аяқталды. Қазір Германия суларында құбырлар төселуде. Одан кейін Даниядағы суларда салынады. Жоба аяқталуға бет бұрды. 1 қаңтардан бастап қорғаныс бюджеті туралы жаңа заң күшіне енді. Ол құжатта Ресейдің газ құбырына қарсы қосымша санкциялар қарастырылған.

Негізінен, мұнда мәселе тестілеу, инспекция немесе сертификаттау қызметтерін ұсынатын ұйымдарға қатысты болып отыр. Норвегиялық DNV GL компаниясы қазірдің өзінде газ құбырын тексеру бойынша барлық әрекеттерді тоқтататынын және оны сертификаттай алмайтынын мәлімдеді.

АҚШ Сенатындағы республикашылардың көшбасшысы Митч Макконнелл бұған дейін қорғаныс бюджеті туралы заң мемлекет қауіпсіздігінде және "Қытай мен Ресей сияқты қарсылас державалардың жолын кесуде" шешуші мәнге ие екенін мәлімдеді. Бұл құжат АҚШ-тың "теңіздегі, құрлықтағы, әуедегі, киберкеңістіктегі және ғарыштағы басымдылығын" бекітеді. 

"Газпром" енді шамамен 150 километр құбыр салуы керек (120 – Данияда және 30-дан астам Германияда). Газ құбыры 94%-ке дайын. 

11 қаңтарда Германияның аймақтық суларындағы жұмыс бір жылдық үзілістен кейін қайта жанданды. 15 қаңтардан бастап Дания жағалауында құбыр тқсеу басталады. 

"Фортуна" құбыр төсейтін кемеге "Мурман" және Ресейдің теңіздегі құтқару қызметінің "Балтийский исследователь" кемелері және тағы басқа қамсыздандыру кемелері көмектеседі. Теңізде құбыр төселетін аймақтың екі жағынан ені 200 метр уақытша шектеу орны құрылады. 

"Газпром экспорт" бас директоры Елена Бурмистрова теңіздегі учаскенің құрылысын аяқтау көпи жағдайға, соның ішінде, ауа райына байланысты болатынын мәлімдеді. 

Ал АҚШ СА-2 құрылысына қол ұшын беріп жатқан компанияларды қорытып-үркітуін тоқтатар емес. 

"Біз тәуекелдер жайлы хабардар етіп, кеш болмай тұрғанда серіктестіктен бас тартуға шақырып отырмыз", - деді Мемлекеттік департаменттегілер. Reuters агенттігінің ақапараты бойынша, алдағы күндері Ақ үй "тиімсіз компаниялар" тізімін жариялайды. 

Ресей СІМ "газпромның" шет елдердегі серіктестеріне АҚШ қанша қысым көрсетсе де, бұл жоба сәтті аяқталатынына Ресей еш күмән келтірмейтінін айтты. Германия "Солтүстік ағын -2" жобасын экономикалық жоба ретінде қарастыруды жалғастыруда және АҚШ-тың экстерриториялық санкцияларына қарсы. Германия парламенті " MV климатын және қоршаған ортасын қорғау" атты экологиялық қор құру туралы шешім қабылдады. 

Бұл қор америкалық санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік береді. Мекеме жоба аясындағы қажетті жабдықтарды сатып алуға құқылы және ол ең алдымен газ құбырын экология үшін маңызды деп шешім шығарады. Санкциялар қупі төнген компаниялар осы кәсіпорын ұсынатын экономикалық құралдар арқылы ресейлік тараппен өзара әрекеттесе алады. 

Айта кету керек, немістер санкциялардан қорғанып үлгеретіні жөнінде сарапшылар екіұдай пікір білдіруде. Себебі, бір жағынан, қор Вашингтонның барлық күш салуын жоққа шығаруға жеткілікті инвестициялар мен құзыретке ие болды. Ал, екінші жағынан бұл қорды құру идеясы "жасыл экономиканы" жақтаушылардың наразылығын тудырды. Соондықтан, СА-2 жақтаушылары қоршаған орта үшін қауіпті жобаны "жасыл" деп жіктеуге қарсылық білдіргендермен келісімге келуі керек. 

Өнеркәсіптік сарапшы Леонид Хазанов қалай болғанда да Германия Вашингтонның жетегінде кетпейді. 

"Әрине, қор санкцияларға ұшырайды, бірақ олардың әсері болмайды. Оның мердігерлеріне қарсы олар жаңа заң жобасын дайындап, оны Конгресс арқылы қабылдауы және президенттің қол қоюын күтуі керек болады. Бұл процесс алты айға дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт ішінде "Солтүстік ағын – 2" жобасының құрылысы аяқталып үлгереді", - деп санайды сарапшы. 

Британдық парламентші консерватор Дэниел Кочинскидің айтуынша, британдықтар Еуроодаққа мүше болмағандықтан, "америкалық достарының ізінен еріп, "Солтүстік ағын – 2" жобасына тартылған барлық компанияларға қарсы санкциялар енгізу керек". 

Ал, Швециядағылар Джо Байденнің президент болуы газ құбыры үшін елге жақын маңда "газ соғысының" басталуына ықпал етеді ме деп қорқуда. Жергілікті басылым, америкалық демократтың Дональд Трампқа қарағанда әлдеқайда қатал екенін атап көрсетті.

0