Елорда тынысы

Біз астаналық болып қала береміз – Сұлтанов елордалықтарға үндеу жасады

© Sputnik / Владислав ВодневГерб Астаны
Герб Астаны  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

АСТАНА, 21 наурыз — Sputnik. Наурыз мейрамының алғашқы күнінде елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қалалықтарды мерекемен құттықтап, шаһар тұрғындары бұрынғыдай астаналықтар болып атала беретінін айтты.

Астана әкімі құттықтауында Наурыз жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-береке мен бірліктің мерекесі екенін, халқымыз оны қашанда көтеріңкі көңілмен, ерекше ықыласпен қарсы алатынын атап өткен, деп хабарлады Елорда Инфо..

Нұрсұлтан Назарбаев Maybach автокөлігімен келді  - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Биылғы Наурыз ерекше: Нұрсұлтандықтар мейрамды қалай тойлап жатыр?
"Бұл – еліміздің ынтымағы мен бірлігін, берекесін уағыздайтын ұлы мейрам. Өткен мен болашақты, татулық пен сыйластықты жалғаған жасампаз мереке", - деді әкім.

Ол Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы 10 жылды елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосатын шешуші кезең деп атағанын еске салды. Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын-тіршілігін жақсартуды жалғастыруды тапсырған.

"Елорда өткеннің құндылықтарын дәріптей отырып, күллі әлемге "Нұр-Сұлтан" атымен Қазақстанның жаңа бейнесін паш етіп отыр. Бұл –Елбасымыздың ерлігі мен ерен еңбегін бағалау, есімін елеп, мәңгілік тариxта қалдыру. Алайда біз бәріміз астаналық болып қала береміз. Бұл қалыптасқан термин", - деп сөзін жалғады Сұлтанов.

Сөз соңында елорда әкімі Наурыз мейрамында әрбір шаңыраққа шаттық пен толағай табыс, бақ-береке тіледі.  

Жаңалықтар
0