Бақыт Сұлтанов

Қайда қарап отырсыңдар Бақыт Сұлтанов қаланы тазартуды тапсырды

117
Бақыт Сұлтановтың аудан әкімдерінің жұмысына көңілі толмай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қалалық әкімдік отырысында коммуналдық қызмет мәселесі көтерілді. Жауын-шашын болып, қар ери бастағалы қалалық коммуналдық қызметке түскен шағым саны артқан, деп хабарлайды Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбектің айтуынша, бір күнде тоғыз жүзден астам шағым түскен кез де болыпты. Әкім орынбасары әлеуметтік желідегі жұртшылық қаладағы қоқыс толы жәшіктерді суретке түсіріп, мәселені шешуді талап етіп отырғанын айтады.

"Қазір қаладағы 1842 аулада 10477 қоқыс контейнері орнатылған. Әлеуметтік желіде тұрғындар жәшіктердің маңына үйілген қоқыс суреттерімен бөлісіп жатыр. Қоқыс шығарушы компаниялармен 2018 жылы жасалған келісім өз күшін жойды. Ал жаңалары әлі жасалған жоқ. Сондықтан аудан әкімдеріне мердігер ұйымдармен келісімшарт жасау мәселесін шешуді тапсыруыңызды сұраймын",- деді ол.

Қала басшысы аудан әкімдерінің жұмысына көңілі толмайтынын айтып, оларға бірқатар тапсырма берді.

"Көктем келіп, қар ерігенде олқылықтар бірден көрінді. Қала батпақ болып, қоқысқа толып кетті. Мұны жедел топқа тексеруге тапсырма беремін. Қалада не болып жатқанын өздеріңіз қараңыздар! Бұл жұмыстың дер кезінде атқарылмағанын көрсетеді. Қаражат бар, мамандар мен ресурс жеткілікті. Аудан әкімдері, қайда қарап отырсыңдар? ",- деді қала әкімі Бақыт Сұлтанов.

Сұлтанов қаладағы қоқыс толы аулаларға бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды. Сондай-ақ көшелерді су басу мәселесін шешу керектігін атап өтті.

117
Кілт сөздер:
әкімдік, қоқыс, Нұр-Сұлтан, Бақыт Сұлтанов
Тақырып бойынша
Астана әкімдігі жолақыны коммуналдық төлемге қосуға қатысты түсініктеме берді
Толассыз жауған қар: Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Ақтауда коммуналдық жұмысшылар көшедегі суды күрекпен жинап жүр
Қар мен тұман: елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме әкім астаналықтарға үндеу жасады

572
Қала басшысының айтуынша, Сovid-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан — Sputnik. Елордада соңғы күндері Covid-19 ауруының өсімі байқалады, динамика тұрақсыз, деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

"Қосымша карантиндік шаралар мен шектеулерді енгізу қаланың қай "аймақта" орналасқанына байланысты. Қазір елорда "жасыл аймақта", бірақ соңғы күндері Covid-19 ауруының өсімі байқалады. Егер 19 қазанда 13 жағдай тіркелсе, 20 қазанда 29, ал 21 қазанда 15 жағдай тіркелді. Динамика тұрақсыз", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Қала басшысының айтуынша, біріншіден, Сovid-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды. Егер науқас коронавирусты бір рет жеңсе, бұл оның қауіпсіздікте екенін білдірмейді. Ғалымдар әлі күнге дейін коронавирустың қандай зардабы бар екенін анықтап жатыр.

"Екіншіден, біз кейбір дәмхана, мейрамхана мен басқа да нысандардың карантинді бұзып, коронавирустың бейберекет таралуына жағдай жасап жатқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты біз рейдтер өткізуді күшейттік, - деді Көлгінов.

Үшіншіден, төсек орындар қажет болған жағдайда, мыңдаған орынды дайындай аламыз, дегенмен бәріне бір уақытта дәрігер жетпейді, деп отыр әкім.

"Ең әлсіз топ - егде жастағы адамдар, біз оларды қорғауымыз керек. Инфекциямен күресу үшін медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмекпен, қорғаныш заттарымен қамтамасыз еттік. Соңғы уақытта қосымша 50-ден астам өкпені жасанды желдету аппаратын, 2 компьютерлік томография, өкпенің қанша процентке зақымданғанын көрсететін 7 цифрлық рентгенография жүйесін сатып алдық", - деп жазды Көлгінов.

Оның айтуынша, Еуропа елдеріндегі ірі қалалар карантинді күшейіп жатыр. Бірінші толқыннан сабақ алуымыз керек, деп түйіндеді әкім.

572
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Қазақстанда локдаун қашан енгізілуі мүмкін – Цой үш сценарийді атады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Вирус өз дегеніне көндіреді – Көлгінов кәсіпкерлерге үндеу жасады
Көлгінов былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салуға уәде берді
Қоғамдық көлік

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтайды

393
Автобустарға маскасыз кіруге тыйым салынған. Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленуі тиіс екені айтылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Алдағы жексенбі6 25 қазан күні астанада қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

"25 қазанда қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Басқа күндері қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді", - дейді компания мамандары. 

Дүйсенбі күні, 26 қазанда автобустар қайтадан қатынайды. Осы орайда компания мамандары қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырып, автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынғанын еске салды. Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленуі тиіс.

Комиссия шешімі

Осы аптаның басында коронавирус инфекциясның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бірқатар шектеу шараларын жеңілдетті. Атап айтқанда, 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және жабық базарлар жұмыс істей бастайды.

Сондай-ақ, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, сыйымдылығының 30%-інен аспайтын адам санымен жұмысын қайта бастайды. Бірақ әрбір облыстың санитарлық дәрігері өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға қарай шектеу шараларын өзгертуі мүмкін. 

Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен сенбі-жексенбі күндері сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істеген жоқ. Басқа нысандарға енгізілген шектеу шаралары сақталады. Олар:

  • мектепке дейінгі балалар мекемелері;
  • бильярд және компьютер клубтары;
  • ойын-сауық мекемелер;
  • банкет залдары;
  • түнгі клубтар

Бұдан бөлек, облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салынған.

393
Кілт сөздер:
автобус, қоғамдық көлік, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Бәрі аш деп айқайлады": Жолаушы автобустың ішінде не болғанын айтып берді
Алматыда ер адам автобустың астына жатып алды – видео
Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде
Алматыда бетперде таққан автобус пайда болды - фото
Әйел автобуста босанды: қыз 18 жасқа дейін қоғамдық көлікте тегін жүреді
Астана әуежайы

Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді

8
(Жаңартылды 10:03 26.10.2020)
Түнде Нұр-Сұлтан әуежайына шетелден алты ұшақ қонды. 108 жолаушының өзімен бірге ПЦР-тест өткені туралы анықтамасы болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Қазанның 25-нен 26-на қараған түні шетелден астана әуежайына келген 108 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді. Оларның ПЦР-тесті болмаған, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуежайға түнде барлығы 6 ұшақ қонды. Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai әуе компанияларының рейстері.

"722 жолаушының 108-інде ПЦР анықтама болмады. Сондықтан стационарлық карантинге жіберілді. Тест тапсырған соң үйлеріне кете алады. Алайда вирус жұқтырғаны расталса, инфекциялық стационарға барады", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2020 жылдың 26 қазанында Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді. Құжатта мемлекеттік шекара өткізу бекеттерінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуге бағытталған шараларды күшейту қарастырылған.

Оған сәйкес, жолаушылар ПЦР-тест өткені туралы анықтама көрсетуі тиіс. Оның қорытындысы шыққанына 3 тәуліктен аспауы керек. 5 жасқа дейінгі балаларға міндетті емес.

Халықаралық транзиттік жолаушыларға транзиттік аймақтан шығуға тыйым салынған.

Қазақстан азаматтары және елде тұру ықтиярхаты барлар анықтама болмаған жағдайда екі күнге карантиндік стационарға жіберіледі. Кейін тест қорытындысына сәйкес шешім қабылданады.

8
Кілт сөздер:
карантин, жолаушы, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті
"Бәрі жала" "Дос-Мұқасан" тобының әншісі әуежайда шыққан шу туралы айтты
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
Әуежайда шу шығарған Төреғали Төреәлі жазаланды