Нұр-Сұлтандағы автобус апаты

Нұр-Сұлтандағы автобус апаты: әкімдік зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы айтты

246
(Жаңартылды 19:02 02.04.2019)
Елорда ауруханаларында әлі 13 зардап шегуші жатыр, олардың төртеуі орташа ауыр халде

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik. Елордалық әкімдік баспасөз қызметі өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында болған жойқын апаттан зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарлады.

Қазір №2 қалалық ауруханада 12 науқас жатыр. Медициналық мекеме хабарлағандай, сегіз адамның жағдайы қанағаттандырарлық, төртеуі орташа ауыр халде. Екі зардап шегуші ауруханадан шығарылыпты.

Тағы бір адам Ұлттық нейрохирургия орталығында емделіп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, дәрігерлер жолаушылардың бірінің аяғын кесуге мәжбүр болған.

Жантүршігерлік апаттың мән-жайы

Жол апаты 26 наурызда Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында болған. Қала орталығында жолаушылар автобусы алдындағы автобусқа бар жылдамдығымен келіп соғылды, апат салдарынан тағы бір автобусқа, жедел жәрдем және жеңіл көлікке зақым келді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚҰРАЛАЙ ПИОНЕР (@pioner_kuralay)

Апат салдарынан екі адам қаза тапты – қоғамдық көліктің жүргізушісі мен жолаушы әйел. Жантүршігерлік оқиғадан соң 29 адам ауруханаға түскен.

246
Кілт сөздер:
жол апаты, автобус, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы апат: көз жұмған жалғызбасты ананың артында бір баласы қалды
Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік апат: Филиппин азаматы хал үстінде жатыр
Нұр-Сұлтандағы автобус апаты: дәрігерлер зардап шеккен жолаушының аяғын кесті
"Мұндайға жол бермес еді" - Нұр-Сұлтандағы апаттан қаза болған жүргізушінің әріптестері
Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: депутат үкіметке сауал жолдады
Нұр-Сұлтандағы апат: автобус жүргізушісі ерлік жасағаны белгілі болды
Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтанда төтенше оқиға болды: арнайы комиссия құрылды

2217
(Жаңартылды 16:52 21.11.2020)
Отыздан астам адам зардап шегіп, оқиға орнында бір адам көз жұмды. Әкім марқұмның отбасына көмек көрсетілетінін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Шұбар шағын ауданындағы жарылыс себебін анықтау үшін арнайы комиссия құруды тапсырды.

"Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 ашылды. Әкім төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды.

Дәмханадағы жарылыс

21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлама түсті. Шұбар шағын ауданында дәмхана ретінде қайта жабдықталған коттеджде газ баллоны жарылған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда үй-жайдың ішінде бір адам және 15 газ баллоны бар екені анықталды. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған.

Құтқарушылар бір адамды құтқарып, 15 баллонды сыртқа шығарды. Оқиға орнында бір адам көз жұмды, 30-дан астам адам зардап шекті.

2217
Кілт сөздер:
жарылыс, газ, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда дәмханада жойқын жарылыс болды – видео
Ақтауда автокөлік жарылды: оқыс оқиға видеоға түсіп қалды
Нұр-Сұлтанда ГАЗель жарылды – видео
Нұр-Сұлтан әкімі газ бағасы қанша теңгеден болатынын айтты
Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды
Сауда орталығында тексеру

Елордада сауда ойын-сауық орталықтарына сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат етілді

1997
(Жаңартылды 11:59 21.11.2020)
Сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне сенбі күндері кешкі сегізге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында бас санитарлық дәрігердің қаулысымен сенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтарына жұмыс істеуге рұқсат етілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін, ал сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.

Жексенбі және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Тек ғимарат ішінде орналасқан дәріханалар мен тамақ өнімдерін сататын шағын маркеттер, супермаркеттер және гипермаркеттер жабылмайды.

"Осы нысандарда және олардың аумағында орналасқан аттракциондардың, балалар ойын алаңдарының, ойын орталықтарының, кинотеатрлардың, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі анықталған жағдайда, сенбі күндері де жұмысы тоқтатылады", - делінген жаңа қаулыда.

Сонымен қатар, қалалық қоғамдық көлік жұмыс және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. Ал жексенбі күндері тоқтайды.

Қаулы 24 қарашадан бастап күшіне енеді. Құжаттың толық нұсқасы – мына сілтемеде.

1997
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда бас санитардың карантинге қатысты жаңа қаулысы шықты
Алматы, архивтегі фото

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

0
Тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Қазақстан аумағында осы жылдың 23 қарашасында басталған "Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс-шарасы 30 қараша айына дейін жалғасады. Осыған байланысты Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. 

Қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Манап Саттаровтың айтуынша, аталған іс-шараға полиция қызметкерлерімен қоса Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылады.

"Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін полицияның жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Қала бойынша полиция жасақтары көбейтіліп, "Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік" қағидасы бойынша тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді", - дейді ол.

Сондай-ақ көші-қон заңдарын бұзатын келімсектерді анықтау үшін құрылыс алаңдары мен тамақтану орындары тексеріледі. Арнайы есепте тұратын адамдар мен азаматтық қару иелері де полицияның назарынан тыс қалмайды.

"Ал жедел басқарма қызметкерлері пәтер тонау, көлік ұрлығы сияқты қылмыстарды жасайтын қылмыстық топтар мен із-түзсіз жоғалған адамдарды және бұрын қылмыс жасап іздеу жарияланған адамдарды анықтауға бағытталған жұмыстарды атқарады", – деп түйіндеді Саттаров.

Алматыда 10 адамды өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Айта кетейік, кең көлемде ұйымдастырылып отырған аталған іс-шара қылмыстық ахуалды тұрақтандыруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

0
Кілт сөздер:
полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Жалған 900 мың долларды сатпақ болған Алматы тұрғыны ұсталды
Алматылық ағайындылар қылмысы әшкере болды
Дәретханада қыздарға порно көрсеткен ер адам 10 жылға сотталды
Нұр-Сұлтанда әйелдерге шабуыл жасаған шетелдік ұсталды