Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда бес жыл бұрын салынған мектеп қирағалы тұр

© Sputnik / Антон Уницын / Медиабанкке өтуШкольники на перемене, архивное фото
Школьники на перемене, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық мектептің директоры қала әкімі Алтай Көлгіновке арызданды

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Астанадағы №75 мектеп-лицейінің директоры Салтанат Тоғатаева қала әкіміне арызданып, мектепте сапасыз жөндеу жұмыстарының жасалғанын жеткізді

Директордың сөзіне қарағанда, мектеп бес жыл бұрын пайдалануға берілген болатын. Соған қарамастан білім беру мекемесінің төбесінен су ағады. Ал қыста тым салқын, себебі жылу жүйесі дұрыс істемейді. Мектеп мұғалімдері арнайы жылыту құралдарын қосып отырады. Өйткені қыста ауа температурасы төмендеп кетеді.

"Күзде және қыста мектепте суық болады, плюс 14-16 градус. Асханада, спортзалда және тағы бірнеше кабинетте төбеден су ағады. Біз шелектерді қойып отырамыз. Енді еденге қойылатын кондиционерлермен жылытатын шығармыз. Негізі, біздің мектебіміз 2014 жылы ғана салынды", – деді Тоғатаева едорда әкімі Алтай Көлгіновпен болған кездесу кезінде.

Қала басшысы жаңа мектептерде ондай олқылықтарға жол бермеу керектігін жеткізді. Ал мердігер компания соның бәрін жоюы тиіс.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан әкімі Назарбаевқа не туралы баяндады?

"Білім беру мекемесіне техникалық зерттеу жасау қажет. Мердігерлер барлық проблеманы шешуі тиіс. Кепілдік мерзімі бар. Білім басқармасы тарапынан бақылау әлсіз болып тұр. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, білім алуға барлық жағдай жасалуы шарт", – деп көрсетті Көлгінов.
Айта кетейік, биыл №75 мектеп-лицейіне 3 700 оқушы барады.

Жаңалықтар
0