Медбике мен бала, аурухана

Нұр-Сұлтан қаласында 59 бала ауруханаға түсті

213
(Жаңартылды 17:24 11.09.2019)
Инфекция жұқтырған екі бүлдіршін де бір балабақшада болған

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Менингитке шалдыққан екі баланың жағдайы қазір тұрақты. Бұл туралы елордадағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Иран Шаметеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, қазір стационарда "менингит" диагнозымен 59 пациент ем қабылдап жатыр. Оның ішінде вирусты менингитке 53 бала, бактериялық менингитке 6 пациент шалдыққан. Негізінен олар 6-7 жастағы балалар, арасында үш жасқа дейінгі сәбилер де бар. Барлық пациенттің жағдайы тұрақты.  

"№ 30 балабақшадан түскен балалардың жағдайы тұрақты, нашарлау байқалмайды. Біреуі 7 қыркүйекте, екіншісі 8 қыркүйекте түсті. Диагностика мен емдеу хаттамасына сәйкес ем қабылдап жатыр", - деді бас дәрігер қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында өткен брифингте.

Тағы оқыңыз: Біртанов менингит туралы: инфекция бізге бағынбайды

Шаметеков менингитке шалдыққандарды дер кезінде анықтау және уақытында медициналық көмек көрсету үшін емханалардың жанынан фильтр-кабинеттер ашылғанын еске салды. Ол жерде дәрігерлер қызуы көтеріліп, басы ауырған балаларды қарап-тексереді, сондай-ақ патронаж қызметі белсенді жұмыс істейді.

Дәрігерлер жұқпалы энтровирустық инфекциялар жаз және күз мезгілінің басында өршитінін атап өтті. Вирус ауа-тамшы арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлесу кезінде) таралады.

Негізінен үш жастан он жасқа дейінгі балалар инфекция жұқтыруға бейім келеді.

213
Кілт сөздер:
инфекция, Нұр-Сұлтан, балабақша, балалар
 Елбасы Астана Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалық институты ЖШС-да болды

Нұр-Сұлтанның даму барысын үнемі қадағалап отырамын Назарбаев

9
Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлады Elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш президенті елордада туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты.

Алтай Көлгінов аудандар құрылысының барысы, қаланы көгалдандыру процесі жайлы, сонымен қатар денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарының, спорт ғимараттары мен коммерциялық орындардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сондай-ақ Елбасы назарына елорданың жаңа мешіті мен ЭКСПО ауданына іргелес аумақта жүргізілетін құрылыс пен абаттандыру жобалары ұсынылды.

"Мен үшін бұл қаланың орны бөлек. Оның даму барысын үнемі қадағалап отырамын, болашағы туралы көп ойланамын. Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған. Кейбір ғалымдар бұл жерге ағаш өспейді деген еді. Алайда елорда аз уақыт ішінде айналасын "жасыл белдеу" қоршаған ірі мегаполиске айналды", – деп түйіндеді Елбасы.

Оқи отырыңыз:

9
Вакцина

Нұр-Сұлтанда әуежай мен вокзалда вакциналау пункті ашылды

27
Елордада вакцинаның 3 түрі бар: ресейлік "Спутник V", отандық QazVac және қытайлық Sinopharm VeroCell

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Елордада "Нұрлы Жол" теміржол вокзалында және Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда коронавирусқа қарсы вакциналау аймағы ашылды.

Осы пункттерде екпенің бірінші және екінші компонентін алуға болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда елордада вакцинаның 3 түрі бар: ресейлік "Спутник V", отандық QazVac және қытайлық Sinopharm VeroCell.

"Жалпы, қалада бірінші компонентпен контингенттің 66%-тен астамы қамтылған. Осы жұмысты жақсарту және халықты көбірек қамту мақсатында біз вакциналау пункттерін тағы екі ұйымда – азаматтар көп жиналатын жерлерде ашамыз", - деп атап өтті басқарма.

"Нұрлы Жол" теміржол вокзалындағы вакциналау аймағы 4-қабатта, әуежайда 1-қабатта халықаралық және ішкі терминал арасындағы өткелде орналасқан. Күн сайын сағат 10:00-ден 20: 00-ге дейін жұмыс істейді.

"Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау процесі халыққа қолайлы болу үшін барлық шара қабылданды. Азаматтар екпенің көмегімен ғана пандемияны жеңе алатынын есте сақтаса екен дейміз. Біз инфекцияны жеңуге жақындап қалдық деуге болады, бірақ вирус әлі де бар. Барлығы өзіміздің қолымызда –коронавирус ауруын таратпау азаматтық міндетіміз", - деп атап өтті ведомство.

Қазіргі уақытта қала бойынша сауда және ойын-сауық орталықтары және сауда үйлері жанында 5 вакциналау пункті орналасқан: "Керуен", "Хан Шатыр", "Азия Парк", "Абу Даби Плаза" сауда ойын-сауық орталықтары және "Евразия" сауда орталығы. Вакциналау пункттері медициналық мекемелерде де орналасқан. Барлығы 84 вакциналау пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакциналау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда.

Оқи отырыңыз:

27
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің басшысы 2022 жылы шығындарды төрттен бірге қысқартуды ұсынды

0
Келесі жылдың бюджет жобасында басым бағыттар бойынша 1,2 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

0