Елорда тынысы

"Қимай қалады": Елордада утилизацияға мінсіз көлігін тапсыратындар да бар

© Sputnik / Владислав ВодневУтилизация автомобилей
Утилизация автомобилей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Утилизацияға тапсырылатын ескі көліктер алдымен тіркеуден шығарылып, бұдан кейін арнайы анықтама рәсімделеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik, Арман Асқар. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы басталған болатын. Содан бері біраз авто қайта өңдеуге жіберілді. Дегенмен ескі көліктердің легі әлі толастайтын емес. Соның арасында раритетке айналған машиналар да баршылық. Sputnik Қазақстан тілшісі астананың утилизация аймағында болып, ескі көліктердің "зиратын" аралап шықты.

Көлікті утилизацияға қалай тапсырады?

Утилизация аймағына тапсырылатын көліктердің бірде-бір бөлшегін лақтырмайды. Барлығын қайта өңдеуге жіберіп отырады. Аймақтық менеджер Ақылжан Уәлиевтің айтуынша, ескі көлікті алдымен арнайы цехқа кіргізеді. Сол жерде мамандар әуелі көліктің майын ағызады. Одан кейін доңғалақтарын шешіп, шиналарын бөлек жинайды. Салонның ішін де толығымен бұзады. Поролон, мата, пластмасса, ұсақ бөлшектер – бәрі-бәрі қайта өңдеуге жіберіледі.

"Сосын темір қысатын машина бар. Ол Қарағандыдан келеді де, осындағы көліктерді сығымдап береді. Сөйтіп, дайын пакеттерді зауытқа жібереміз", - дейді Уәлиев.

Оның айтуынша, ескі көлікті алдымен тіркеуден шығару қажет. Бұдан кейін жол-патрульдік полицияда утилизацияға арнайы анықтама рәсімделеді. "Оператор РОП" компаниясының ресми сайтына кіріп, кезекке тұру керек.

© Sputnik / Владислав ВодневУтилизацияға тапсырылатын көліктердің барлық бөлшегі кәдеге жаратылады
Қимай қалады: Елордада утилизацияға мінсіз көлігін тапсыратындар да бар - Sputnik Қазақстан
Утилизацияға тапсырылатын көліктердің барлық бөлшегі кәдеге жаратылады

"Сайтта бірден төлемнің түрін таңдауға мүмкіндік бар. 150 000 теңгені қолма-қол алуға болады. Бұдан бөлек, 315 000 мың теңгенің жеңілдік сертификаты бар. Бірақ оны отандық көлікті сатып алуға ғана береді. Басқа мақсатта пайдалануға болмайды", - деді Уәлиев.

Ескі көліктерді кезек бойынша тапсырады. Утилизация аймағында әрбір адаммен келісімшарт жасалады, ал құжаттың нөмірі көлікке жазылады. Иесі қолма-қол ақшаны таңдаса, ол қаражат банк карточкасына аударылады. Көліктің комплектациясы толық болмаса, төлемақысы үш есеге төмендейді.

© Sputnik / Владислав ВодневШиналар бөлек жиналады
Қимай қалады: Елордада утилизацияға мінсіз көлігін тапсыратындар да бар - Sputnik Қазақстан
Шиналар бөлек жиналады

Бұл жерде жүк көліктері мен автобустарды да қабылдайды. Жүк техникасы үшін қолма-қол ақша берілмейді. Алайда жеңілдік сертификатының көлемі – 550 000 теңге. Ал автобус үшін 750 000 мың теңгенің жеңілдігін алуға мүмкіндік бар.

"Мінсіз көліктерді тапсырады"

Сыққышқа жіберілетін көліктердің бәрін сыртта үш қабаттап дайындап қояды. Олардың ішінде кеңес заманында шығарылған көліктер көп. Мәселен, біз сонау 1962 жылы шыққан "Москвич-403" маркалы көлікті байқап қалдық. Ондай көліктер Мәскеу автомобиль зауытында үш жыл бойы құрастырылған. Бұл өтпелі модель болды. Соның негізінде жаңа марка – "Москвич-408" жасалған болатын. Сөйтіп, үш жылдың ішінде 403-тің 105 726 данасы шығарылған еді. Соның бірі елорданың утилизациясына түсті. 

© Sputnik / Владислав ВодневАймақтық менеджер Ақылжан Уәлиев ескі көліктер алдымен арнайы цехқа кіргізілетінін айтады
Қимай қалады: Елордада утилизацияға мінсіз көлігін тапсыратындар да бар - Sputnik Қазақстан
Аймақтық менеджер Ақылжан Уәлиев ескі көліктер алдымен арнайы цехқа кіргізілетінін айтады

Ал бірде ерлі-зайыпты зейнеткерлер жас кезінде алған "Волга" көлігін алып келген. Оның сынған, я болмаса, тот басқан жері де болмады. Көліктің иесі оны зауыттан сатып алып, осы уақытқа дейін өзі мінген, өте жақсы күтіп ұстаған екен.

"Аппақ "Волга" ғой. 24-ші модель болды-ау деймін. Капотты ашып қарасақ, қозғалтқышы тап-таза, бәрі жарқырап тұр. Барлық бұрандасы өз орнында. Бәріміз таңғалдық. Тот басқан бірде-бір жері болмады. Иесі жақсы күтіп ұстаған. Осы уақытқа дейін өзі ғана мініпті", - деп атап көрсетті Уәлиев.

Ал қазақтың бір жігіті ескі "ИЖ" маркалы көлікті әбден күтіп ұстаған. Астын тот басқанда өзі жөндеп, екі жақ бүйірін қаңылтырмен де қаптаған. Тағы тот баспасын деп, ішін шайырмен толығымен бояп шығыпты. Соңында шаршап кетіп, "пирожковозын" утилизацияға тапсырып тастаған.

Ескі көліктер саудасын кәсіпке айналдырғандар бар

Утилизацияға шетелдік көліктерді тапсыратын азаматтар да аз емес. Мәселен, үйінділердің арасында Mitsubishi RVR, Golf 4, Nissan Bluebird сияқты көліктерді көруге болады.

"Жаңағы Nissan Bluebird екінші кузовпен шыққан көлік қой. Бәрі өзінікі, зауыттан қалай шықты, тура сол қалпында алып келді. Машинасы жүріп тұр. Салоны тап-таза. Клиент оған қарамай, утилизацияға келердің алдында оның іші-сыртын жуып, мінсіз күйінде алып келді. Сөйтіп, утилизацияға тапсырды. Жаңылмасам, ол жігіт сертификатты таңдады", - деп еске алды Уәлиев.

© Sputnik / Владислав ВодневУтилизация автомобилей
Елорда тұрғындары мінсіз көліктерді де тапсырып жатады - Sputnik Қазақстан
1/3
Елорда тұрғындары мінсіз көліктерді де тапсырып жатады
© Sputnik / Владислав ВодневУтилизация автомобилей
Кәдеге жаратылатын көліктер - Sputnik Қазақстан
2/3
Кәдеге жаратылатын көліктер
© Sputnik / Владислав ВодневУтилизация автомобилей
Мұнда кеңес заманында шығарылған көліктер көп  - Sputnik Қазақстан
3/3
Мұнда кеңес заманында шығарылған көліктер көп
1/3
Елорда тұрғындары мінсіз көліктерді де тапсырып жатады
2/3
Кәдеге жаратылатын көліктер
3/3
Мұнда кеңес заманында шығарылған көліктер көп

Бүгінде астаналықтар утилизация аймағына күн сайын 5-10 көлік әкеледі. Ал ашық есік күндері өткізілгенде бұдан да көп машина тапсырылады. Осыны кәсіпке айналдырған делдалдар да бар. Олар егде жастағы адамдарға, я болмаса, мүгедектерге көлікті тапсыруға көмектесіп жүреді. Сол үшін ақы алады. Мәселен, біреудің ескі автосын 100 000 теңгеге сатып алады да, утилизациядан 150 000 теңгенің пайдасын көреді. Ал раритетке жататын автодан бұдан да көп табыс табуға болады.

Ақылжан Уәлиев көлік иелерінің ортақ бір мінезін де байқап қалыпты. Олар көлікті утилизацияға тапсыруға әкелгенде бәрін тездетіп бітіруге тырысады. Ал келісімшарт рәсімделіп, бүйіріне нөмірі соғылғаннан кейін өз көліктерін қимай қалады. Ұзақ уақыт фотоға түседі. Рөлге отырып, "Қош бол, Қарлығашым!", - деп қоштасып жатады.

Жаңалықтар
0