Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда көлік жер астына түсіп кетті

© Photo : Руслан ОрловНұр-Сұлтанда автокөлік жер астына түсіп кетті
Нұр-Сұлтанда автокөлік жер астына түсіп кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқыс оқиға жаңа жыл түні сол жағалаудағы City Lake тұрғын үй кешенінің маңында болған, абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Елорданың сол жағалауында жеңіл автокөлік жартылай жер астына түсіп кетті.

Телеграмдағы "Астана - Что? Где? Когда?" паблигінде оқиға орнында түсірілген суреттер жарияланды.

Қалалық полициядан мәлімдегендей, оқыс оқиға туралы ақпар сәрсенбіге қараған түні сағат 01:50-де түскен. Е-30 көшесінің бойымен келе жатқан Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі кенеттен шұңқырға түсіп кетті.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Тексеріс жүріп жатыр.

"Астана Су Арнасының" баспасөз қызметі түсіндіргендей, сауда үйінің маңындағы су құбырының құдығынан су ағып, салдарынан топырақ опырылған.

Тағы оқыңыз: Ақтауда жол талғамайтын көлік жер астына түсіп кетті – жаға ұстатар видео

Жүргізуші дін аман, ешкімге шағымы жоқ. Автокөлікке де зиян келмеді. "Астана Су Арнасының" қызметкерлері ертесі күні шұңқырды топырақпен көміп тастады.

Жаңалықтар
0