Құтқарушылар тұрғындарға көмектесуге шықты

Нұр-Сұлтанда 60-қа тарта адам қар құрсауынан құтқарылды

113
Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті жедел желі ашты

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары қар құрсауынан 59 адамды құтқарды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Бүгін сағат 8.00-ден кешкі 17.15-ке дейін Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары қар құрсауынан 36 жеңіл көлік пен 1 автобусты, 1 жүк көлігін (фура), 1 тиегішті және 59 адамды құтқарды",- деп жазылған қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.  

Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті базасында жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды: 24-52-12, 24-51-71, 24-51-47. 11 техника бірлігі мен елордалық ТЖД жеке құрамының 35 маманы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимін енгізу ұсынылды 

Құтқарушылар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізеді.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД елорда тұрғындарын ауа райын бақылап, шектеу қойылған жағдайда қаладан шықпауға шақырды.

113
Кілт сөздер:
боран, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Құтқарушылар астаналықтарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Дезинсекция, архивтегі фото

"Халықты уламаңдар!": елорда әкімдігі желіде тараған видеоға түсініктеме берді

1153
Нұр-Сұлтан әкімдігі видеодағы арнайы киім киген адамдар маса мен шыбын-шіркейді улау жұмыстарын жүргізгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны түсірген видео таралып жатыр. Онда қорғаныс құралдарын киген адамдар жекеменшік үйлердің маңында жүр. Қала әкімдігі осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Stopfake.kz сайты.

Видео авторы қорғаныс құралдарын киіп жүрген адамдарды түсірген. Олар цистерналарды көлікке тиеп жатыр.

"Өздерің қорғанып, халықты улап жүрсіңдер! Халық жаулары! Түнде жасырынып келді. Сендер халықты қырып жатқан айуансыңдар! Қазақты қырып жатырсыңдар! Өздерің қазақсыңдар!", - дейді видео авторы.

Ер адам көршілерді де көмекке шақырған. Одан кейін көлікпен келген жұмысшылардан қорғаныс құралын шешуді талап етті. "Неге күндіз істемейсіңдер?", - деп сұрағанда жас жігіттер ол уақытта масаның болмайтынын айтқан. Бірақ ер адам сенбейді. Бірнеше минуттан кейін жұмысшылар көлікке мініп, кетіп қалады.    

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

"Маса мен шыбын-шіркейді улау жұмыстары видеоға түсірілген. Дезинсекциялық жұмыстарды "Столичная дезинфекция" ЖШС қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен бірлесіп жүргізіп жатыр. Зиянкестерді жою жұмыстары кезінде дезинсекторлар адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін мүлдем қауіпсіз ерітіндіні қолданады. Жұмыс түнгі уақытта және таңертең жүргізіледі", – дейді әкімдік мамандары.  

Елорда әкімдігі жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретінін еске салды.

1153
Шығыс тұрғын үй кешені

Елордалық кәсіпкер 9 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

116
Құрылыс компаниясының басшысына алаяқтық жасаған деген айып тағылды. Ол "Шығыс" тұрғын үй кешенінде құрылысы біте қоймаған нысанның пәтерлерін кепілге қойып, ЖШС-мен келісімшарт жасасқан

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Елордада тұрғын үй кешендерінің құрылысымен айналысқан кәсіпкер Сергей Котляров 9 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының отырысында прокурор осындай жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлады Хабар 24.

Сергей Котляров алаяқтық жасаған және ірі көлемде материалдық шығын келтірген деп айыпталып жатыр.

Мемлекеттік айыптаушы ұсынған нұсқа бойынша, ол "Шығыс" тұрғын үй кешенінде құрылысы біте қоймаған нысанның пәтерлерін кепілге қойып, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірімен келісімшарт жасасқан. Алайда айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр. Сот процесі әлі де жалғасады.

"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сай 1958 жылы туған Сергей Котляровты қылмыстық құқық бұзушылыққа барғаны үшін кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Мүлкін тәркілемей, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде өтеуін ұсынамын. Құрылыс саласы және үлескерлерден ақша жинау қызметімен айналысуға 5 жыл мерзімге тыйым салынсын. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тоқтатылып, дереу тұтқындалсын", - деді прокурор Дархан Қалқаманов.

116
Архивтегі фото

Жоғары балл жинаған 19 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды

0
ҰБТ бейнежазбаларының бір бөлігін егжей-тегжейлі қарап шыққаннан кейін, 19 талапкердің шпаргалка қолданғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. 19 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері 100-ден жоғары балл жинаған талапкерлердің бейнежазбасын тексереді.

Биыл ҰБТ бейнежазбаларының бір бөлігін егжей-тегжейлі қарап шыққаннан кейін, 19 талапкердің шпаргалка қолданғаны және ережені бұзғаны анықталды. Осыған байланысты олардың нәтижесі жойылды.

"Түлектеріміз өз біліміне ғана сенуі үшін осындай мұқият тексеріс жүргізіп жатырмыз. Өйткені бүгін тест тапсырып, ережені бұзған талапкердің ертең полиция қызметкері, дәрігер, мұғалім немесе судья ретінде адал маман болатынына кепілдік жоқ. Сондықтан комиссия 19 талапкердің нәтижесін жоюға шешім қабылдады", – деп атап өтті БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова.

Оның айтуынша, енді олар білім гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алмайды. Бірақ мұндай әрекет балалар тарапынан жасалғаны ескеріліп, оларға жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқу мүмкіндігі беріледі.

"Бейнежазбаларды тексеруді жалғастырамыз. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда нәтижелер, тіпті берілген гранттардың да күші жойылады", – деп түйіндеді Дидарбекова.

Оқи отырыңыз: Биылғы ҰБТ-да бір түлек қана ең жоғары ұпай жинады 

Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері өткен жылдағыдай, 145 мың талапкердің бейнежазбасын қарап шығады.  

Өткен жылы бақылау камераларынан бейнежазбаларды қарау туралы ереже енгізілген болатын. ҰБТ аяқталғаннан кейін 152 талапкердің тестілеу ережесін бұзғаны анықталып, нәтижесі жойылды. Олардың 91-і білім грантынан айырылды.

0