Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтанда мектепке Қонаевтың есімін беру ұсынылды әкім не дейді?

550
Сондай-ақ ақиық ақын, соғыс ардагері Жұбан Молдағалиевтің есімі орталық көшелердің біріне берілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Халыққа есеп беру кезінде елорада әкімі Алтай Көлгіновке мектептердің біріне Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Есеп беру жиыны кезінде Қазақстанның коммунистік халық партиясының өкілі Нұрболат Төреқожа сөз алып, өз ұсыныстарын жариялады.

"Биыл қазақ еліне еңбегін аямай төккен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 108 жыл толып отыр. Осы көшенің бойында 66-шы мектеп-лицей тұр. Сол мектепке Қонаевтың атын беруіңізді сұраймыз", - деді Төреқожа.

Осы кезде залда отырған халық қол шапалақтай бастады.

Сондай-ақ, Төреқожа биыл ақиық ақын, соғыс ардагері Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 толып отырғанын еске салып, орталық көшелерінің біріне ақынның атын беруді сұрады.

Қала әкімі Қонаев жайында ештеңе айтқан жоқ. Бірақ Жұбан Молдағалиевке бір көше беруге дайын екенін жеткізді. 

"Сіз өте жақсы сұрақтар қойдыңыз. Міне, халық та қолдап отыр. Біз соның бәрін ономастикалық комиссия арқылы шығаруды жоспарға бекітейік. Дұрыс айтасыз, биыл Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығы. Қарастырамыз", - деп атап көрсетті Көлгінов.

Тағы оқыңыз: Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы қайтыс болды

550
Кілт сөздер:
Дінмұхамед Қонаев, Алтай Көлгінов
Тақырып бойынша
"Батыр болуға тиісті азамат еді": Жұбан Молдағалиев туралы не білеміз?
Нұрғали Нүсіпжанов Дінмұхамед Қонаевтың өзіне не дегенін айтты
"Ол мені қорғап қалды" Дінмұхамед Қонаев туралы не білеміз?
Нұр-Сұлтан қаласы

2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді

317
(Жаңартылды 18:56 18.01.2021)
Елорда әкімдігі қала тұрғындары спортпен шұғылданып, демалуы үшін биыл қандай жаңа нысандар салынатыны туралы хабарлады

АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі қала көлеміндегі абаттандыру жұмыстарының жоспарын жариялап, қала тұрғындарына жайлы болу үшін 2021 жылы қандай нысандар бой көтеретінін хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, қалалық саябақтар жасыл артерияға біріктіріледі, яғни велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер жолы бірігеді. Су бетіндегі қалқымалы жағалау, скейт-парк, көше кинотеатры, жаңа қалалық жағажай, спорт павильондары салынады.

"Саябақтар мүмкіндігі шектеулі жандарды ескере отырып салынады. Жобада Есіл өзенінің бойында ұзындығы 16 километрге жуық жаяу жүргіншілер аймағы мен веложол салу көзделген, парктердің жалпы ауданы – 360 гектар. Елорданы одан әрі дамыту "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспарына енгізілген", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновпен кездесу барысында спорт федерацияларының басшылары саябақтарда спортшылар мен басқа да спортпен шұғылданатын адамдар киім ауыстырып, спорт жабдықтары мен заттарын салатын орындардың болмауы мәселесін көтерді. Осылайша, саябақтарда спорт павильондарын ашу жоспарлануда. Ол ең алдымен триатлон-паркте салынады. Онда киім ауыстыратын бөлмелер, душ және жаттықтырушылар мектебі болады.

"Нұр-Сұлтан әкімдігі 2020 жылы пандемияға қарамастан қаланы абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Жалпы алғанда 760 мың шаршы метрден астам аула абаттандырылды. Бұл – 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар). Қаланың ескі бөлігіне баса назар аударылды", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Елорданың жас тұрғындарының өтініші бойынша алғаш рет Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында көпірдің астында орналасқан скейт-алаң ашылды. Сондай-ақ, стритбол алаңы, үстел теннисі алаңы және workout аймағы бар. Биыл оқушылар сарайының жанында тағы бір скейт-парк ашылады.

Сонымен қатар президент саябағында қалқымалы тақтай жағалауы орнатылады. Ақбұлақ өзенінің жағалауы абаттандырылады, онда жаңа қалалық жағажай салынады.

"Біз қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескереміз. Тұрғындар жаяу серуендеуді, жалпы спортты жақсы көрді. Мысалы, өткен жазда алғаш рет ашылған жаңа сахна арт-кеңістігін алайық. Қазір олар қала тұрғындарының сүйікті орындарының біріне айналды. Салауатты өмір салты идеясын насихаттау өте маңызды. Біріккен парктер инклюзивті болады, яғни халықтың барлық тобының қажеттіліктері назарға алынады", - деп атап өтті урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Сонымен қатар саябақ аумағында ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

317
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда тегін білім беретін жеке мектеп ашылады
Елордада оң және сол жағалауларды жалғайтын екі көпір салынады
Нұр-Сұлтанда тағы екі базар салынады – әкім жобасын көрсетті
Нұр-Сұлтан тұрғындары

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды

166
(Жаңартылды 08:37 18.01.2021)
Ол жерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар түскен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар - Sputnik. Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды. Ол жерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар түскен. 

"Тамыз" тұрғын үй кешенінің бір кіреберісінің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды.

Оқиғаның видеосы мессенджерлерде тарап кетті.

Астаналық полиция департаменті 16 қаңтар сағат 22.03-те кешенде бомба орнатылғаны туралы қоңырау түскенін айтты. Полиция қызметкерлері 60 адамды эвакуациялады. Жарылғыш зат табылған жоқ.

"Күдікті ұсталды. Оның мас болғаны анықталды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департаментте.

166
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда 21 жастағы қыз бассейнге батып кетті
Алматыда зейнеткер полиция қызметкерлеріне шабуылдады – видео
Нұр-Сұлтанда карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды
Нұр-Сұлтанда болған жағдайдан кейін автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды
Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа түсіп кетті – видео
Архивтегі фото

Павлодар облысы әкімдігінде қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді

0
Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында екі басқарма біріктіріліп, жаңа басқармалар құрылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы біріктірілді.

"Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Павлодар облысының бизнес, өнеркәсіп және инновациялар мәселелеріне бақылау жасайды", - делінген хабарламада.

Өңірде цифрландыруды дамытумен айналысатын цифрлық технологиялар басқармасы жеке құрылымға шығарылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасында да өзгеріс болды. Бұрын бұл ведомство ветеринарияға да жауапты болса, енді онымен ветеринария басқармасы айналысады. Сонымен қатар Павлодар облысында дін істері басқармасы қайта құрылды. 

Оқи отырыңыз: 2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді 

Басқарма құрылымдары бекітілді. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады. Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды.

0