Жаяу жүргіншілер

28 наурыздан бастап балалар автобуста тегін жүреді

4262
(Жаңартылды 13:19 27.02.2020)
Нұр-Сұлтанда балалар жол жүру ақысын төлеуден босатылады. Алайда кәмелеттік жасқа толмаған балалар міндетті түрде жеңілдік картасын алуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. "City Transportation Systems" компаниясының (бұрынғы "Astana LRT" ЖШС) басшысы Бекмырза Егенбердинов жаңа тарифтік саясат туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өзіңдеріз жақсы білесіздер, қазіргі кезде 7-15 жастағы балалар жол жүру ақысының жартысын төлейді. Ал 15 жастан кейінгілер толық төлем жасайды. Бұған дейін балаларға жеңілдік жасау мәселесі талай рет көтерілді. Сондықтан біз 28 наурыздан бастап кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беруді жөн көрдік", - деді Егенбердинов қоғамдық көлікті дамытуға арналған конференцияда.

Оның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған балалар міндетті түрде жеңілдік картасын алуы тиіс. Оның бағасы – 500 теңге. Сосын валидация жасап отыру қажет. Себебі компания жолаушылар тасымалын бақылап отырады.

Оқи отырыңз: Astana LRT-ның атауы өзгерді 

Айта кетейік, бүгіннен бастап "Astana LRT" компаниясының атауы "City Transportation Systems" болып өзгерді.

Осылайша, бүгіннен бастап  "Astana LRT" ЖШС "CTS" (City Transportation Systems) компаниясы деп аталатын болды.

Журналистерге сұхбат берген компания басшысы атауды өзгерту бастамасы бұған дейін болған жемқорлық фактілеріне қатысты емес деп мәлімдеді. Егенбердинов ребрендингке кететін ақшаның сомасын атаған жоқ. Бірақ логотипті әзірлеуге 100 мың теңгенің жұмсалғанын жеткізді.

"18 жасқа дейін тегін жүру жеңілдігі қала маңайында тұратын балаларға да қатысты. Сосын бұған дейін жеңілдік алып жүрген азаматтар, олардың ішінде ардагерлер, мүгедектер, көпбалалы аналар, жалпы алты топ қала маңындағы маршруттарда ақша төлейтін. Енді 28 наурыздан бастап олардың барлығы тегін жүре алады", - деп атап көрсетті Егенбердинов.

4262
Кілт сөздер:
балалар, автобус
Тақырып бойынша
"Бізді жамандай бермеңдер": Татьяна қар тазалаушылардың жанайқайын жеткізді - видео
Аязда баланы автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмыстан қуылды
Нұр-Сұлтанда жол ақысын 200 теңгеге көтеру ұсынылды   
Автопарктердің табысы 40%-ке өскен: Нұр-Сұлтанда бір жылда не өзгерді?
Елордада 28 жастағы жігіт жолаушылар автобусын айдап кетті
Сауда және ойын-сауық орталығы

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары қашан демалыс күндері жұмыс істей бастайды

164
(Жаңартылды 18:32 27.10.2020)
Демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталығының жұмысын қалпына келтіру нысандардың барлық санитарлық норманы сақтауға дайындығына байланысты болады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен ірі сауда орталықтарының, базарлардың басшылары кездесу өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның айтуынша, елордада індет жұқтырғандар көбейген. Оған шағын және орта бизнес өкілдері мен азаматтардың карантин тәртібін өрескел бұзуы себеп.

Екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы мектепке барып оқиды 

"Профилактикалық жұмыстарға қарамастан, кәсіпкерлік субъектілері карантин тәртібін жиі бұзады, бұқаралық іс-шаралар тоқтамай тұр, мекемелердің жұмыс кестесі сақталмаған. Сонымен қатар, қалада ауру саны артып келеді. Бұл дегеніміз, біз жасыл аймақтан алшақтаймыз. Мектеп жасындағы және бір жасқа дейінгі балалар да індетке шалдығып жатыр", - деді Жанна Пірәлиева.

Негізгі қауіпсіздік ережелері сақталмаса, COVID-19-дың екінші толқыны болуы мүмкін. ШОБ өкілдері мен қала тұрғындары санитарлық нормалардың сақталуына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек.

"Әр аймақ өз деңгейінде шешім қабылдайды. Біз сондай-ақ бизнестің жұмыс істегенін қалаймыз, ол табыс және экономика екенін түсінеміз. Бірақ кәсіпкерлер өз тарапынан талаптарды орындауы керек. Кейбір сауда орталықтары маска тағу тәртібін сақтамайды және дене қызуын тексермейді. Қабылданып жатқан шараларға түсіністік танытуды сұраймыз", - деді Бақтияр Мәкен.

Жиын соңында сауда орталықтарының демалыс күндеріндегі жұмысын қайта қалпына келтіру қаладағы эпидемиологиялық жағдайға және ШОБ-тың санитарлық нормаларды сақтауына байланысты болатыны айтылды.

Демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталығының жұмысын қалпына келтіру нысандардың барлық санитарлық норманы сақтауға дайындығына байланысты. 

Әкімдік әрбір азаматтың жауапкершілігі эпидемиологиялық жағдайға әсер ететінін мәлімдеп, елордалықтарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды.

164
Кілт сөздер:
демалыс күндері, сауда орталығы
Тақырып бойынша
Қол алысуға болмайды: Павлодар облысында жаңа қаулы шықты
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Анықтама қажет: Қазақстанда жиналысқа қатысатындар үшін жаңа ереже күшіне енді
Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме әкім астаналықтарға үндеу жасады

622
Қала басшысының айтуынша, Сovid-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан — Sputnik. Елордада соңғы күндері Covid-19 ауруының өсімі байқалады, динамика тұрақсыз, деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

"Қосымша карантиндік шаралар мен шектеулерді енгізу қаланың қай "аймақта" орналасқанына байланысты. Қазір елорда "жасыл аймақта", бірақ соңғы күндері Covid-19 ауруының өсімі байқалады. Егер 19 қазанда 13 жағдай тіркелсе, 20 қазанда 29, ал 21 қазанда 15 жағдай тіркелді. Динамика тұрақсыз", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Қала басшысының айтуынша, біріншіден, Сovid-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды. Егер науқас коронавирусты бір рет жеңсе, бұл оның қауіпсіздікте екенін білдірмейді. Ғалымдар әлі күнге дейін коронавирустың қандай зардабы бар екенін анықтап жатыр.

"Екіншіден, біз кейбір дәмхана, мейрамхана мен басқа да нысандардың карантинді бұзып, коронавирустың бейберекет таралуына жағдай жасап жатқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты біз рейдтер өткізуді күшейттік, - деді Көлгінов.

Үшіншіден, төсек орындар қажет болған жағдайда, мыңдаған орынды дайындай аламыз, дегенмен бәріне бір уақытта дәрігер жетпейді, деп отыр әкім.

"Ең әлсіз топ - егде жастағы адамдар, біз оларды қорғауымыз керек. Инфекциямен күресу үшін медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмекпен, қорғаныш заттарымен қамтамасыз еттік. Соңғы уақытта қосымша 50-ден астам өкпені жасанды желдету аппаратын, 2 компьютерлік томография, өкпенің қанша процентке зақымданғанын көрсететін 7 цифрлық рентгенография жүйесін сатып алдық", - деп жазды Көлгінов.

Оның айтуынша, Еуропа елдеріндегі ірі қалалар карантинді күшейіп жатыр. Бірінші толқыннан сабақ алуымыз керек, деп түйіндеді әкім.

622
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Қазақстанда локдаун қашан енгізілуі мүмкін – Цой үш сценарийді атады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Вирус өз дегеніне көндіреді – Көлгінов кәсіпкерлерге үндеу жасады
Көлгінов былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салуға уәде берді
Сапасыз жол

Жол сапасыз салынса, қайда хабарласу керек?

0
Сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" бас директоры Замир Сағынов халықты жолдардың сапасын бірлесіп бақылауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"739-739 телефонына (Нұр-Сұлтанда - Sputnik) қоңырау шалуға болады. Бұдан бөлек, ресми сайтымыз, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз ашылған. Сол жерде жазып, арыз-шағым түсіруге болады. Біз бірден барып, жолдың сапасын тексере аламыз", - деді Сағынов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Осы орайда орталық басшысы халықты жолдың сапасын бірлесіп бақылауға үндеді. Себебі мамандар барлық жолды тексере алмайды. Ал нақты арыз-шағымдар түссе, орталық қызметкерлері сол жерге барып, зертханалық тексеру жасай алады. 

"Негізі, сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар. Мысалы, аудандық әкімдіктерді алатын болса, бір бөлімде екі-үш адам ғана жұмыс істейді. Сосын жолдың сапасы бойынша арнайы маманы жоқ. Ал арнайы маман болмағасын, құжаттар да дұрыс жасалмайды", - деп атап көрсетті Сағынов.

Оның айтуынша, бүгінде осы салада кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне баса назар аударылады. Арнайы акция басталды, жоғары оқу органдарымен бірлескен шаралар қолға алынды. Соның арқасында жас мамандардың саны біртіндеп көбейіп жатыр.

0
Кілт сөздер:
шағым, жол