Қоғамдық көлік

Нұр-Сұлтанда автобустардың жүру уақыты өзгерді 

996
(Жаңартылды 19:23 18.03.2020)
Қалалық және экспресс бағдарларда автобустар саны 20 процентке, қала маңындағы бағдарларда 32 процентке қысқарады

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Елордада қала ішінде және қала маңына қатынайтын автобустар ертеңнен бастап кешкі сағат 21.00 дейін жүреді. Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС төрағасы Бекмырза Игенбердинов  мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Автобустардың жүру уақыты қысқарады. Ертеңнен бастап қалалық, экспресс, сондай-ақ, қала маңы бағдарлары сағат 21.00-ге дейін ғана жүреді", деді Игенбердинов астанада өткен онлайн брифингте. 

Сонымен бірге, оның айтуынша, карантинға байланысты 19 наурыздан бастап жолаушылар таситын автобустардың саны 856-дан 676-ға дейін қысқарады. 

Қалалық және экспресс бағдарларда автобустар саны 20 процентке, қала маңындағы бағдарларда 32 процентке қысқарады. 

Ол автобустарды, аялдамалар мен автобус парктерін дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. 
Соңғы екі үш күнде астанадағы автобустарда жолаушылар ағыны қырық процентке азайған.

Айта кетсек, 19 наурыздан бастап Қазақстан астанасы карантинге жабылады. Қалаға көліктердің кіріп шығуы шектеледі. 

Тағы оқыңыз: Көктемгі демалыс аяқталған соң оқушылар қалай оқиды

Соңғы дерекке сүйенсек, елордада он сегіз адам коронавирус жұқтырған. Тағы он сегізі Алматы қаласында. Республика бойынша барлығы 36 пациент тіркеліп отыр. 

Түнгі 00.00-ден бастап Алматы қаласында да карантин енгізіледі. 

16 наурыздан Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды, ол 30 тәулікке созылады.

996
Кілт сөздер:
автобус, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1631)
Тақырып бойынша
 "Алты ай төлемақы алуға болады": Министр жұмыссыз қалғандарға кеңес берді
Алматы вокзалында дүрбелең: қаладан кімдер кетіп жатыр – фото
Түркістанда коронавирус жайлы ақпарат таратқан 3 адам он жылға сотталуы мүмкін
Алматы облысының тұрғындары қаладағы жұмысына бара ала ма?
Алматыда 29 базар карантинге жабылды
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

25
Жаңа өрт сөндіру депосының ғимаратында елордалық гарнизон қызметкерлері үшін жатақхана қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Елордада төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен жаңа өрт сөндіру депосының салтанатты ашылуы өтті. 

Жаңа төрт қабатты өрт сөндіру депосы Алаш ауданында салынды. Ол Байқоңыр ауданы аумағында қызмет көрсететін болады.

"Өрт сөндіру бөлімінің жалпы аумағы 4 мың шаршы метр, 6 машина орны бар. Депоның соңғы қабаттарында елордалық гарнизон қызметкерлері үшін жатақхана қарастырылған, онда 27 бөлме мен жайлы пәтер бар", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндіру депосының қызмет көрсету аймағына тіршілікті қамтамасыз ету, сауда объектілері, өнеркәсіптік базалар мен қоймалар, саяжай алаптары кіреді.​ Сонымен қатар, Ақмола гарнизонымен өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес көмек ретінде бұл бөлім Қоянды, Софиевка тұрғын үй алаптарына барады.

Пожарные машины
© Photo : МЧС РК
Өрт сөндіру көліктері

Салтанатты шара барысында Юрий Ильин мен Алтай Көлгінов гарнизонға өрт техникасы мен реанимобильдердің кілтін табыс етті. Сонымен қатар, қызметкерлерге тұрғын үй кілттері берілді. Жоғары көрсеткіштері мен кәсіпқойлығы үшін көзге түскен қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталды.

25
Астана көрінісі

Коронавирус індеті: Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіледі

96
Елорданың бас санитар дәрігері 65 жастан асқан тұрғындарға кітапхана, театр және музейлерге баруға тыйым салды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан - Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева карантинді күшейтуге қатысты қаулы шығарды.

Ол адамдар көп болатын уақыттарда автобус санын ұлғайып, қоғамдық көлікте барлық есікті ашуды тапсырды. Жексенбіде автобустар жүрмейді, жұмыс күндері таңғы 6.00-ден 23.00-ге дейін қатынайды.

Елорданың бас санитар дәрігері 65 жастан асқан тұрғындарға кітапхана, театр және музейлерге баруға тыйым салды.

Театрларға спектакльдерге баратындар саны бір уақытта 50 адамнан аспауы тиіс. 

Сондай-ақ, астанада спорттық, адам көп жиналатын шаралар, той мен митинг ұйымдастыруға болмайды.

Қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

96
Кілт сөздер:
карантин, Нұр-Сұлтан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1631)
Тақырып бойынша
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Атырау облысында карантин ұзартылды
Карантин күшейтіледі – облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Қазақстандағы COVID-19: тағы бір облыста карантин күшейтілді
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында карантин күшейтіледі
Күзгі астана

Қазақстанда 20 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 20-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

20 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09:00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде ветеринарлық, фитосанитарлық қауіпсіздік, дәрі-дәрмекпен қамту мәселелері талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарда көрсетіледі. Байланыс: 8 (7172) 75 00 10, press.kpm@mail.ru.

11.00 – Бернард Шоудың "Пигмалион" пьесасын онлайн оқу. Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы оқиды (трансляция театрдың Instagram парақшасында жасалады).

12.30 - Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында диктант жазудан халықаралық акцияға арналған Спикерлер: ғарышкер Айдын Айымбетов (диктант оқитын адам), жоба үлестірушісі Лаура Ілиясова, Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының директоры Алексей Коропченко. Байланыс үшін: +7 (747) 2207401 (WhatsApp). Трансляция Sputnik Қазақстан сайты мен YouTube-каналда жасалады.

21 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 – Мәскеу - Ереван - Минск - Нұр-Сұлтан бейнекөпірі. Іс-шара Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық кеңістіктегі COVID-19 пандемиясының таралуына және жағымсыз салдарларын жеңуге және еңсеруге арналған үздік цифрлық шешімдерге арналған Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) цифрлық бастамалар қоры конкурсының қорытындылары аясында өтеді. Бейнекөпірдің трансляциясы Sputnik.kz сайтында және біздің Facebook парақшасында қолжетімді. Спикерге қойылатын сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекен-жайына жіберуге болады.

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  
Алматы

17.00 – "Счастливые поют" музыкалық қойылымы – қос сахна саңлағы – Фрэнк Синатра мен Эдит Пиафқа арналған қойылым (Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

28 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0