Елорда тынысы

Карантин кезінде елорданың ауруханалары қалай жұмыс істейді 

© Sputnik / Абзал КалиевБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мүгедектер мен қарттарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіледі. Ал балаларға екпе салу жоспар бойынша жүргізіледі. Жүкті әйелдер де жоспарлы тәртіпте қабылданады

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова карантин уақытында ауруханалар мен емханалара қалай жұмыс істейтіні түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Барлық медицина ұйымында қатаң маска режимі енгізілді. Бұған қоса, стационарларда келушілерге тыйым салынды. Шұғыл және жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу жалғасып жатыр", - деді ол астанада өткен брифингте.

Ал емханалар штатты режимде 08.00-ден 20.00-ға дейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жұмыс істейді. 
Дәрігерге жазылу жалғасуда, УЗИ, КТГ және зертханалық анализдер тапсыру алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. 
Бұдан бөлек, қашықтықтан жоспарлы дәрігерлік консультация іске қосылады. 

Мүгедектер мен қарттарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіледі. Ал балаларға екпе салу жоспар бойынша жүргізіледі. Жүкті әйелдер де жоспарлы тәртіпте қабылданады. Амбулаторлық медициналық ұйымдарда шұғыл көмек көрсету жұмысы күшейді. 

Бұған дейін басқарма басшысы коронавирусқа шалдыққан 25 паиценттің жағдайына тоқталды. Айтуынша, барлығының жағдайы жақсы, денсаулығына шағымдары жоқ. Пациенттердің дені 30 бен 49 жас аралығында, он төрт жастағы бала да бар.

© Sputnik / Тимур БатыршинАстана мен Алматыда бекеттер орнатылды
Карантин кезінде елорданың ауруханалары қалай жұмыс істейді  - Sputnik Қазақстан
Астана мен Алматыда бекеттер орнатылды

Сондай-ақ, алдағы екі аптада қала халқын коронавирус инфекциясына экспресс тестілеу басталады.

Қазіргі уақытта елде 49 адам коронавирус жұқтырды. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында. 

16 наурызда Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол отыз тәулікке созылады.

19 наурыздан бастап астана мен Алматы карантинге жабылды. Азаматтарға қалаға кіруге немесе шығуға 22 наурызға дейін рұқсат беріліп отыр. Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.

Жаңалықтар
0