Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда 11 мамырдан кейін автобус жүруі мүмкін әкім

424
Карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін қоғамдық көліктердегі ереже өзгереді: маска тағу керек, қолғап киген жөн, деді Алтай Көлгінов

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақтанса, 11 мамырдан кейін елордада қоғамдық көліктерді жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

"Біз мемлекеттік комиссияға төтенше жағдай аяқталғаннан кейін 11 мамырда қоғамдық көлікті жүргізуді ұсынамыз. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, келісіп шешеміз. Жағдайды бақылап отырамыз", - деді Көлгінов "Астана" телеарнасындағы тікелей эфирде.

Ол төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін автобуста жаңа талаптар енгізілетінін атап өтті.

"Жүргізуші қоршалады. Қолма-қол ақшасыз төлемдер, карталар, жол жүру билеті қазір өзекті. Адамдардың байланысын азайту керек. Міндетті түрде маска киіп, антисептик алып жүру керек, мүмкіндігінше қолғап болуы тиіс", - деп атап өтті Көлгінов.

Әкім сондай-ақ автобуста фейс-бақылау арқылы жолақы төлеу жобасы пилоттық режимде жүзеге асырылып жатқанын айтты.

"Адамның жүзін есте сақтап қалатын бағдарлама бар. Камераға қарасаңыз болғаны, сізден ақша алынады. Бірақ бұл әзірге пилоттық режимде жұмыс істейді, уақыттың алдына түскім келмейді, кемшіліктер табылса, түзетеміз", - деді қала басшысы.

Оқи отырыңыз: Бас санитар дәрігер карантинді жеңілдетуге болатынын мәлімдеді 

Көлгінов халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарланып отырғанын да айта кетті.

"Жаңа талаптар енгізіледі, арақашықтық – 1,5-2 метр. Периметрін сыздық. Оны арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банктерде, дүкендерде сынап көрдік. Біз кезекте тұруды үйренуіміз керек. Бұл маңызды мәдениет", - деді ол.  

Бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін қоғамдық көліктерде міндетті түрде дезинфекция жасалатынын мәлімдеді.

424
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, автобус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (739)
Тақырып бойынша
Екі айға жуық үйде отырған астаналықтар шаштаразға лап қойды - видео
Есмағамбетова: Ұшақта ешкім науқас адамның жанында отырғысы келмейді
COVID-19 тестінен міндетті түрде өтетін тағы бір топ анықталды
4 мамырдан бастап істейтін халыққа қызмет көрсету орталығының тізімі жарияланды
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
Нұр-Сұлтан қаласы

2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді

288
(Жаңартылды 18:56 18.01.2021)
Елорда әкімдігі қала тұрғындары спортпен шұғылданып, демалуы үшін биыл қандай жаңа нысандар салынатыны туралы хабарлады

АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі қала көлеміндегі абаттандыру жұмыстарының жоспарын жариялап, қала тұрғындарына жайлы болу үшін 2021 жылы қандай нысандар бой көтеретінін хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, қалалық саябақтар жасыл артерияға біріктіріледі, яғни велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер жолы бірігеді. Су бетіндегі қалқымалы жағалау, скейт-парк, көше кинотеатры, жаңа қалалық жағажай, спорт павильондары салынады.

"Саябақтар мүмкіндігі шектеулі жандарды ескере отырып салынады. Жобада Есіл өзенінің бойында ұзындығы 16 километрге жуық жаяу жүргіншілер аймағы мен веложол салу көзделген, парктердің жалпы ауданы – 360 гектар. Елорданы одан әрі дамыту "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспарына енгізілген", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновпен кездесу барысында спорт федерацияларының басшылары саябақтарда спортшылар мен басқа да спортпен шұғылданатын адамдар киім ауыстырып, спорт жабдықтары мен заттарын салатын орындардың болмауы мәселесін көтерді. Осылайша, саябақтарда спорт павильондарын ашу жоспарлануда. Ол ең алдымен триатлон-паркте салынады. Онда киім ауыстыратын бөлмелер, душ және жаттықтырушылар мектебі болады.

"Нұр-Сұлтан әкімдігі 2020 жылы пандемияға қарамастан қаланы абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Жалпы алғанда 760 мың шаршы метрден астам аула абаттандырылды. Бұл – 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар). Қаланың ескі бөлігіне баса назар аударылды", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Елорданың жас тұрғындарының өтініші бойынша алғаш рет Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында көпірдің астында орналасқан скейт-алаң ашылды. Сондай-ақ, стритбол алаңы, үстел теннисі алаңы және workout аймағы бар. Биыл оқушылар сарайының жанында тағы бір скейт-парк ашылады.

Сонымен қатар президент саябағында қалқымалы тақтай жағалауы орнатылады. Ақбұлақ өзенінің жағалауы абаттандырылады, онда жаңа қалалық жағажай салынады.

"Біз қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескереміз. Тұрғындар жаяу серуендеуді, жалпы спортты жақсы көрді. Мысалы, өткен жазда алғаш рет ашылған жаңа сахна арт-кеңістігін алайық. Қазір олар қала тұрғындарының сүйікті орындарының біріне айналды. Салауатты өмір салты идеясын насихаттау өте маңызды. Біріккен парктер инклюзивті болады, яғни халықтың барлық тобының қажеттіліктері назарға алынады", - деп атап өтті урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Сонымен қатар саябақ аумағында ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

288
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда тегін білім беретін жеке мектеп ашылады
Елордада оң және сол жағалауларды жалғайтын екі көпір салынады
Нұр-Сұлтанда тағы екі базар салынады – әкім жобасын көрсетті
Нұр-Сұлтан тұрғындары

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды

163
(Жаңартылды 08:37 18.01.2021)
Ол жерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар түскен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар - Sputnik. Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды. Ол жерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар түскен. 

"Тамыз" тұрғын үй кешенінің бір кіреберісінің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды.

Оқиғаның видеосы мессенджерлерде тарап кетті.

Астаналық полиция департаменті 16 қаңтар сағат 22.03-те кешенде бомба орнатылғаны туралы қоңырау түскенін айтты. Полиция қызметкерлері 60 адамды эвакуациялады. Жарылғыш зат табылған жоқ.

"Күдікті ұсталды. Оның мас болғаны анықталды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департаментте.

163
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда 21 жастағы қыз бассейнге батып кетті
Алматыда зейнеткер полиция қызметкерлеріне шабуылдады – видео
Нұр-Сұлтанда карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды
Нұр-Сұлтанда болған жағдайдан кейін автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды
Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа түсіп кетті – видео
Спутник V вакцинасы

Еуропалық басылым "Спутник V" вакцинасына қолдау білдірді

0
АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ, деп жазды "Monde diplomatique"француз газеті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ресей коронавирус пандемиясын бәсеңдетуге қабілетті препарат әзірледі. Батыс ресейлік ғылымды қаралаудан танар емес, деп жазды "Monde diplomatique"француз газетінің Испаниядағы өкілдігі.  

Мақала авторы Федерико Кусконың пікірінше, Батыс орыстың ғылыми дәстүрін білмегендіктен, "Спутник V" вакцинасына немқұрайлы қарап, сенбеді.

"Тілдік, мәдени пен саяси айырмашылықтан туындаған бұл білімсіздік ресейлік бастамаға күдікпен қарауға себеп болып отыр", - деді журналист.  

Ол препаратты әзірлеу Ресейдегі ғылыми дамудың бүкіл тарихи тізбегінің нәтижесі екенін баса айтты. Алайда, оның пікірінше, батыстықтар көп жыл бойы Ресейдің ғылыми жетістіктерін жоққа шығарып келді де, енді вакцина ойлап табу туралы хабарландыруға таңғалуда.

"Фармацевтикалық зертханалары дәрі-дәрмекке удай қымбат баға белгілейтін АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ", - деді Куско.

Кусконың пікірінше, шамамен 50 жыл өткен соң қазір әлемнің түрлі еліне таралып жатқан "Спутник V" вакцинасына қатысты күдік ешкімнің есіне түспейді.

 

0
Тақырып бойынша
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
2021 жылы коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады
Министрлік отандық вакцинаға уақытша тіркеу куәлігін берді
Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр
Ресейде коронавирустан жаппай вакцинациялау басталғалы жатыр