Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда орталық базар ашылды

© Photo : Tobias LindnerЭскалатор, архивное фото
Эскалатор, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордадағы орталық базар мен қонақ үйлер екі ай карантиннен кейін жұмысына кірісті. Әр екі сағат сайын дымқыл тазалау жүргізіледі

АЛМАТЫ, 18 мамыр –Sputnik. Астаналық әкімдік санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесе қаладағы ірі базарды тексеріп, бұрынғы режим бойынша жұмыс істеуге рұқсат берді, деп хабарланды әкімдік сайтында.

"Дайындық жоғары. Барлық базар антисептик, маскамен қамтылған, логистика ұйымдастырылған. Базар басшылығы санитарлық норманың сақталуына бақылау жүргізіп жатыр. Бақылау жалғасады", - деді қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев.

Орталық базардың әрбір дүкенінде антисептиктердің болуымен қатар, әр екі сағат сайын дымқыл тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Central Market сауда орталығы дүйсенбі күні ашылды, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
Нұр-Сұлтанда қонақ үйлер жұмысы қайта жанданды

Елорда әкімдігінің қызметкерлері қонақ үйлердің қонақтарды қабылдауға деген дайындығын тексерді.
Олардың айтуынша, қонақ үйлерде санитарлық қорғау шаралары қабылданып жатыр.

"Қонақ үйлерді аралап көрдім, дайындық жұмыстары қонақ үйлердің келушілерді қабылдауға дайын екенін, эпидемияға қарсы барлық іс-шара ұйымдастырылғанын көрсетті. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талап сақталады", - деп атап өтті Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева.

Еске сала кетсек,18 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда қоғамдық тамақтану нысандары ашылды, жазда отыруға арналған орындарды есептегенде, келушілердің жалпы саны 50 адамнан аспауы қажет. Бұдан басқа қалада балабақшалардың, балалар түзету кабинеттерінің (тек жеке сабақтар үшін),  азық-түлік сатпайтын базарлар мен сауда үйлерінің жұмысы басталды.

Жаңалықтар
0