Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды

© Photo : РixabayЖолдағы белгі
Жолдағы белгі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ, жүргізушіге химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды, анықтау жұмыстары жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Елордада жеңіл көлік жүргізушісі жарық бағанын құлатып, аялдама кешеніне соғылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 30 мамыр таңертең Момышұлы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында болды.

"Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жарық бағанын құлатып, кейін аялдамаға соғылды", - деп мәлімдеді полициядан.

Абырой болғанда, аялдама дәл сол сәтте бос болған, зардап шеккендер жоқ.

© Photo : Polisia.kzКроссовер аялдамаға соғылды
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды - Sputnik Қазақстан
Кроссовер аялдамаға соғылды

Жүргізушіге химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Жұма, 29 мамырда, Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан еді.

Жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, "МАН" маркалы бағдарлы автобуспен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан автобус салонындағы 13 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Екі адамның сүйегі сынған, қалғандары түрлі дәрежеде жарақат алды.

Жаңалықтар
0