Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 23 маусымнан бастап барлық балабақша жабылады

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балабақшалар жұмысының қайта жандануы қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Мұндай шешімді қаланың санитар дәрігері қабылдады

АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 23 маусымнан бастап барлық балабақша жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Мұндай шешімді қаланың санитар дәрігері Жанна Пірәлиева қабылдады. 23 маусымда қаладағы барлық балабақша мемлекеттік және жеке меншік болуына қарамастан жұмысын тоқтатады.

"Бұрын балалар санын бір топта 15 адамнан асырмау тәртібімен балабақшалар кезекші топтарда жұмыс істеді. Эпидемиологиялық жағдайды және тәрбиешілердің COVID-19 жұқтыру фактілерін ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды", - делінген әкімдік ақпаратында.

Ал баланың жанында үйде қарайтын ешкім болмаса, ата-анасының бірі қашықтан жұмыс істеуге ауысуы қажет.

"Карантин кезеңінде балалардың жалпы санының тек 20%-і балабақшаға барды. Қабылданған шаралар тек балалардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған", - делінген ақпаратта.

Балабақшалар жұмысының қайта жандануы қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны 17 732 адамға жетті, 10 897 адам жазылып шықты, 120 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0