Елорда тынысы

"Кім емдейді?": Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады

© REUTERS / Aly Song Медицинские работники в международном аэропорту Ухань-Тяньхэ, Китай
 Медицинские работники в международном аэропорту Ухань-Тяньхэ, Китай  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкім жедел жәрдем станциясының жұмысынан мысал келтірді. Шақыртулар 1 мыңнан 4 мыңға дейін көбейіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Елорда басшысы Алтай Көлгінов астанадағы коронавирус инфекциясына байланысты үндеу жасады. Әкім қазір дәрігерлер індетпен күресу үшін күн демей, түн демей еңбектеніп жатқанын айтты. Алайда оларға тұрғындардың көмегі қажет деді. 

"Дәрігерлерге көмектесу үшін баршаңызды бір ғана дұрыс таңдау жасауға шақырамыз. Себебі медицина қызметкерлеріне дәл қазір біздің көмегіміз ауадай қажет. Түсініңіздер, дәл қазіргі сәтте олардың арқасына артылған ауыр жүкті ештеңемен салыстыруға келмейді", - деп жазды әкім Facebook парақшасында.

Ол бүгінде бірнеше бас дәрігер, жансақтау бөлімінің меңгерушісі және алғашқы күннен бері күресте жүрген тағы басқа медицина қызметкерлерінің өздері ауырып қалғанын жеткізді. Пандемия басталған тұста 1 ғана стационар болса, қазір олардың саны 12-ге жетті. Зертхана да біреу ғана еді, қазір 8-і жұмыс істеп тұр. Көлгіновтің айтуынша, бас кезінде 300 адамға дейін сынама тапсыра алса, қазір күніне 5,5 мың адамға ПЦР тест жасалады.

"Қазіргі жағдайға қарасақ, бұның өзі жеткіліксіз. Инфекция жұқтырғандардың саны көбейе беретін болса, біз амалсыздан ірі спорт нысандарын стационар етіп әзірлейміз. Науқастарға орын табылар, бірақ, оларды кім емдейді? Мемлекет жүздеген, мыңдаған төсек орынмен де, медицина құрылғыларымен де қамтамасыз ете алады. Бірақ оның бәріне оқыған маман, дәрігерлерді қайдан табамыз?", -деді қала басшысы.

Әкім жедел жәрдем станциясының жұмысынан мысал келтірді. Шақыртулар 1 мыңнан 4 мыңға дейін көбейген.

"Осы аптаның ішінде бір күнде 4 300 қоңырау түсті. Жедел жәрдем станциясының базасында құрылған колл-орталық сол ауыртпалықтың бір бөлігін көтеріп келеді. Сонымен қатар телеграм-бот ашып, тұрғындардың жедел көмек шақыруына жағдай жасалды. Жедел-жәрдем бригадаларының санын 150-ге дейін көбейттік", -деді Көлгінов.

Әрбір бекітілген емхана бойынша компьютер томографиясын түсіру жөнінде бірнеше республикалық клиникамен келісім жасалған. Компьютер томографиясын жасау пневмонияны бастапқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді.

 

Жаңалықтар
0