Алтай Көлгінов

Көлгінов тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесетінін айтты

104
(Жаңартылды 15:35 17.07.2020)
Нұр-Сұлтан әкімдігі азаматтарды қабылдау үшін электронды карталардың пилоттық жүйесін іске қосты. Жүйе тұрғындар өтінімдерінің орындалу барысын көруге және қадағалауға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Астана әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын онлайн форматта қабылдады. Азаматтар әлеуметтік баспана, медициналық көмек, жұмысқа орналасу, қосымша білім алу бойынша сауалдар қойды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан әкімдігі азаматтарды қабылдау үшін электронды карталардың пилоттық жүйесін іске қосты. Жүйе тұрғындар өтінімдерінің орындалу барысын көруге және қадағалауға мүмкіндік береді. 

Онлайн қабылдау барысында аналар жұмысқа орналасу және бизнес бастау бойынша өтінім білдірді.
Елорда әкімі әкімдік әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтуға көмек беретінін айтты.

"Біздің міндетіміз – жұмысқа орналасу және қосымша білім алуға көмектесу. Еңбек ету керек. Бұл болашақта жеке бизнес ашуға және бірден бірнеше тұрғын үй бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді", - деді елорда әкімі.

Айта кетейік, мемлекет басшысының "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына көшу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында елорда әкімі биыл 500-ден аса адамды қабылдады.

104
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, тұрғындар, жұмыс
Тақырып бойынша
Алтай Көлгінов отставкаға кетуі тиіс пе – агенттік жауап берді
42 500 теңге: өтінім сайт арқылы неге қабылданбай жатыр
Мүфтият құрбандық шалудың тағы бір жолы туралы айтты
Мамин Минск қаласына не үшін барғаны белгілі болды - видео
"Қоңыраулар саны азайды" – Алтай Көлгінов карантиннің пайдасы туралы
Лифт кабиналары

Лифтіге кірген астаналықтың ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды

1825
Оқиға Сарыарқа ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде болған. Жігіт полиция бөлімшесінде видео арқылы қала тұрғындарынан кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Елорда полициясы лифт есігіне бірнеше рет түкірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода үш жігіттің лифтіге кіргенін көруге болады. Ортада тұрған біреуі тоқтамай, есікке түкіре бастайды. Ал лифт ашылғаннан кейін бәрі күле бастайды. Жейде киген біреуі сол үйде тұратын адамға ұқсайды. Видео анықтамасында "Нұр-Сұлтан, Медина тұрғын үйі" деп көрсетілген.
Қалалық полиция департаменті осы оқиғаның астанада болғанын растады.

"25 қараша түнгі уақытта үш жігіт Сарыарқа ауданындағы Ақан сері көшесінің бойында орналасқан "Медина" тұрғын үй кешенінде үш жігіт лифтіге кірген. Біреуі есіктің ойығына түкіре бастады. Ол 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты", - дейді полицейлер.

Жас жігіт әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша жауапқа тартылды. Оған сәйкес, 5 айлық есептiк көрсеткiш (14 585 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Бұзақы мас болған. Сол үшін тағы 14 585 теңгенің айыппұлын арқалады. Ол полиция бөлімшесінде видео арқылы қала тұрғындарынан кешірім сұрады.

1825
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда лифтіде дәрет сындырған әйелдің кім екені белгілі болды
Өскеменде лифтіде қайғылы жағдай болды
"Тәлтіректеп әрең тұр" Алматыда лифтіде болған трагедияның мән-жайы анықталды
Шымкентте лифтіде әйелді қатыгездікпен өлтірді: қаскөй сот алдына келді
Алматыда лифтіде ойран салған ер адам анықталды – видео
Астана көшесі

Шенеунік астанадағы қалың қар жайлы: жұмысқа әдеттегіден ұзағырақ жеттім

57
(Жаңартылды 13:46 25.11.2021)
Бейсенбі, 25 қараша Сұлтанғазиев парламент сенатының жалпы отырысына қатысты. Отырыс сағат онда басталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев журналистерге елорда жолдарындағы жағдай өзінің жұмыс кестесіне қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бейсенбі, 25 қараша Сұлтанғазиев парламент сенатының жалпы отырысына қатысты. Отырыс сағат онда басталды. Сенат кулуарында журналистер шенеуніктен бүгін таңертең жұмысқа қалай жеткенін сұрады.

"Бүгін жұмысқа әдеттегіден ұзағырақ жеттім. Кептеліс бар. Біз де сіздер жүрген жолмен жүреміз ғой. Мен әдетте таңғы сегізде жұмыста боламын. Бірақ бүгін 08:20-да жеттім", - деп жауап берді вице-министр.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері одан астананың коммуналдық қызметінің жұмысына баға беруді сұрады.

"Мен баға беретіндей уәкілетті тұлға емеспін, тек қала тұрғыны ретінде бүгін 20 минут ұзағырақ жүргенімді айта аламын. Екі тәулік бойы түскен қар олардың жұмысына әсер еткен шығар. Бұл қалыпты жағдай емес, мұны түсіну керек. Ал тағы бір апта қар жауса, кептелісте ұзағырақ тұрамыз, жұмысқа ертерек шығамыз, ештеңе етпейді", - деп атап өтті шенеунік.

Бүгін, 25 қарашада Нұр-Сұлтанда қалың қар жауып, көлік қозғалысы қиындады. Астаналықтардың көбі таңертең жұмысына кешігіп қалды. Автобустар да уақытынан кешікті, ал такси бағасы 3-4 есеге шарықтап кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

57
Кілт сөздер:
шенеунік, Астана, жұмыс, қар
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады
Астана қалың қардың астында қалды – видео
Елорда әуежайы қалың қарға байланысты уақытша жабылды
Нұр-Сұлтанда кейбір сынып оқушылары үшін сабақ болмайды
Вице-министр мобильді аударымдар қалай тексерілетінін айтты
коронавирус

Оқушыларды ата-ана келісімінсіз вакциналау туралы бұйрық шыққаны рас па

0
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде тараған күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желілерде 1-11 сынып оқушыларын ата-ана келісімінсіз COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы бұйрық шыққаны туралы хабарлама тарады. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды StopFake.

Ведомствоның хабарлауынша, мұндай бұйрық ешқашан болмаған.

"Осы жарияланымға қатысты кез келген профилактикалық егу, соның ішінде коронавирусқа қарсы вакциналау да ата-аналардың ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізілетінін хабарлаймыз. Вакциналауға жататын жасөспірімдердің тізімін жоспарлау және жасау процесінде келісім алдын ала жиналады. Осыған байланысты алдын ала жасалған тізім бойынша вакциналауға ата-анасы қол қойған келісімі бар балалар және ата-анасының қатысуымен ғана екпе салдыруға шақырылады", – деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Оқи отырыңыз: Цой ақылы вакцинация қашан басталатынын айтты

Оның айтуынша, мектептерде мәжбүрлі вакциналау жүргізіліп жатқан жоқ. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің № 36 қаулысына сәйкес оқу мекемелерінде күн сайын кіру кезінде тексеру жүргізіледі. Мектептің барлық қызметкері термометриядан өтіп, кіреберісте қолын санитайзермен өңдеуге міндетті. Сабақ кестесі оқушылар бір-бірімен барынша аз байланыста болатындай етіп жасалады.

Ержан Байтанаев қазақстандықтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырды. Шынайы ақпарат алу үшін комитеттің ресми интернет-ресурсына, "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК" телеграмм-арнасы сияқты ресми дереккөздерге және Facebook, Instagram және YouTube әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарға жүгінуге немесе комитетке жазбаша сауал жолдауға болады.

0