Карантин кезіндегі астана

Нұр-Сұлтанда карантинді ұзартуға қатысты қаулы шықты

4395
(Жаңартылды 16:20 19.07.2020)
Әкімдікке, тиісті басқармалар, мемлекеттік органдарға және кәсіпорындарға қажетті шараларды қамтамасыз ету тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Елордадағы қатаң шектеу карантиндік шаралары ұзартылады.  Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында айтылған.

"2020 жылдың 19 шілдесіндегі сағат 00.00-ден бастап 2020 жылдың 2 тамыздағы сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу карантиндік шаралары ұзартылсын", - деп жазылған қаулыда.

Әкімдікке, тиісті басқармалар, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кәсіпорындарға, кәсіпкерлік
субъектілеріне келесі шараларды қамтамасыз ету тапсырылды:

  • барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80% - ын қашықтықтан жұмыс атқару түріне ауыстыруды;
  • сауда орталықтарында, таксиде, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда, дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді;
  • ХҚКО жұмысын ұйымдастыру, алдын ала кезекті Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 арқылы
    брондаумен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен, Call орталықтарының жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері тыйым салынсын;
  • жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін 13.00-ге дейін белгілей отырып, тек көтерме азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) жұмысын ұйымдастыруды;
  • жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін белгілей отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін деп жазылған қаулыда.
4395
Кілт сөздер:
карантин, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды
Жұмыс берушілерден 42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан әкімдігі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
Нұр-Сұлтанда 23.00-ден кейін жүруге болмайды – әкімдік ақпаратты жоққа шығарды
Елорда тұрғындарына Құрбан айтта мал союға рұқсат етіле ме
Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс уақыты өзгереді

323
(Жаңартылды 18:16 22.06.2021)
Ведомствоаралық комиссия денсаулық сақтау министрлігінің елордада шектеу шараларын күшейтуге қатысты ұсыныстарын қолдады

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирустың "үнді" штаммының табылуына байланысты карантиндік шектеулер күшейтіледі.

Сауда орталықтары мен базарлар

Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес тауарларды сататын сауда желілері жұмыс күндері 17:00-ге дейін ашық болады. Сенбі және жексенбі күндері, осы нысандарда COVID-19-ға қарсы вакциналау пунктерінің орналасқанына қарамастан, жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Сонымен қатар, жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысы 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі. Сенбі-жексенбі жұмыс істемейді.

Қоғамдық тамақтану орындары

Ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамхана, дәмхана, бар, асхана) жұмыс күндері таңғы 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін істейді. Демалыс күндері жабық болады. Ал ашық ауада орналасқан нысандар ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) кешкі 22.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Бұқаралық шаралар

Ашық ауада өткізілетін бұқаралық шараларға (спорттық, діни және тағы басқа) 100 адамнан артық қатысуға тыйым салынады.

Бүгін, 22 маусымда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда Нұр-Сұлтанда "үнді" штаммының таралуына байланысты карантин режимін күшейту мәселесі қаралды. ВАК денсаулық сақтау министрлігінің астанада шектеу шараларын күшейтуге қатысты ұсыныстарын қолдады. Жаңа шектеулердің қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз. 

323
Кілт сөздер:
шектеу, карантин, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
дизель отыны

Елорданың екі тұрғыны 70 тоннадан астам дизель отынын заңсыз сатқан

189
Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды жанар-жағармай материалдарын күмәнді орындардан сатып алудан бас тартуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Елорданың екі тұрғыны 14 миллион теңгеге дизель отынын заңсыз сатқан, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінің баспсасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті елорда аумағында дизель отынын заңсыз сату дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады. Нәтижесінде департамент қызметкерлері елорданың екі тұрғыны 14 миллионнан астам теңгеге 70 тоннадан астам дизель отынын заңсыз тасымалдап, сатқанын анықтады.

Өнімді сату барысында оның қайда шығарылғанын растайтын құжаты болмаған. Қылмысты ұйымдастырушылар шартты түрде 3 жылға сотталды.

Сондай-ақ қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды жанар-жағармай материалдарын күмәнді орындардан сатып алудан бас тартуға шақырды.

"Автомобильге жанармай құю станциясының заңсыз жұмысы, соның ішінде заңсыз сатылған дизель отыны жоғары өрт қаупі бар объекті саналады және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіреді", - деп хабарлады агенттік.

Қаржы мониторингі агенттігі жанар-жағармай материалдарын заңсыз сату дерегі анықталған жағдайда +7 (7172) 70-84-78 сенім телефонына немесе әлеуметтік желілердегі ресми аккаунт арқылы хабарласуды сұрайды.

189
Абылай Балапанов

Мемлекет басшысы алматылық студентті марапаттады

0
Өзгенің өмірі үшін өз басын қатерге тіккен студент Абылай Балапанов құрмет грамотасымен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақта тоққа түскен адамдарды құтқарған студент Абылай Балапановты құрмет грамотасымен марапаттады.

"Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.

Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кішкентай қазақстандықты құтқарған түрік дәрігерін марапаттады

Естеріңізге салсақ, Алматыда 19 маусымда субұрқақтардың бірінде екі қыз бен бір ересек адамды тоқ соқты. Оларды құтқарғандардың бірі – алматылық 19 жастағы Абылай Балапанов. Ол Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті. 

"Орындықта кітап оқып отырған едім. Бір кезде "помогите" деген дауыс шықты, көмекке шақырды. Артыма қарасам, сол маңға он шақты адам жиналып қалыпты. "Не болды?" деп жүгіріп бардым. Барсам, субұрқақтың ішінде адам бетімен жатыр. Екі кішкентай қыз бен бір әйел кісі етбетімен суға жабысып қалған екен", - дейді Абылай.

Айтуынша, ол бірінші қыздың анасын судан шығарған. Өзін тоқ соққанына қарамастан екінші рет жасөспірімді шығаруға ұмтылған.

"Анасын қалай құтқарғаным есімде. Суға түстім, бірден аяқтан жамбасқа дейін тоқ ұрды. Бірақ қатты ұрған жоқ. Содан анасының қолынан ұстап, шығарып алдым. Қызын құтқаруға барған кезде тоқ біріншіге қарағанда қатты ұрды. Тоқ ұрды да, суға құлап түстім. Денемді толық тоқ ұрып жатты. Субұрқақ тоқтаған кезде жиегіне барып отырдым. Сол кезде қасыма 40-50 жастағы үлкен аға келді де, "тоқ ұра ма?" деп сұрады. "Иә" дедім. Сол кісі ақырындап суға түсті де қызды аяғынан тартып шығарып алды", - деді Абылай оқиғаның қалай болғаны жайлы.

Абылай тоқ соққан әйелдің қызын құтқарған ер адам туралы ештеңе білмейтінін айтты.

"Екінші қыз есін біліп, жылап тұрды. Ол қыздың қолын тоқ соққан", - деді Абылай.

Субұрқақтағы келеңсіз жағдай

Алматыда сенбіде әйел мен екі қызды субұрқақ ішінде тоқ соқты. Субұрқақ жанында балаларымен бірге отырған Үкілай Бестай есімді алматылық оқиға орнынан кадрларды жариялады. Оның айтуынша, екі қызды электр тогы ұрған. Оларды шығарамын деп барған қыздардың біреуінің анасы да темірге жабысып қалған.

"Мен сияқты суға түсуге көп адамның жүрегі дауаламады. Сол кезде осы Абылай деген жігіт өзін тоқ соғып жатса да, кезек-кезек оларды судан шығарды", - дейді видео авторы.

Оның сөзінше, аман қалған қыздардың бірі Талдықорғаннан келген, анасының құрбысы лагерьден алып 4 баланы қыдыртып жүрген екен.

Кейіннен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қыздардың жағдайы жақсы екенін, ал әйелдің жансақтау бөлімінде жатқанын, жағдайының ауыр екенін мәлімдеді.

0