Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады

92
(Жаңартылды 11:29 27.07.2020)
Жолда кептеліс болмау үшін көлік жүргізушілері жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлады елорда әкімдігі

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше мен көпір жабылады.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бірнеше көшеде жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр:   

  • 26 шілде мен 1 тамыз аралығында Амман көшесі бойымен Шарль де Голль көшесінен Ж.Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде, Шарль де Голль көшесі бойымен Амман көшесінен А. Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде;
  • 26-30 шілде аралығында Рақымжан Дүйсенбаев көшесі бойымен Аспара көшесінен Герценге дейін;
  • 26-31 шілде аралығында Шарль де Голль көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскедегі М2 (Амман көшесі-Мәңгілік Ел даңғылы) көпірінің құрылысы бойынша жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Осыған байланысты көлік жүргізушілері жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

92
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, көше, көпір
Баланың сұлбасы, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда екі оқушы үш күннен бері табылмай жатыр

25
(Жаңартылды 20:48 30.07.2021)
Жоғалған балаларды іздеуге еріктілер қосылды. Адамдар әлеуметтік желіде ақпарат таратып, куәгерлерді іздестіруде

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде - Sputnik. Нұр-Сұлтанда полицейлер екі ұл баланы үш күннен бері іздеп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от volonteri_dobroi_voli (@volonteri_dobroi_voli)

Елорда полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшыларына балалардың жоғалып кеткені туралы ақпарат 28 шілдеде сағат 22:50 -де түскен.  

"11 және 9 жастағы балалар Севастопольский тұйық көшесінде орналасқан үйдің ауласынан белгісіз бағытта шығып кеткен. Осы уақытқа дейін олардың қайда екені белгісіз. Анасы балалар жоғалған күннің ертеңінде полицияға хабар берген", - деп атап өтті елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаментінің жеке құрамы кәмелетке толмаған балалардың жүрген жерін анықтауға бағытталған іздеу және тексеру іс-шаралар кешенін қолға алды.

Полицейлер еріктілермен бірге балалар жоғалған аумақта үйлерді, кіреберістерді, жертөлелерді, шатырларды, аулаларды, дүкендер мен кәріз құдықтарын тексеріп жатыр.

25
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында үлестірілетін жүлделер саны артты

52
Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцина салдырғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында ойнатылатын жүлделер саны артты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші ұтыс ойыны 31 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

"Төртінші ұтыс ойынына 24 шілде мен 30 шілде аралығында вакциналанғандар қатысады. Бұл ұтыс ойынына медициналық мекемелердегі, СОО/СҮ-дегі вакциналаудың барлық пункті қатысады. Ұтыс ойынына қатысу автоматты, құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ", - делінген хабарламада.

Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцина салдырғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына "Абу Даби Плаза", "Керуен", "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталықтарында және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакцина алған адамдар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді.

IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын әкімдік апта сайын жаздың соңына дейін өткізеді.

Birge платформасында  ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцина салдырғандардың ID нөмірі арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Елордада екі бөлмелі пәтер ұтысқа тігілді

Айта кетейік, елордада вакцина алғандар арасында екі бөлмелі пәтер де ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакциналаудың барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО-лар және сауда үйлері. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Сондай-ақ "MEGA Silk Way" СОО вакциналау пунктінде вакцинаның  бірінші компонентін алғандар арасында автокөлік ұтыс ойыны өтеді.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-тен асуы керек.

52
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Барымташылар. Уақыт жолдары фильмінің кадры

Қазақстандық фильм Францияда көрсетіле бастады

0
Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың фильмі Францияның 20 қаласында көрсетіледі. Қазақстанда бұл кино қыркүйекте үлкен экраннан көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі 29 шілдеден бастап франциялық көрерменнің назарына ұсынылды және ол 20-дан астам қалада көрсетіледі, деп жазды Қазақфильм Instagram парақшасында.

"Бұл мен үшін өте қызықты және қуанышты жағдай. Жапон режиссерімен бірге түсірілген фильм әлемдік кинематограф отанында көрсетіледі. Мұндай айтулы оқиға менің өмірімде бірінші рет болып тұр", - деді туынды режиссерлерінің бірі Ерлан Нұрмұхамбетов.

Сонымен қатар фильмнің екінші режиссері – жапон Лиза Такабэ. Басты рөлдерді Самал Еслямова, Адия Мусина, Мираи Морияма және тағы басқалар сомдаған. Ерлан Нұрмұхамбетов сондай-ақ сценарий авторы екенін де атап өту керек.

"Қазақфильм" мен "Tokyo New Cinema" жапон компаниясы бірлесіп түсірген "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі барымташылардың бір үйдің отағасын өлтіруі салдарынан басына күн туған отбасының бастан кешірген оқиғасын баяндайды. Әкесінің өліміне қабырғасы қайысқан 12 жастағы Олжас өзінің және кішкентай қарындастарының басына түскен сынаққа төтеп беруге мәжбүр болады. Алайда үміт үзілген шақта бейтаныс біреу оларға көмектесе бастайды.

Аталған фильм осы жылдың қыркүйегінде отандық кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.

0