Елорда тынысы

Елордада оң және сол жағалауларды жалғайтын екі көпір салынады

© Sputnik / Владислав ВодневНур-Султан, виды города, мосты через реку Есиль
Нур-Султан, виды города, мосты через реку Есиль - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласында Есіл өзені мен Нұра – Есіл каналы арқылы өтетін екі көпір салынады, деп атап өтті елорда әкімі

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Сондай-ақ көшелерге артылған шамадан тыс жүктемені азайту үшін жолайрықтар, көпірлер мен өткелдер салынып жатыр. Осы жылы жоспарланған жол жұмыстарының 70%-і елді мекендерде жүргізіледі.  

"Nova City аумағында, №39 (Тәуелсіздік) көшесінен бастап №27 көшесінің бір бөлігінде жол саламыз. Бұл көше әуежай мен "Тельман" елді мекеніне қарасты жолды жалғауға мүмкіндік береді. Елді мекен тұрғындарының қалаға жол жүру уақыты едәуір қысқарады", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.  

Сонымен қатар, салынған жол Мәңгілік Ел және Ұлы Дала даңғылдарындағы жүктемені азайтады.

"Осы жаңа көшеден Есіл өзені мен Нұра – Есіл каналы арқылы өтетін екі көпір болады, қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Көпірлер оң және сол жағалауды жалғап, қаланың екі бөлігін айналма етуге мүмкіндік береді", - деп толықтырды қала басшысы.  

Алтай Көлгінов тұрғындармен кездесу, азаматтарды қабылдау және есеп беру кездесулерінде қала тұрғындары жолдарды асфальттау мәселесін көтергенін атап өтті.

"Қайта жөндейсіздер": Көлгінов жол салушыларға ескерту жасады

"Біз барлық ұсынысты жинап, кесте құрдық, дайындық жұмыстарын жүргіздік. Биыл жөнделіп жатқан жолдар бірнеше критерий бойынша таңдалды: бұрын асфальт болмаған жолдарды таңдадық. Мұндай жолдардың көбі елді мекендерде орналасқан", - деп атап өтті Көлгінов.

"Сапасыз жолдарды қабылдамаймыз. Жол сапасыз болған жағдайда мердігерлер өз есебінен жолды қайта салады", - деп түйіндеді елорда әкімі.

Жаңалықтар
0