Қоғамдық көлік

Ертең Нұр-Сұлтанда автобустар жүрмейді

743
Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктерде ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. 23 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің қозғалысы уақытша тоқтайды. Бұл туралы  City Transportation Systems компаниясы хабарлады.

"Жексенбі күні, 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылады. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктерде ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - делінген компанияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.

24 тамыз, дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік қалыпты жұмыс режиміне көшеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда демалыс күндері карантин күшейтіледі: қандай нысандар жабылады

CTS компаниясы тұрғындарға автобусқа бетпердесіз кіруге болмайтынын еске салды. Жолаушылар қоғамдық көлікке алдыңғы есіктен кіреді. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді – карта, SMS, QR-код.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда демалыс күндері карантин күшейтілетінін мәлімдеген еді: 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі, кейбір нысандар жұмысын уақытша тоқтатады.

743
Кілт сөздер:
автобустар, Нұр-Сұлтан, қоғамдық көлік
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (879)
Тақырып бойынша
Демалыстағы қатаң карантин қанша уақытқа дейін созылады
Нұр-Сұлтаннан екі қалаға жолаушылар пойызы қайта жүреді
 Елбасы Астана Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалық институты ЖШС-да болды

Нұр-Сұлтанның даму барысын үнемі қадағалап отырамын Назарбаев

4
Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлады Elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш президенті елордада туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты.

Алтай Көлгінов аудандар құрылысының барысы, қаланы көгалдандыру процесі жайлы, сонымен қатар денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарының, спорт ғимараттары мен коммерциялық орындардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сондай-ақ Елбасы назарына елорданың жаңа мешіті мен ЭКСПО ауданына іргелес аумақта жүргізілетін құрылыс пен абаттандыру жобалары ұсынылды.

"Мен үшін бұл қаланың орны бөлек. Оның даму барысын үнемі қадағалап отырамын, болашағы туралы көп ойланамын. Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған. Кейбір ғалымдар бұл жерге ағаш өспейді деген еді. Алайда елорда аз уақыт ішінде айналасын "жасыл белдеу" қоршаған ірі мегаполиске айналды", – деп түйіндеді Елбасы.

Оқи отырыңыз:

4
Вакцина

Нұр-Сұлтанда әуежай мен вокзалда вакциналау пункті ашылды

27
Елордада вакцинаның 3 түрі бар: ресейлік "Спутник V", отандық QazVac және қытайлық Sinopharm VeroCell

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Елордада "Нұрлы Жол" теміржол вокзалында және Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда коронавирусқа қарсы вакциналау аймағы ашылды.

Осы пункттерде екпенің бірінші және екінші компонентін алуға болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда елордада вакцинаның 3 түрі бар: ресейлік "Спутник V", отандық QazVac және қытайлық Sinopharm VeroCell.

"Жалпы, қалада бірінші компонентпен контингенттің 66%-тен астамы қамтылған. Осы жұмысты жақсарту және халықты көбірек қамту мақсатында біз вакциналау пункттерін тағы екі ұйымда – азаматтар көп жиналатын жерлерде ашамыз", - деп атап өтті басқарма.

"Нұрлы Жол" теміржол вокзалындағы вакциналау аймағы 4-қабатта, әуежайда 1-қабатта халықаралық және ішкі терминал арасындағы өткелде орналасқан. Күн сайын сағат 10:00-ден 20: 00-ге дейін жұмыс істейді.

"Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау процесі халыққа қолайлы болу үшін барлық шара қабылданды. Азаматтар екпенің көмегімен ғана пандемияны жеңе алатынын есте сақтаса екен дейміз. Біз инфекцияны жеңуге жақындап қалдық деуге болады, бірақ вирус әлі де бар. Барлығы өзіміздің қолымызда –коронавирус ауруын таратпау азаматтық міндетіміз", - деп атап өтті ведомство.

Қазіргі уақытта қала бойынша сауда және ойын-сауық орталықтары және сауда үйлері жанында 5 вакциналау пункті орналасқан: "Керуен", "Хан Шатыр", "Азия Парк", "Абу Даби Плаза" сауда ойын-сауық орталықтары және "Евразия" сауда орталығы. Вакциналау пункттері медициналық мекемелерде де орналасқан. Барлығы 84 вакциналау пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакциналау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда.

Оқи отырыңыз:

27
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина