Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда екі ер адам ерекше сурет үшін көпір үстіне шығып кетті - видео

© Photo : Pixabay / TeroVesalainenСмартфон в руках мужчины
Смартфон в руках мужчины - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшылары 33 және 34 жастағы ер адамдарды ұстады. Олар түнгі қала көрінісін суретке түсіру үшін көпірге шыққанын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан — Sputnik. Елордада екі ер адам суретке түсу үшін көпірге шығып кетті.

Оқиға 4 қазан күні болған. Екеуі де ішімдік ішкен, деп хабарлады астаналық полиция департаменті. 

"Түнде сағат 00:28-де "102" пультіне хабар түсті. "Рамстор" жақта мас екі ер адам Қабанбай батыр даңғылындағы көпірдің аркасына шыққан. Астаналық патрульдік полиция жасағының қызметкерлері оқиға орнына барды. Хабар расталды", - деді департаментте.

Тәртіп сақшылары 33 және 34 жастағы ер адамдарды ұстады. Олар түнгі қала көрінісін суретке түсіру үшін көпірге шыққанын жеткізді. 

Ерекше фотоға әуес тұрғындар наркологиялық диспансерде тексеріліп, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. 

Олар 5 АЕК (13 890 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді.

Жаңалықтар
0