Қоғамдық көлік

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері автобустар тоқтатылмайды 

434
(Жаңартылды 14:21 08.10.2020)
Мамандардың айтуынша, әдеттегідей әр айналымнан кейін соңғы аялдамада автобустарға дезинфекция жасалады. Бұл шара автопарктерде де атқарылады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Алдағы жексенбі, 11 қазанда елорданың қоғамдық көліктері тоқтатылмайды. Бұл туралы City Transportation System (CTS) компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Жексенбі күні, 11 қазанда қоғамдық көлік қатынайтын болады. Ауа-райының салқындауына байланысты, сондай-ақ елордамыздың тұрғындары мен жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Бұл күні автобустар сағат 21:00-ге дейін жүреді.  Басқа күндері қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді", - делінген ресми хабарламада. 

Мамандардың айтуынша, әдеттегідей әр айналымнан кейін соңғы аялдамада автобустарға дезинфекция жасалады. Бұл шара автопарктерде де атқарылады.

"Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді", - дейді компания қызметкерлері. 

Айта кетейік, бұған дейін демалыстағы локдаун аясында жексенбі күндері қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылған болатын.

434
Кілт сөздер:
автобус, демалыс күндері, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Қазақстан бұрын-соңды болмаған дағдарысты бастан өткеруде – президент
Биыл біз қатаң шектеу шараларынан айналып өте аламыз – Тоқаев
Қазақстанда локдаун қашан енгізілуі мүмкін – Цой үш сценарийді атады
Елордада сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды
COVID-19-ға шалдыққандар өзінің жақын жерде екенін жасырын хабарлай алады
Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме әкім астаналықтарға үндеу жасады

487
Қала басшысының айтуынша, Сovid-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан — Sputnik. Елордада соңғы күндері Covid-19 ауруының өсімі байқалады, динамика тұрақсыз, деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

"Қосымша карантиндік шаралар мен шектеулерді енгізу қаланың қай "аймақта" орналасқанына байланысты. Қазір елорда "жасыл аймақта", бірақ соңғы күндері Covid-19 ауруының өсімі байқалады. Егер 19 қазанда 13 жағдай тіркелсе, 20 қазанда 29, ал 21 қазанда 15 жағдай тіркелді. Динамика тұрақсыз", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Қала басшысының айтуынша, біріншіден, Сovid-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды. Егер науқас коронавирусты бір рет жеңсе, бұл оның қауіпсіздікте екенін білдірмейді. Ғалымдар әлі күнге дейін коронавирустың қандай зардабы бар екенін анықтап жатыр.

"Екіншіден, біз кейбір дәмхана, мейрамхана мен басқа да нысандардың карантинді бұзып, коронавирустың бейберекет таралуына жағдай жасап жатқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты біз рейдтер өткізуді күшейттік, - деді Көлгінов.

Үшіншіден, төсек орындар қажет болған жағдайда, мыңдаған орынды дайындай аламыз, дегенмен бәріне бір уақытта дәрігер жетпейді, деп отыр әкім.

"Ең әлсіз топ - егде жастағы адамдар, біз оларды қорғауымыз керек. Инфекциямен күресу үшін медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмекпен, қорғаныш заттарымен қамтамасыз еттік. Соңғы уақытта қосымша 50-ден астам өкпені жасанды желдету аппаратын, 2 компьютерлік томография, өкпенің қанша процентке зақымданғанын көрсететін 7 цифрлық рентгенография жүйесін сатып алдық", - деп жазды Көлгінов.

Оның айтуынша, Еуропа елдеріндегі ірі қалалар карантинді күшейіп жатыр. Бірінші толқыннан сабақ алуымыз керек, деп түйіндеді әкім.

487
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Қазақстанда локдаун қашан енгізілуі мүмкін – Цой үш сценарийді атады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Вирус өз дегеніне көндіреді – Көлгінов кәсіпкерлерге үндеу жасады
Көлгінов былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салуға уәде берді
Қоғамдық көлік

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтайды

378
Автобустарға маскасыз кіруге тыйым салынған. Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленуі тиіс екені айтылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Алдағы жексенбі6 25 қазан күні астанада қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

"25 қазанда қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Басқа күндері қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді", - дейді компания мамандары. 

Дүйсенбі күні, 26 қазанда автобустар қайтадан қатынайды. Осы орайда компания мамандары қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырып, автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынғанын еске салды. Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленуі тиіс.

Комиссия шешімі

Осы аптаның басында коронавирус инфекциясның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бірқатар шектеу шараларын жеңілдетті. Атап айтқанда, 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және жабық базарлар жұмыс істей бастайды.

Сондай-ақ, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, сыйымдылығының 30%-інен аспайтын адам санымен жұмысын қайта бастайды. Бірақ әрбір облыстың санитарлық дәрігері өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға қарай шектеу шараларын өзгертуі мүмкін. 

Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен сенбі-жексенбі күндері сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істеген жоқ. Басқа нысандарға енгізілген шектеу шаралары сақталады. Олар:

  • мектепке дейінгі балалар мекемелері;
  • бильярд және компьютер клубтары;
  • ойын-сауық мекемелер;
  • банкет залдары;
  • түнгі клубтар

Бұдан бөлек, облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салынған.

378
Кілт сөздер:
автобус, қоғамдық көлік, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Бәрі аш деп айқайлады": Жолаушы автобустың ішінде не болғанын айтып берді
Алматыда ер адам автобустың астына жатып алды – видео
Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде
Алматыда бетперде таққан автобус пайда болды - фото
Әйел автобуста босанды: қыз 18 жасқа дейін қоғамдық көлікте тегін жүреді
Мишустин мен Мамин

Мишустин Маминді құттықтады

0
Тараптар телефон арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамыту мәселесін талқылағаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жұма күні Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

"Михаил Мишустин Асқар Маминді 55 жасқа толуымен құттықтады. Денсаулық пен береке мен жаңа жетістіктер тіледі", - деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Екі елдің премьерлері сауда-экономикалық байланыс мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жұмысты талқылады. 

Сондай-ақ, үкімет желісі бойынша алдағы келісімшарттар сөз болды.

Асқар Мамин 1965 жылы Целиноградта дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

0