Нұр-Сұлтандағы күз

Нұр-Сұлтанда ертеңнен бастап карантин күшейтіледі

6143
Қала билігінің тапсырмасы бойынша мейрамхана, асхана, нотариус, жылжымайтын мүлік және жарнама агенттіктері, туроператорлардың және тағы басқа мекемелердің жұмыс кестесі қысқарады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Covid-19 індетін жұқтыру қаупі жоғарылап, науқастар санының артуына байланысты қалалық штаб отырысында бірқатар қосымша шектеу қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Карантиндік шаралар ертеңнен бастап, яғни 14 қазаннан бастап күшіне енеді", - деп атап өтті қала басшысы.

Қызметкерлер қашықтан жұмыс істейді

Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен олардың квазимемлекеттік секторының кемінде 60%-і қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысады. Адам көп жиналатын жеке ұйымдар жұмысшыларды қашықтан жұмыс режиміне ауыстыруы тиіс.

"Індетті жұқтырудың негізгі ошақтары – ұжымдық (еңбек) ошақтар. Жұмыс орындарында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын бақылау қажет", - деп атап өтті Көлгінов.

Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты қысқарады

Кафе, мейрамхана, бар, асхана және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты 22 сағатқа дейін (9:00-ден 22:00-ге дейін) қысқартылады. Шектеу жұмыс күндеріне де, демалыс күндеріне де қатысты. Орын саны 30 аспауы тиіс.

Нотариустардың, адвокаттық кеңселердің, бухгалтерлердің, консалтингтің, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және тағы басқа мекемелердің жұмыс кестесі сағат 18-ге дейін (9:00-ден 18:00-ге дейін) қысқарады. Жұмыс күндері де, демалыс күндері де.

Азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сататын бутиктерге жұмыс күндері сағат 18-ге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Монша, бассейнмен қамтылған сауналардың жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8:00-ден 21:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері 9:00-ден 19:00-ге дейін. Алдын ала жазылу міндетті.

Жексенбіде автобус жүрмейді

Жексенбіде қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустар дезинфекцияланады.

Полиция департаменті санитарлық дәрігерлермен бірлесіп күнделікті рейдтер жүргізіп, санитария нормаларын бұзу фактілерін анықтау жұмысын күшейтуі қажет.

"Рейдтер көптеген нысанда санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталмай жатқандығын көрсетіп отыр. Ұйымдар эпидемиялық талаптарды бірнеше рет бұзған фактілер болды. Мұндай "рецидивистердің" қызметі тоқтатылады", - деп түйіндеді елорда әкімі.

6143
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1684)
Тақырып бойынша
Қандай жағдайда алматылық кәсіпорындар қызметіне шектеу қойылатыны белгілі болды
Қазақстанға ұшақпен келген екі шетел азаматы кері қайтарылды – бас санитар себебін айтты
Қазақстанда масканың шекті бағасы белгіленді
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Қазақстанның тағы бір облысында карантин күшейеді
50 мың теңгелік көмекті кімдер алатыны белгілі болды
Сауда және ойын-сауық орталығы

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары қашан демалыс күндері жұмыс істей бастайды

164
(Жаңартылды 18:32 27.10.2020)
Демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталығының жұмысын қалпына келтіру нысандардың барлық санитарлық норманы сақтауға дайындығына байланысты болады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен ірі сауда орталықтарының, базарлардың басшылары кездесу өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның айтуынша, елордада індет жұқтырғандар көбейген. Оған шағын және орта бизнес өкілдері мен азаматтардың карантин тәртібін өрескел бұзуы себеп.

Екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы мектепке барып оқиды 

"Профилактикалық жұмыстарға қарамастан, кәсіпкерлік субъектілері карантин тәртібін жиі бұзады, бұқаралық іс-шаралар тоқтамай тұр, мекемелердің жұмыс кестесі сақталмаған. Сонымен қатар, қалада ауру саны артып келеді. Бұл дегеніміз, біз жасыл аймақтан алшақтаймыз. Мектеп жасындағы және бір жасқа дейінгі балалар да індетке шалдығып жатыр", - деді Жанна Пірәлиева.

Негізгі қауіпсіздік ережелері сақталмаса, COVID-19-дың екінші толқыны болуы мүмкін. ШОБ өкілдері мен қала тұрғындары санитарлық нормалардың сақталуына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек.

"Әр аймақ өз деңгейінде шешім қабылдайды. Біз сондай-ақ бизнестің жұмыс істегенін қалаймыз, ол табыс және экономика екенін түсінеміз. Бірақ кәсіпкерлер өз тарапынан талаптарды орындауы керек. Кейбір сауда орталықтары маска тағу тәртібін сақтамайды және дене қызуын тексермейді. Қабылданып жатқан шараларға түсіністік танытуды сұраймыз", - деді Бақтияр Мәкен.

Жиын соңында сауда орталықтарының демалыс күндеріндегі жұмысын қайта қалпына келтіру қаладағы эпидемиологиялық жағдайға және ШОБ-тың санитарлық нормаларды сақтауына байланысты болатыны айтылды.

Демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталығының жұмысын қалпына келтіру нысандардың барлық санитарлық норманы сақтауға дайындығына байланысты. 

Әкімдік әрбір азаматтың жауапкершілігі эпидемиологиялық жағдайға әсер ететінін мәлімдеп, елордалықтарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды.

164
Кілт сөздер:
демалыс күндері, сауда орталығы
Тақырып бойынша
Қол алысуға болмайды: Павлодар облысында жаңа қаулы шықты
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Анықтама қажет: Қазақстанда жиналысқа қатысатындар үшін жаңа ереже күшіне енді
Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме әкім астаналықтарға үндеу жасады

627
Қала басшысының айтуынша, Сovid-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан — Sputnik. Елордада соңғы күндері Covid-19 ауруының өсімі байқалады, динамика тұрақсыз, деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

"Қосымша карантиндік шаралар мен шектеулерді енгізу қаланың қай "аймақта" орналасқанына байланысты. Қазір елорда "жасыл аймақта", бірақ соңғы күндері Covid-19 ауруының өсімі байқалады. Егер 19 қазанда 13 жағдай тіркелсе, 20 қазанда 29, ал 21 қазанда 15 жағдай тіркелді. Динамика тұрақсыз", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Қала басшысының айтуынша, біріншіден, Сovid-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды. Егер науқас коронавирусты бір рет жеңсе, бұл оның қауіпсіздікте екенін білдірмейді. Ғалымдар әлі күнге дейін коронавирустың қандай зардабы бар екенін анықтап жатыр.

"Екіншіден, біз кейбір дәмхана, мейрамхана мен басқа да нысандардың карантинді бұзып, коронавирустың бейберекет таралуына жағдай жасап жатқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты біз рейдтер өткізуді күшейттік, - деді Көлгінов.

Үшіншіден, төсек орындар қажет болған жағдайда, мыңдаған орынды дайындай аламыз, дегенмен бәріне бір уақытта дәрігер жетпейді, деп отыр әкім.

"Ең әлсіз топ - егде жастағы адамдар, біз оларды қорғауымыз керек. Инфекциямен күресу үшін медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмекпен, қорғаныш заттарымен қамтамасыз еттік. Соңғы уақытта қосымша 50-ден астам өкпені жасанды желдету аппаратын, 2 компьютерлік томография, өкпенің қанша процентке зақымданғанын көрсететін 7 цифрлық рентгенография жүйесін сатып алдық", - деп жазды Көлгінов.

Оның айтуынша, Еуропа елдеріндегі ірі қалалар карантинді күшейіп жатыр. Бірінші толқыннан сабақ алуымыз керек, деп түйіндеді әкім.

627
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1684)
Тақырып бойынша
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Қазақстанда локдаун қашан енгізілуі мүмкін – Цой үш сценарийді атады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Вирус өз дегеніне көндіреді – Көлгінов кәсіпкерлерге үндеу жасады
Көлгінов былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салуға уәде берді
Өрт сөндіруші

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

0
Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау

ПАВЛОДАР, 30 қазан — Sputnik. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден егде жастағы әйел, баласы мен көрші пәтердегі балаларды қолға алып шығарды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі.

"Жұма күні сағат 12.36-да Жаяу Мұса көшесіндегі 1-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Сегізінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз бен киімдер отқа оранды. Өрт аумағы - 10 шаршы метр", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер пәтерден 65 жастағы әйел мен 45-тегі баласын қауіпсіз жерге шығарды. Әйел орта дәрежедегі газбен улану, арқасын күйік шалу және алкогольге улану диагнозымен терапия бөліміне жеткізілді.

Баласы да орта дәрежедегі улану диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Жағдайлары жақса, үйлеріне жіберілді.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.

0
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, өрт сөндірушілер, Павлодар
Тақырып бойынша
Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды