Елорда тынысы

500-ге жуық адам болған: Нұр-Сұлтанда түнгі клуб полицияға есік ашпай қойды

CC0 / Daniel Lages / Дискотека, клуб
Дискотека, клуб - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мобильді топ бір тәулікте үш жүзден аса кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 46 карантин режимін бұзу фактісін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Астаналық полицейлер карантин талаптарын бұзған мейрамханалар мен түнгі клубтарды анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Карантин режимінің сақталуын тексеретін мобильді топ сағат 23.37-де "БХБ" түнгі клубына барды.

"Полицейлер келген кезде мекемеде 500-ге жуық адам болған. Клиенттер мен қызметкерлер есікті іштен жауып алып, ашпай қойды. Клубқа көңіл көтеруге келген жастар бетперде тақпаған, ара қашықтықты сақтамаған", - делінген елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек, Қорғалжын тас жолындағы "ZIMA" түнгі клубы да карантин талаптарын бұзды. Сағат 22.10-де мекемеде 80 адам отырған.

Полицияның ақпаратынша, "ZOLOTO" және "Korean housе" мейрамханаларын, "ICON" клубын тексеру кезінде де заңбұзушылықтар анықталды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

"Бұл элиталық мекемелер Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын шектеу және карантинді қатаңдату қаулысын, жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейінгі жұмыс кестесі мен санитарлық-профилактикалық шараларды анық бұзған. Мекеме иелеріне қатысты жиналған материал тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді", - деді департаменттен.

Мобильді топ бір тәулікте 313 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 46 карантин режимін бұзу фактісін анықтады.

Елордалық полиция тұрғындар мен бизнесмендерге карантин режимі жалғасып жатқанын және бас санитарлық дәрігердің қаулысындағы талаптарды сақтау керектігін ескертті. Тәртіп бұзғандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

Жаңалықтар
0