Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда сенбі күні сауда орталықтарының жұмыс істеуіне тыйым салынуы мүмкін

© Sputnik / Ксения ВоронинаСотрудник торгового центра наливает антисептик для обработки рук
Сотрудник торгового центра наливает антисептик для обработки рук - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауда нысандарына келушілер ғимараттың 30%-ін ғана толтыруы керек, яғни бір келушіге төрт шаршы метр тиесілі болуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Елордада демалыс күндері сауда нысандарының жұмыс кестесі өзгерді. Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиевның мәлімдеуінше, енді қаулыға сәйкес, мониторингтік топтар карантин және шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, сенбі күндері оларға жұмыс істеуге тыйым салынады, деп хабарлайды қалалық әкімдік сайты.

Бас санитар дәрігердің 20 қараша күнгі карантиндік шаралар туралы жаңа қаулысына сәйкес, адамдар маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, әркез термометриялық тексеріс жүргізіп тұруы шарт. Сондай-ақ, антисептиктер мен санитайзерлер болуы шарт.

"Сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарының, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді. Енді аталған сауда нысандары сенбі күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бірақ мониторингтік топтар карантин және шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, сенбі күндері оларға жұмыс істеуге тыйым салынады", -  деді Жанна Пірәлиева.

Оның айтуынша, сауда орындарының барлығы жексенбі күндері бұрынғыша жабық болады. Ал жұмыс күндері кесте бойынша 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сауда объектілерінде орналасқан сұлулық салондары, ателье, химиялық тазалау, шаштараз, аяқ киім жөндеу шеберханасы сияқты қосымша қызметтер үшін жаңа кесте енгізілді. Бұл бизнес субъектілері сенбі және жексенбі күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей алады.

"Егер демалыс күндері СОО-да тек супермаркеттер мен дәріханалар ашылса, енді оларға қосымша қызмет көрсететін шағын бизнес субъектілері де қосылады", - деп түсіндірді елорданың бас санитар дәрігері.

Бұл ретте сауда объектілеріне келушілер ғимараттың 30%-ын ғана толтыруы керек, яғни бір келушіге төрт шаршы метр тиесілі болуы тиіс. Бұл норманы ғимарат әкімшілігі де, жалға алушылар да қадағалап отыруға міндетті. Егер адамдар көп болған жағдайда, олар келушілер ағынын шектеуі керек.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында карантин тағы да күшейтілді

Клиенттер үшін маска тағу мен қашықтық сақтау талабы сақталады. Оларды бұзған жағдайда, жеке тұлғалар жауапқа тартылады.

Жаңалықтар
0