Елорда тынысы

Астаналықтардың өз "Шымбұлағы" болады – фото

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЧемпионат мира по фристайл-могулу
Чемпионат мира по фристайл-могулу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сноуборд пен шаңғы тебуге арналған жасанды төбешік Қазақстанда алғаш рет салынады. Жаңа Snowpark 720 шаршы метр жерді алып тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Астанада Snowpark-тың құрылысы басталды. Оны екі аптаның ішінде аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық сәулет, қала құрылысы мен жер қатынастары басқармасына сілтеме жасап.

© Photo : сайт акимата столицыSnowpark 720 шаршы метр жерді алып тұрады
Астаналықтардың өз Шымбұлағы болады – фото - Sputnik Қазақстан
Snowpark 720 шаршы метр жерді алып тұрады

Сноуборд пен шаңғы тебуге арналған жасанды төбешік 20 желтоқсанда ашылады. Snowpark-тың орналасқан жері – Ататүрік атындағы саябақ. Құрылыс жұмыстары тура Есіл өзенінің үстінде жүргізіліп жатыр.

Қалалық урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкеннің айтуынша, Snowpark темір конструкцияларынан тұрғызылады. Ал оны қаптау үшін ағаш пен пластик қолданылады.

"Сноуборд пен шаңғы тебуді үйреніп жүргендер үшін керек-жарақ заттарды жалға беру орындары болады. Инструкторлар да көмектеседі. Түнгі уақытта сырғанау үшін жарық орнатылады", - дейді Базыкен.     

© Photo : сайт акимата столицыТөбешіктің ұзындығы — 40 метр, ені — 18 метр
Астаналықтардың өз Шымбұлағы болады – фото - Sputnik Қазақстан
Төбешіктің ұзындығы — 40 метр, ені — 18 метр

Бүгінде "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" жоспары аясында бұқаралық спортты дамытуға арналған қоғамдық орындарды көптеп ашу қарастырылған. Урбанистер аудандық әкімдіктермен бірге жазғы орындарды ғана, қысқы демалыс аймақтарын да жабдықтау жағын жан-жақты пысықтап отырады. Ондай жерлер қаланың әрбір ауданында болады.  

© Photo : сайт акимата столицыSnowpark-тың құрылысы екі аптаның ішінде аяқталады
Астаналықтардың өз Шымбұлағы болады – фото - Sputnik Қазақстан
Snowpark-тың құрылысы екі аптаның ішінде аяқталады

Ал жаңа Snowpark 720 шаршы метр жерді алып тұрады. Төбешіктің ұзындығы — 40 метр, ені — 18 метр.

Төбешіктен бөлек мұз айдыны, жаппай сырғанақ тебу орындары, тіпті,  Аяз Атаның үйі де болады. Ол жерде аниматорлар балалардың көңіл-күйін көтеріп жүреді. Бұдан бөлек, Snowpark-те қоғамдық тамақтану орындары ашылады.

Жаңалықтар
0