Елорда тынысы

Елорда "қызыл" аймақтан қай кезде шығады – әкім жауабы

© Sputnik / Владислав ВодневЖители столицы
Жители столицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы бір тәуліктің ішінде астанада 47 адамда коронавирус анықталды. Осылайша, ПТР-тест оң нәтиже көрсеткендердің жалпы саны 17 181-ге жетті

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Аурудың репродуктивті көрсеткіші төмендегенде елорда "қызыл" аймақтан шығады, деді қала әкімі Алтай Көлгінов Sputnik Қазақстан тілшісіне.

"Қызыл" аймақтан шығу үшін бірқатар жағдай ескеріледі. Мәселен, аурудың репродуктивті көрсеткіші (вирустың бір адамның таралуы - Sputnik) 1-ден төмен болуы керек. Осы көрсеткіштен өмендегенде қала "қызыл" аймақтан шығады", - деді Көлгінов.

Айта кетейік, 10 желтоқсан күні астанада ПТР-тест арқылы 118 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын. Репродуктивті көрсеткіш, яғни, бір адамның вирусты тарату қаупі де артты. Осыдан кейін елорда "қызыл" аймаққа кірді.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың матрицасына сәйкес, елорда "қызыл" аймақтан әлі шықпаған. Соңғы бір тәуліктің ішінде астанада тағы 47 адамда коронавирус анықталды. Осылайша, ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткендердің жалпы саны 17 181-ге жетті.

Жаңалықтар
0