Елорда, жолаушы

Нұр-Сұлтанда қатты аязға байланысты кейбір автобустар тоқтады

74
Қала маңына қатынайтын сегіз бағдар ғана уақытша тоқтатылды, қалғандары линияда. Синоптиктер демалыс күндері аяздың беті қайта бастайтынын айтқан еді

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қатты аязға байланысты елордада қала маңына қатынайтын сегіз бағдар уақытша тоқтатылды.

Бұл туралы City Transportation Systems әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.  

"Қатты аязға байланысты қала маңына қатынайтын №№ 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от City Transportation Systems (@cts_kz)

Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 9-10 қаңтарда аяздың беті қайта бастайды деп болжаған еді.

"Қазақстанның басым бөлігіне циклон жырасы әсер етеді. Соған байланысты өңірлерде ауа температурасы көтеріледі, оңтүстік өңірлерде температура бір градустан жоғары болады. Республиканың басым бөлігінде аздаған боран соғып, қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын болады. Кей жерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді", - делінген Қазгидромет ақпаратында.

74
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, автобустар
Вакцина

Нұр-Сұлтанда әуежай мен вокзалда вакциналау пункті ашылды

27
Елордада вакцинаның 3 түрі бар: ресейлік "Спутник V", отандық QazVac және қытайлық Sinopharm VeroCell

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Елордада "Нұрлы Жол" теміржол вокзалында және Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда коронавирусқа қарсы вакциналау аймағы ашылды.

Осы пункттерде екпенің бірінші және екінші компонентін алуға болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда елордада вакцинаның 3 түрі бар: ресейлік "Спутник V", отандық QazVac және қытайлық Sinopharm VeroCell.

"Жалпы, қалада бірінші компонентпен контингенттің 66%-тен астамы қамтылған. Осы жұмысты жақсарту және халықты көбірек қамту мақсатында біз вакциналау пункттерін тағы екі ұйымда – азаматтар көп жиналатын жерлерде ашамыз", - деп атап өтті басқарма.

"Нұрлы Жол" теміржол вокзалындағы вакциналау аймағы 4-қабатта, әуежайда 1-қабатта халықаралық және ішкі терминал арасындағы өткелде орналасқан. Күн сайын сағат 10:00-ден 20: 00-ге дейін жұмыс істейді.

"Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау процесі халыққа қолайлы болу үшін барлық шара қабылданды. Азаматтар екпенің көмегімен ғана пандемияны жеңе алатынын есте сақтаса екен дейміз. Біз инфекцияны жеңуге жақындап қалдық деуге болады, бірақ вирус әлі де бар. Барлығы өзіміздің қолымызда –коронавирус ауруын таратпау азаматтық міндетіміз", - деп атап өтті ведомство.

Қазіргі уақытта қала бойынша сауда және ойын-сауық орталықтары және сауда үйлері жанында 5 вакциналау пункті орналасқан: "Керуен", "Хан Шатыр", "Азия Парк", "Абу Даби Плаза" сауда ойын-сауық орталықтары және "Евразия" сауда орталығы. Вакциналау пункттері медициналық мекемелерде де орналасқан. Барлығы 84 вакциналау пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакциналау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда.

Оқи отырыңыз:

27
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған балалар түнде тамақ іздеуге шығып кеткен

1252
Әйел үйде ұйықтап жатқан балаларын қалдырып, танысымен ішімдік ішуге кетіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан тұрғынына балаларын қараусыз қалдырғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлады елорда сотының сайты.

Осы жылдың 14 қыркүйегінде әйел 5 және 3 жастағы жас сәбилерін үйде қараусыз қалдырған. Кейін түнгі уақытта балалары тамақ іздеп үйден шығып кетіп, көлік көп болатын көшеде жүрген.

"Сотта әйел кінәсін мойындады. Ол үйде ұйықтап жатқан балаларын қалдырып, танысымен ішімдік ішіп, содан соң қонақ үйден бөлме алып, сол жерде түнеуге қалып қойғаны анықталды. Ол өзінің балалары жайлы оқиғаны келесі күні таңертең бір-ақ білген", - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен балалардың анасы кінәлі деп танылып, 29 170 теңге (10 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Сонымен қатар сот өзінің жеке қаулысында кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдардың назарын осы фактіге аударды.

Қаулы күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

1252
Тауарларды таңбалау

Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды

0
Шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады, деп мәлімдеді мемлекеттік крістер комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі қолданыстағы пилоттық жоба тоқтатылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік крістер комитеті.

Сондай-ақ темекі өнімдерін таңбалау жұмысы да оңайлатылды – ол өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастырылады.

"Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады. Осылайша шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстанда алкогольді таңбалау бойынша пилоттық жоба 2019 жылдың 1 маусымында іске қосылды. Бұған дейін міндетті таңбалау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады деп жоспарланған болатын.

Қаржылық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл шараны енгізуге басты себеп – 2020 жылдың өзінде жасанды алкоголь өндіретін 50-ден астам жасырын цех жойылған. Көлеңкелі айналымнан 1,5 миллионнан астам бөтелке, 400 мың литрге жуық спирт және 500 мың жалған есептеу-бақылау маркалары алынды.

Оқи отырыңыз:

0