Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қызметші әйел 2,5 миллион теңгені ұрлаған

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллары и тенге
Доллары и тенге  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікке ілінген үй қызметіндегі әйел бұған дейін сотталғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Нұр-Сұлтан полицейлері үй иелерінің ірі көлемдегі ақшасын ұрлады деген күдікпен қызметші әйелді ұстады, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Тергеу барысында әйел бір жыл бойы үй шаруасын атқарып, кейіннен жұмыстан шығып кеткені анықталды. Жұмыс берушілердің оның жұмысына көңілі толғаны соншалық, біршама уақыттан кейін оны бір күндік жұмысты атқаруға қайта шақырған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда үй қызметшісі бұрынғы жұмыс берушісін тонап кетті 

Күдікті өзіне бекітілген жұмысты орындап қана қоймай, үйдегі 6 мың долларды қолды еткен. Жұмыс берушілер бұл уақытта үйде болмаған. Олар ақшаның ұрланғанын бір ай өткен соң ғана біліп, полицияға хабарласқан.

Полицейлер үй қызметкерін ұстады: ол бұрын сотты болған 31 жастағы әйел екені анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, 188-бап ("Ұрлық") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ұрланған қаражаттың басым бөлігін жаратып үлгерген күдікті қылмысты мойындады. Қазір тәртіп сақшылары ұсталған әйелдің Нұр-Сұлтандағы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Полицейлер қала тұрғындарын жұмысқа жалдайтын азаматтардың құжаттарын талап етіп, алдыңғы жұмыс берушілерінен ұсыныс хаттар сұрауға шақырады. Сонымен қатар, департаменттегілер бағалы заттарды қараусыз қалдыруға және жақсы танымайтын адамдарға толық сенуге болмайтынын айтты.

Жаңалықтар
0