Нур-Султан, виды города

Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа түсіп кетті видео

607
(Жаңартылды 08:34 14.01.2021)
Құтқарушылар әйелді шығарып алу үшін саты қолданды. Ол оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді 

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар — Sputnik. Елордалық төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары кәріз құдығына құлап кеткен әйелді шығарып алды.

Оқиға 13 қаңтар күні таңертең болған. Тоғыз құтқарушы сатының көмегімен зардап шеккен әйелді құдықтан шығарып алды. 

"Жедел жәрдем құдыққа түсіп кеткен әйелді №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. Қазір жағдайы қанағаттанарлықтай, ол үйіне жіберілді", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Департаменттің Sputnik Қазақстан тілшісіне берген ақпараты бойынша, кәріз құдығы Қабанбай батыр даңғылындағы "Назарбаев зияткерлік мектебі" аялдамасына жақын маңда орналасқан. 

Айта кетсек, бір күн бұрын астанада қатты боран соғып, қала көшелерінде қар үйіліп қалды. Sputnik Қазақстан терең құдықтың не себепті ашық қалғанын анықтау мақсатында қалалық әкімдікке сауал жолдады.

607
Коньки

Астаналықтар конькимен сырғанап, шаңғымен жүруді тегін үйренеді

25
Тегін сабаққа қатысқысы келетіндер алдын ала жазылуы керек, жаттығу қаланың әртүрлі бөлігінде болады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Нұр-Сұлтанда конькимен және шаңғымен сырғанаудан тегін дәріс өтеді.

Тегін сабақтар демалыс күндері қаланың төрт ауданында сағат 11:00-ден 12:30-ға дейін және 15:00-ден 16:30-ға дейін өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігі.

"Конькимен сырғанау және шаңғымен жүруді үйрету тегін сабақтары санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, нұсқаушының бақылауымен өткізіледі", - делінген хабарламада.

Келемін деушілер мына нөмірлер арқылы тіркеле алады:

  • "Сарыарқа" ауданына жауапты – 8 775 188 18 38 (Қалалық әкімдік алдыңдағы алаңда, "Көктал" саябақ);
  • "Есіл" ауданына жауапты – 8 771 522 37 72 ("NurAlem" Экспо алаңында, "Үркер" ықшам ауданы);
  • "Алматы" ауданына жауапты – 8 707 977 99 70 ("Триатлон" парк);
  • "Байқоңыр" ауданына жауапты – 8 747 054 59 00 ("Жастар" сарайы, "Кирпичный" тұрғын үй алабы).

Бұған дейін елорда әкімдігі биыл қалада спортпен айналысуға және демалуға арналған қандай жаңа нысандар ашылатынын хабарлаған болатын.

25
Тақырып бойынша
Астанада ең үлкен мұз айдыны ашылды
Алматы көлінде түсірілген видео желіні дүрліктірді: Байбек түсініктеме берді
Қызыл алаңда мұз айдыны ашылды - көз тартарлық суреттер
Нұр-Сұлтанда ең әдемі мұз айдыны пайда болды – видео
Ақша, теңге

Нұр-Сұлтанда алаяқтар әкімдік қызметкері атынан хабарласып жатыр

67
(Жаңартылды 08:37 20.01.2021)
Полиция алаяқтар қоңырау шалып, ақша ұсынса, бірден тәртіп сақшыларына хабарласуды сұрады

АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Елордалықтарға алаяқтар хабарласып, бес мыңнан миллион теңгеге дейін ұсынып жатыр.

"Елорда тұрғындарына әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері атынан телефон шалып, басқарма атынан 5 мың теңгеден бір миллион теңгеге дейін мөлшерде ақша ұсынуда. Бұл үшін картаға қомақты қаржы сомасын аударуды талап ететін алаяқтардың әрекеттерінен сақтануды сұрайды", - деп хабарлады қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @upravlenie_zanyatosti

Сондай-ақ, мұндай жағдай болса, бірден полицияға хабарласуды сұрады.

Әлеуметтік көмек тұрғындардың жеке (карталық) шотына ақшалай қаражат аудару арқылы қандайда бір құжаттарды талап етпестен жүзеге асырылады. 

Тізімдерді қалыптастыру әлеуметтік төлемдер орталығы мен тиісті мемлекеттік органдардың мәліметтер негізінде жүзеге асады.

Атаулы және мерекелік күндерге әлеуметтік көмек жылына бір рет, тек қана бір негіздеме бойынша жүзеге асады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан полициясы өткен жылы алаяқтық үшін 97 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты. Қылмыстың басым бөлігі интернетте тауарлар мен қызметтерді сатып алу-сату бойынша жасалды.

Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау бабы бойынша бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарға тартылады. Алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы да қарастырылған. Сондай-ақ, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.

67
Кілт сөздер:
әкімдік, алаяқтық, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Түркістан облысында қайын атасының ақшасын ұрлаған әйел ұятқа қалды
Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады – министрлік ақпарат берді
"Шабуыл жасап, үш қап ақшаны алып кетті": банк желіде тараған видеоны растады
Петропавл тұрғыны белгісіз ер адамның шотына 1 млн теңге аудара салды
Теміртауда қыз зейнеткердің есепшотындағы жинақ ақшасын ұрлаған
Қыстағы жол

Үш бірдей өңірде жолдар жабылды

66
Ауа райы бұзылып, жел мен боран салдарынан бірқатар өңірде жолдар жабылды. Шектеу көліктің барлық түріне қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның үш өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды.

"ҚазАвтоЖол" ақпаратына сәйкес, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында барлық көлік түріне шектеу қойылды.

Жабылған жолдар тізімі

  • Алматы - Ташкент - Термез 159-239 километр, Кенен мен Қайнар арасы;
  • Алматы - Ташкент - Термез, 536-654 километр, Айша-Бибіден Машатқа дейін;
  • Алматы - Өскемен, 70-683 километр, Қапшағайдан Шығыс Қазақстан облысындағы Таскескенге дейін;
  • Өскемен - Алтай - Рахмановские ключи, 6-66 километр, Ушановтан Серебрянск бұрылысына дейін;
  • Үшарал - Достық, 0-184 километр;
  • Алматы - Көкпек - Көктал - Қорғас, 126-230 километр, Байсейіт пен Шонжы арасы;
  • Сарыөзек - Көктал, 3-178 километр;
  • Омбы - Майқапшагай, 756-906 километр, Семей - Қалбатау.
66