НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қорғалжын тасжолы мен Қайым Мұхамедханов көшесін жалғайтын жол ашылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Елордада Е355 көшесінің Қорғалжын тасжолынан Қайым Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскесінің құрылысы аяқталды. Бұл учаскенің ашылуы "Кристалл", "Нұрлы ұя", "Ерке", "Аркада", "Сенім", "Copengagen" және басқа да тұрғын үй кешендеріндегі елордалықтарды қоғамдық көлікпен қамтуға оң әсер етпек", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда "Атырау көпірінде" ойық пайда болды – әкімдік не дейді
Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтанның қолданыстағы көше-жол желісі де жеңілдейді. Тұтастай алғанда жаңа жол елорда жол желісінің тұрақты жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова коронавирусты жиі жұқтыратын адамдар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қалада, көбінесе, 30-39 жастағы адамдар жиі ауырады. Олар науқастардың 24,8 процентін құрап отыр. Елу жастан асқандар аз емес. Олардың саны – 23,5 процент", - деді Бейсенова әкімдіктің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, науқастардың 14,9 проценті – балалар. Жаңа оқу жылы басталғалы 1 103 оқушының коронавирус жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде 63 жағдай кезекші сыныптарда анықталса, 840 жағдай қашықтан білім алып жатқан балалардың арасында тіркелді. Ал коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары адамдардың қатарына жұмыс істейтіндер жатады.
"Жұмыс істейтін адамдар коронавирусты жиі жұқтырады. Олар барлық науқастардың 48 процентін құрап отыр. Осының өзі ұжымдарда эпидемиологиялық талаптардың сақталмауын көрсетеді", - деп атап көрсетті Бейсенова.
Ресми мәліметке сәйкес, астанада ауру белгілері бар науқастардың саны біршама өсіп отыр. Қаңтар айында олардың саны 65 процент болса, ақпанда 68 процентке көтерілген. Әсіресе, 55 жастан асқандар арасында осы көрсеткіш 3,5 процентке өсті.
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова астаналықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алдағы мереке күндерін ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтарына карантиндік шараларды сақтау қажеттігін тағы бір мәрте ескерткім келеді. Бетперде киіп, арақашықты сақтаңыздар. Мүмкіндік болса, адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған жөн. Бұқаралық шараларды ұйымдастыруға болмайды", - деді Бейсенова әкімдіктің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.
Айта кетейік, ең ұзақ демалыс көктемде болады, мереке мен демалыс күндерін есептегенде қазақстандықтар 33 күн демалады. Әсіресе, наурыз айында демалыс көп. Себебі қазақстандықтар екі мерекені қатар атап өтеді: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. Осының өзі 12 күн болып тұр. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс 24 наурызға ауысады.
Ресми мәліметке сәйкес, астанада қаңтар айымен салыстырғанда коронавирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші 33,8 процентке азайған. Бүгінде елорда "сары" аймаққа кіреді. 100 мың адамға 53,9 науқас келеді. Репродуктивті көрсеткіш (инфекцияны бір адамнан жұқтыру - Sputnik) 0,99-ды құрап отыр.
Жыл басынан бері ПТР-тестпен 6 707 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Ал 85 адамның сынамасы теріс нәтиже көрсетсе де, клиникалық сараптама кезінде коронавирустың белгілері анықталды. Бір тәуліктің ішінде инфекция жұқтырған 68 адам тіркелді.
Ресми мәліметке сәйкес, ауру белгілері бар науқастардың саны біршама өсіп отыр. Қаңтар айында олардың саны 65 процент болса, ақпанда 68 процентке көтерілген. Әсіресе, 55 жастан асқандар арасында осы көрсеткіш 3,5 процентке өсті.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында көктайғақ, жаңбыр және бұрқасын, сондай-ақ тұман болады.
Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші секундына 20 метрге дейін барады.
Түркістан облысында қалың тұман түседі.
Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел болады.
Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ күтілуде.
Қарағанды облысында – тұман және көктайғақ.
Қызылорда облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.
Маңғыстау облысында да тұман және 15-20 м/с жел болжанып отыр.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, тұман басады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында – қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ.
Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 0+2°C. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.
Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C көрсетеді.
Шымкентте ауа райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады, ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +7+9°C.