НҰР-CҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасалатынын мәлімдеді.
"Қала тұрғындарын спортқа бейімдеп, бұқаралық спортты дамыту үшін саябақтар, скверлер, аулалар, жаңа спорт кешендерін саламыз. Спорт кластері пайда болмақ. Спорт мекемелері тек кәсіби ойындар мен қойылымдарды өткізуге ғана емес, сонымен қатар балаларымызды жаттықтыру үшін де керек. Бұл жастарды ынталандырады. Өйткені, олар белгілі спортшылар жаттығатын кәсіби алаңда жаттығып, одан да көп тырыспақ", - деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол бірқатар спорт нысаны жөнделгенін жеткізді. "Астана Арена" стадионында футбол алаңы ауыстырылған, енді ол FIFA стандарттарына сәйкес келеді.
"Тағы бір маңызды мәселе - спорт мекемелерінің бос орындарын ұтымды пайдалану. "Астана Арена" стадионы базасында жауынгерлік өнер залы ашылды. Онда спорттың 8 түрі дамиды: панкратион, джиу-джитсу, самбо, каратэ, күрес, кикбоксинг және т. б.", - деді ол.
Сонымен қатар, үрлемелі футбол корты жөнделген. Бұдан бөлек, велоспорт бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне және атыс командасына қосымша жабдықтар берілді.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Құжатта карантин шараларын жеңілдету қарастырылған. Атап айтқанда, сауда және ойын-сауық орталықтары жексенбі күні де жұмыс істейді.
Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі
"Сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысы күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нен аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылады", - делінген қаулыда.
Сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істесе де, ол жерде орналасқан аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, мұзды және роликті сырғанақтар мен ойын орталықтары жабық болады. Ал фудкорттардың жұмысы өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі. Акциялардың, жәрмеңкелердің, шоурумдардың, ұтыс ойындарының әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салынады.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Елордада бірінші ауысымдағы бастауыш пен 9-сыныпқа дейінгі оқушылардың сабағы аязға байланысты қашықтықтан өткізіледі.
"Ауа-райының нашарлауына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады", – делінген қалалық білім беру басқармасының хабарламасында.
Қазіргі уақытта Қазақстанның астанасындағы ауа температурасы минус 30 градусты көрсетіп тұр.
Оқи отырыңыз: Мұғалім білім беру жүйесін сынға алды: Тоқаев мәселенің басын ашуды тапсырды
Сондай-ақ, Теміртау қаласында да ауа райының нашарлауына байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушыларлың сабағы қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.
Сонымен, Ерболат Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарған.
Оқи отырыңыз: Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады
Ал Болат Сүгірбаев Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болды. Ол бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігіндегі Америка департаментін басқарған.
Интернеттен Ерболат Сембаев пен Болат Сүгірбаевтың бұрынғы жұмысы туралы басқа ақпарат табылмады.