Жол полициясының автокөлігі, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда "еріншектерге" 14 мың теңгеден айыппұл салынып жатыр видео

22702
Елорда полициясы темекі тұқылын қоқыс жәшігіне апарып тастауға ерініп, кез келген жерге лақтыра салатындарды жазалады 

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Астаналық iKomek 109 қызметі көшеде темекі тұқылын тастаған көлік жүргізушілерін бейнебақылау жүйесі арқылы қалай жазалайтынын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

iKomek 109-дың ресми парақшасында жарияланған видеодан астанадағы бейнебақылау жүйесінің жұмысын көруге болады. Операторлар алдымен көлікте темекі шегіп отырған жүргізушіні түсіреді. Одан кейін оның темекі тұқылын далаға тастай салғанын көрсетеді. Бірнеше минуттың ішінде сол жерге патрульдік полиция барып, көлік жүргізушісіне айыппұл салады. Тура солай темекі шегетіндердің біразы жазаға тартылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Оператор iKomek (@ikomek109)

Видеоға адамдар біраз пікір жазған. Біреулер "темекі сіздің әмияныңыз үшін қауіпті" деп қалжыңдаса, енді біреулер қаланың шеткі аудандарында бейнебақылау камераларын көбірек орнатуды сұрайды. Себебі адамдар темекі тұқылы былай тұрсын, бөтелке тастап кетеді. Адамдар көшеде түкіргені үшін көбірек айыппұл салу керек деп санайды.  

"Осы темекі шегетіндер шаршатты. Балкон терезесін де аша алмаймыз, темекісін шегіп, лақтырып қана қоймай, қақырып кетеді. Оларға да айыппұл салу қажет", - дейді қала тұрғындары.

Оқи отырыңыз: Пара бергендер төлейтін айыппұл мөлшері артты 

Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте темекі тұқылын көшеде тастағаны үшін 5 АЕК (14 585 теңге) айыппұл салу жазасы қарастырылған. Тәртіп бұзушы осы әрекетін бір жылдың ішінде қайталаса, айыппұлдың көлемі артады.

22702
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, видео, темекі
Архивтегі фото

Карантин жеңілдетілді: Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

964
Елордада сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысына өзгеріс енгізілді, енді олар жексенбі күні де жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құжатта карантин шараларын жеңілдету қарастырылған. Атап айтқанда, сауда және ойын-сауық орталықтары жексенбі күні де жұмыс істейді.

Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі

"Сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысы күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нен аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылады", - делінген қаулыда.

Сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істесе де, ол жерде орналасқан аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, мұзды және роликті сырғанақтар мен ойын орталықтары жабық болады. Ал фудкорттардың жұмысы өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі. Акциялардың, жәрмеңкелердің, шоурумдардың, ұтыс ойындарының әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салынады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

964
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Мектеп кабинеті

Нұр-Сұлтанда бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

31
(Жаңартылды 10:30 26.02.2021)
Қазақстан астанасында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептегі сабақ екінші күн қатарынан өзгеріске ұшырап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Елордада бірінші ауысымдағы бастауыш пен 9-сыныпқа дейінгі оқушылардың сабағы аязға байланысты қашықтықтан өткізіледі.

"Ауа-райының нашарлауына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады", – делінген қалалық білім беру басқармасының хабарламасында.

Қазіргі уақытта Қазақстанның астанасындағы ауа температурасы минус 30 градусты көрсетіп тұр.

Оқи отырыңыз: Мұғалім білім беру жүйесін сынға алды: Тоқаев мәселенің басын ашуды тапсырды

Сондай-ақ, Теміртау қаласында да ауа райының нашарлауына байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушыларлың сабағы қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.

31
Кілт сөздер:
оқушылар, білім беру
Тақырып бойынша
Балалар дәстүрлі білім беру форматына қашан оралады – министрлік жауабы
Дәстүрлі білім беру форматына көшу: министрлік бірнеше ұсыныс жасады
Қазақстанда екі білім беру платформасы біріктіріледі
Мектепте COVID жұқтырғандар көбейіп жатыр: Қостанайда білім беру форматы өзгерді
Тоқаев ЕАЭО-да білім беру жобасын әзірлеуді ұсынды
Алматыда автобус Mega сауда орталығына соғылды

Алматыда автобус "Mega" сауда орталығына соғылды: бес адам зардап шекті

0
Автобус екі жолаушы мен екі көлікті соғып, одан кейін "Mega" сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіріп кеткен

АЛМАТЫ, 28 ақпан — Sputnik. Алматыда сенбі кешке Сейфуллин мен Төреқұлов көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

№123 автобус Hyundai Elantra көлігіне соғылады, ол жол жиегіне ұшып кеткен. Бұған қоса автобус жол-жөнекей электр қалқанын құлатып, бағдаршамның жануын күтіп тұрған екі адамды қағады. Әрі қарай автобус автотұрақ аумағына кіріп кетіп, Mega park қабырғасына барып соғылады. Сондай-ақ ол тұрақтан шығып келе жатқан Volkswagen Polo көлігін соққан.

Автобус врезался в стену ТРЦ Мега
© Sputnik / Стрингер
Автобус жүргізушісі көше қиылысында рөлге ие бола алмай қалған

Апат салдарынан бес адам зардап шекті – автобус жүргізушісі, Volkswagen Polo жүргізушісі мен екі жолаушысы және жаяу жүргіншілер жолында тұрған екі адам. Соңғы екеуі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.

Автобус врезался в стену ТРЦ Мега
© Sputnik / Стрингер
Автобус екі көлік пен екі адамды соққан, зардап шеккендер қазір жансақтау бөлімінде жатыр

Автобус жүргізушісінің не себепті рөлге ие бола алмай қалғаны әзірге белгісіз. Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Автобус врезался в стену ТРЦ Мега
© Sputnik / Стрингер
Апат салдарынан бес адам зардап шекті, оның ішінде автобус жүргізушісі де бар
0
Кілт сөздер:
жол апаты, Алматы