Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов

Көлгінов Нұр-Сұлтан тұрғындарымен кездесуінде ағылшын тілінде сөйледі видео

5579
(Жаңартылды 14:18 10.02.2021)
Шетел азаматы елорда әкімімен онлайн кездесуде демалыс және мереке күндері Нұр-Сұлтандағы көлік қозғалысын шектеуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуді онлайн режимінде өткізді. Тіпті олардың бірімен ағылшын тілінде сөйлесті.

Қала тұрғындарының бірі – Диего Амадо деген шетел азаматы әкіммен сұхбатында Нұр-Сұлтанға Мадридтен келгенін және соңғы төрт жыл бойы Қазақстанның астанасында тұрып жатқанын жеткізді. Амадо Мадридте адамдар серуендеп, велосипедпен жүру үшін демалыс және мереке күндері қала орталығы жабылатынын айтып, осы тәжірибені қарастыруды ұсынды. Оның пікірінше, бұл қаланың экологиясын жақсартуға септігін тигізеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

"Диего, қайырлы таң! Алдымен іс-шараға қатысқаныңыз үшін алғыс айтамын. Қаланы көркейтуге атсалысып жатқаныңызға қуаныштымын. Біз әлемдегі қалалардың тәжірибесіне назар аударамыз. Біздің "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" деген бас жоспарымыз бар. Осы жоспарда үш негізгі идея қамтылған: біріншіден, қала таза, екіншіден, тұрақты және өмір сүруге жайлы болуы керек. Сіз жаяу жүргіншілерге көбірек мүмкіндік жасауды ұсынып отырсыз, солай ғой? Презентацияда көргеніңіздей, осындай жоспарлар бар. Жобаларымызға қатысуға шақырамын. Біздің командамызға қосылатын болсаңыз, тек қана қуанамыз", - деді Көлгінов.

Диего Амадо жобаларды жүзеге асыруға атсалысып, өз тәжірибемді бөлісуге дайынмын деп жауап берді.  
 

5579
Дәрігер, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакциналау басталды

21
(Жаңартылды 14:29 01.03.2021)
Елорда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 1 наурыздан бастап коронавирусқа қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады.

Елорда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Вакцинаның әсері: Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

Осы санаттағы адамдарды вакцинациялау үшін Нұр-Сұлтанда 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе егу бөлмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ екпе салдыртуға ведомствоаралық ұйымдар да қатысады.

"Мұғалімдер мен тәрбиешілерге вакцинация АМСК ұйымдарына білім беру ұйымы бекітілген жері бойынша жасалады. Вакцина алатындардың тізімі жасалды, тиісті емханаларға жіберілді", - делінген басқарма таратқан хабарламада.

Нұр-Сұлтанда 1 ақпаннан бастап барлығы 2 126 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды. Өткен демалыс күндері басқарманың қоймаларына 7 мыңнан астам жаңа доза түсті.

21
Кілт сөздер:
полицейлер, мұғалімдер, вакцина
Тақырып бойынша
Әлем халқының небәрі 10 процентінде коронавирусқа қарсы антидене бар – ДДҰ
Қазақстанда 65 жастан асқандарға COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға рұқсат етілді
Коронавирусқа қарсы вакцина бедеулікке ұшыратпайды
Қиясов вакцина жайлы: екпе салдырғысы келетіндер өте көп
Қазақстандық депутаттар мен министрлерге вакцина қашан егіледі
Нұр-Сұлтанда Бұрқасын-2021 фестивалі өтті

Нұр-Сұлтанда "Бұрқасын-2021" фестивалі өтті

72
Сайыс қысқы спорттың 8 түрінен өтті. Шаңғы жарысына 4 жастағы бүлдіршіннен 50 жасқа дейінгі спортшылар қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы дәстүрлі "Бұрқасын-2021" қысқы фестивалі өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Аталған жарыс қысқы спорттың 8 түрінен өтті. Нақтырақ айтқанда, шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

"Бұл "Бұрқасын-2021" қысқы фестивалі дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Қысқы ойындарға қатысып, белсенділік танытып жатқан спортшыларға үлкен алғыс айтамыз. Біздің мақсатымыз – салауатты өмір салтын және спортты насихаттау. Баршаңызға тілектеспіз, сәттілік тілеймін!" – деді Мәкен.

Сонымен қатар, қысқы фестивальге қатысқан елорда тұрғындары мен спортсүйер қауымды Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев мәдениет және спорт министрілігінің атынан құттықтап, шараны ұйымдастырған Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне алғыс білдірді.

Шаңғы жарысына 4 жастағы бүлдіршіннен 50 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Сондай-ақ осы спорт түрінен сайысқа түскен жас сарбаздар мен әскери қызметшілер салауатты өмір салтын ұстанып, үлгі көрсетті.

"Бұрқасын-2021" фестиваліне қатысу мақсатымыз – жастар мен жасөспірімдерді спортпен айналысуға насихаттау, жастарға үлгі болу. Біз үшін қазіргі қоғамдағы жастардың денсаулығы маңызды. Сол себепті бос уақытын тиімді пайдалансын деген оймен "Жас сарбаз" қоғамдық бірлестігінің атынан 30-ға жуық жасөспірімді қатыстырып отырмыз. Жеңіске жетеміз деген үмітіміз бар", – деді "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

72
ЕуроОдақ туы

Еуропада вакциналау сертификаты енгізіледі

0
Солтүстікатлантикалық Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca үштігіне қатысты бюрократиялық кедергілер болмауы керек. Алайда, Ресей мен Қытай вакцинасына қатысты қиындықтар бар

ЕО дипломатиялық ведомстволары басшыларының селекторлық кеңесінің қорытындысы бойынша сөз сөйлеген фрау канцлерин Ангела Меркель вакциналау сертификатын енгізу қажеттілігі туралы келіскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай сертификаты жоқ азаматтарға ЕО аумағына кіруге тыйым салынады.

Әзірше тек сөз жүзінде келісім бар. Жоба шамамен үш айдан кейін талқылауға ұсынылады, деп хабарлайды РИА Новости.

Негізгі мәселе – вакциналауға қарсы көрсетілімі бар адамдардың жайы не болмақ? Уақытша қарсы көрсетілімдер жайы түсінікті. Мысалы, жақында ғана коронавирусты инфекциямен ауырып шыққан болса. Мұндай жағдайда біршама уақыт өтуін күтіп, содан кейін ғана екпе салғызу керек болады. Алайда, созылмалы ауруы бар адамдар ше?

Іс мұнымен де бітіп тұрған жоқ. Қазір әлемде вакцина көп. Оның саны арта түсетіні анық. Сонда ЕО серификатын алу құқығы нақты қай препараттарға беріледі?

Солтүстікатлантикалық Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca үштігіне қатысты бюрократиялық кедергілер болмауы керек.

Бірақ, ресейлік ("Спутник V" және "ЭпиВакКорона") және қытай (Sinovac Biotech, CanSino Biologics, CNBG — Sinopharm) вакциналарына қатысты біршама қиындық туындайтын секілді. Олар өте жоғары деңгейде тиімді әрііаурудың жалғыз емі болса да, брюссеельдік бақылау органдарымен мақұлданбаған. Сондықтан, осы екі елдің препаратын салғызған азаматтар шекарадан асуы үшін қажетті сертификатқа қол жеткізбеулері ықтимал.

Осы тұста вакцинаның әлемдегі адамдарға тиімділігі емес, оның саяси маңызы жоғары тұрғаны анық. Ал, жаһандық мәселеге саясат араласқан кезде, оның ақыры ешқашан жақсылыққа алып келмеген. Осы сияқты жағдай "Солтүстік ағын – 2" жобасының төңірегінде де белең алып жатыр. Вакцинасы альянс аумағында мойындалмаған елді дәл осы вакцина арқылы қыспаққа алу мүмкін болса, ЕО мұны қалт жібермеуге бел буды.

Жақында ғана Еурокомиссия басшысы Усула фон дер Ляйеннің мәлімдемесі де осыған сәйкес келеді: "Ресейдің кокронавирусқа қарсы вакциналау стратегиясы ақылға қонымсыз. Басқа елдерге вакцинаның миллиондаған дозасын ұсынып отырған Ресей неге өз халқын екпемен толық қамтамасыз ете алмай отыр? Неге өз тұрғындарын вакциналауда тиісті ілгерілеу жоқ? Бұл сұраққа жауап беру керек".

Тиісті ілгерілеу деп нені меңзеп тұрғаны белгісіз. Оның үстіне, ілгерілеу мүлде байқалмайтын Еуропа бұл жайында сөз қозғауы қаншалықты орынды? Әйтпесе, Венгрия "Спутник" вакцинасын сатып алмас еді. Чехия, Австрия, Италия да осы ойда болмас еді.

Сол себепті, елге кіру визасына рұқсатнама ретінде қай вакциналар айқындалатыны туралы дау әлі талай ақиқаттың бетін ашатын секілді.

0