Жылу құбырының жарылысы

Ақ бұлтқа айналған бу астаналықтардың үрейін ұшырды видео

2240
(Жаңартылды 20:30 20.02.2021)
Қазіргі уақытта жылу магитралінде пайда болған диаметрі 500 миллиметрлік жарықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желілерде елорданың оң жағалауында жылу магистралінің жарылған сәті түсірілген видео тарап жатыр.

Кадрдан құбыр жарылысынан атқылаған ыстық судың буы жерден будақтап шығып, ақ бұлтқа айналып жатқанын көруге болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Айналаны бу қаптап, көру мүмкіндігі шектелгендіктен полицейлер Қосшығұлұлы көшесіндегі қозғалысты бір сәтке толығымен тоқтатуға мәжбүр болды.

"20 ақпан күні сағат 10:45-те Қосшығұлұлы көшесінің аумағындағы жылу магистрілінде диаметрі 500 миллиметрлік жарық пайда болып, ТМ-43 учаскесінде ыстық судың сыртқа аққаны анықталды", – деп хабарлады "Астана-Теплотранзит" АҚ.

Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Павлодарда құбыр жарылып, бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды – видео

2240
Кілт сөздер:
жарылыс, жылу желісі
Тақырып бойынша
Алматыда көшенің қақ ортасында ыстық су бұрқырап атқылады - видео
Топардағы қайғылы апат: облыс әкімі тапсырма берді
Алматының қақ ортасында жылу құбыры жарылды: төрт адам күйіп қалды - видео
Терезеден кірген: Алматыда ыстық су басып қалған пәтердің видеосы шықты
Павлодар тұрғыны ыстық су құбыры жарылған жердегі шұңқырға құлап кетті
Теңге

Әкімдік 8 наурызға орай жеті мың теңгеден таратты

2744
(Жаңартылды 18:19 02.03.2021)
Биыл елордада Халықаралық әйелдер күніне орай 23,8 мың адам 2,5 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек алды  

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға 7 293 теңгеден (17 доллар) берілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.

Айта кетейік, жыл сайын елордада 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) мерекесіне орай көпбалалы отбасыларға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" немесе бұған дейін "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған көпбалалы аналарға, оның ішінде тұрмысы төмен отбасыларға 2,5 АЕК (7293 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек  көрсетіліп келеді.

1 млн теңгеден беру ұсынылды: қаржылай қолдауға кімдер ие болады

Мұндай шешімді Астана қаласының мәслихаты 2017 жылдың 12 желтоқсанында қабылдады. Тізімді "Азаматтарға арналған үкіметтің" Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы ұсынады.

2021 жылы 23,8 мың адам әлеуметтік төлем алды.   

2744
Кілт сөздер:
әлеуметтік көмек, 8 наурыз
Дәрігер, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакциналау басталды

28
(Жаңартылды 14:29 01.03.2021)
Елорда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 1 наурыздан бастап коронавирусқа қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады.

Елорда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Вакцинаның әсері: Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

Осы санаттағы адамдарды вакцинациялау үшін Нұр-Сұлтанда 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе егу бөлмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ екпе салдыртуға ведомствоаралық ұйымдар да қатысады.

"Мұғалімдер мен тәрбиешілерге вакцинация АМСК ұйымдарына білім беру ұйымы бекітілген жері бойынша жасалады. Вакцина алатындардың тізімі жасалды, тиісті емханаларға жіберілді", - делінген басқарма таратқан хабарламада.

Нұр-Сұлтанда 1 ақпаннан бастап барлығы 2 126 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды. Өткен демалыс күндері басқарманың қоймаларына 7 мыңнан астам жаңа доза түсті.

28
Кілт сөздер:
полицейлер, мұғалімдер, вакцина
Тақырып бойынша
Әлем халқының небәрі 10 процентінде коронавирусқа қарсы антидене бар – ДДҰ
Қазақстанда 65 жастан асқандарға COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға рұқсат етілді
Коронавирусқа қарсы вакцина бедеулікке ұшыратпайды
Қиясов вакцина жайлы: екпе салдырғысы келетіндер өте көп
Қазақстандық депутаттар мен министрлерге вакцина қашан егіледі
Архивтегі фото

Мусин "Роскосмос" басшысымен кездесті

0
Тараптар жерді қашықтықтан зондтау технологиялары бойынша ынтымақтастық байланыстарын дамыту мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу кезінде жерді қашықтықтан зондтау технологиялары бойынша ынтымақтастық байланыстарын дамыту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресейдің жерді қашықтан зондтау жерсеріктері топтамаларын әзірлеу жөніндегі бірлескен жоспарлар, сондай-ақ, жедел мәлімет алмасу бойынша сервистерді біріктіру жайы сөз болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан премьері мен "Роскосмос" басшысы "Бәйтерек" зымыран кешенін құру жайын талқылады 

Бұдан бөлек, тараптар қазақстандық және ресейлік жерсеріктер өндірушілерінің өнеркәсіптік кооперациясы дамыту, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау кешенінің жұмысын арттыру мәселелері талқыға салынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін одан әрі жан-жақты пысықтауға келісті.

0