Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакциналау басталды

© AP Photo / Hussein MallaМедик в защитном костюме набирает вакцину в шприц
Медик в защитном костюме набирает вакцину в шприц  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Елорда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 1 наурыздан бастап коронавирусқа қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады.

Елорда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Вакцинаның әсері: Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

Осы санаттағы адамдарды вакцинациялау үшін Нұр-Сұлтанда 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе егу бөлмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ екпе салдыртуға ведомствоаралық ұйымдар да қатысады.

"Мұғалімдер мен тәрбиешілерге вакцинация АМСК ұйымдарына білім беру ұйымы бекітілген жері бойынша жасалады. Вакцина алатындардың тізімі жасалды, тиісті емханаларға жіберілді", - делінген басқарма таратқан хабарламада.

Нұр-Сұлтанда 1 ақпаннан бастап барлығы 2 126 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды. Өткен демалыс күндері басқарманың қоймаларына 7 мыңнан астам жаңа доза түсті.

Жаңалықтар
0