Елорда тынысы

Елорданың бас санитар дәрігері астаналықтарға үндеу жасады

© Photo : сайт акимата города Нур-СултанЖители столицы могут сдать тест на COVID-19, не выходя из авто
Жители столицы могут сдать тест на COVID-19, не выходя из авто - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Ең ұзақ демалыс көктемде болады. Мереке мен демалыс күндерін есептегенде қазақстандықтар 33 күн демалады

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова астаналықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алдағы мереке күндерін ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтарына карантиндік шараларды сақтау қажеттігін тағы бір мәрте ескерткім келеді. Бетперде киіп, арақашықты сақтаңыздар. Мүмкіндік болса, адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған жөн. Бұқаралық шараларды ұйымдастыруға болмайды", - деді Бейсенова әкімдіктің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, ең ұзақ демалыс көктемде болады, мереке мен демалыс күндерін есептегенде қазақстандықтар 33 күн демалады. Әсіресе, наурыз айында демалыс көп. Себебі қазақстандықтар екі мерекені қатар атап өтеді: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. Осының өзі 12 күн болып тұр. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс 24 наурызға ауысады.

Ресми мәліметке сәйкес, астанада қаңтар айымен салыстырғанда коронавирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші 33,8 процентке азайған. Бүгінде елорда "сары" аймаққа кіреді. 100 мың адамға 53,9 науқас келеді. Репродуктивті көрсеткіш (инфекцияны бір адамнан жұқтыру - Sputnik) 0,99-ды құрап отыр. 

Жыл басынан бері ПТР-тестпен 6 707 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Ал 85 адамның сынамасы теріс нәтиже көрсетсе де, клиникалық сараптама кезінде коронавирустың белгілері анықталды. Бір тәуліктің ішінде инфекция жұқтырған 68 адам тіркелді.

Ресми мәліметке сәйкес, ауру белгілері бар науқастардың саны біршама өсіп отыр. Қаңтар айында олардың саны 65 процент болса, ақпанда 68 процентке көтерілген. Әсіресе, 55 жастан асқандар арасында осы көрсеткіш 3,5 процентке өсті.

Жаңалықтар
0