Елорда тынысы

Оқушылар мектептен қалып, әуе рейстері тоқтады: Нұр-Сұлтанда не болып жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевСильная метель в Нур-Султане
Сильная метель в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Жазылу
Елордадағы көктайғақ пен қалың жауған қар ең алдымен оқушыларға, жүргізушілер мен әуе рейстеріне кері әсер етті

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Өткен тәулік ішінде 80 жол апаты тіркеліп, бір адам зардап шекті, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Мұндай қолайсыздықтарға қалың жауған қар мен көктайғақ себеп болды. Ведомство жолда жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр орындау ережелерін сақтауға шақырды. Жолдағы ахуал жайлы ақпаратты "Дәрмен" мобильді қосымшасынан алуға болады.

Жаяу жүргіншілер өтетін жол бөлігіне жақындаған кезде жылдамдықты бәсеңдету қажеттігі ескертілді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге үндеу жасады 

ТЖД ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтаннан шығатын тасжол қазір ашық.

16 әуе рейсі кешікті

Бас қаладағы ауа райының қолайсыздығы әуе қатынасына әсер етті. Нұр-Сұлтан әуежайында 16 рейс кешігіп жатыр.

Сондықтан жолаушылар өз рейсі туралы мәліметті әуе компаниясының сайтынан нақтылауы керек.

"Ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын және келетін бірнеше рейс кешігіп жатыр. Жолаушылар әуежайдағы анықтама қызметінен немесе әуе компаниясының колл-орталықтарынан толық ақпарат ала алады", - деді Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Нұр-Сұлтан әуежайындағы жасанды ұшу-қону жолағының ілінісу коэффициенті 0,27 көрсеткішіне дейін төмендеді. Ал рейстерді орындау кезіндегі ең төменгі көрсеткіш 0,35 болуы керек.

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті қазіргі уақытта раегентті пайдалаану арқылы ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Оқушылар қайтадан қашықтан оқып жатыр

Екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары бүгін қашықтан оқиды, деп хабарлады қалалық білім басқармасы.

Кеше Қазақстанның 12 өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде боран соғып, желдің ұйытқуы секундына 15-20 метр болады деп болжады. Ал Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, қар жауатыны ескертілді. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Жаңалықтар
0