Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда әкімшілік ғимараттан 200-ге жуық адам эвакуацияланды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуӨрт сөндіруші, архивтегі сурет
Өрт сөндіруші, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Жазылу
Ведомство баспасөз қызметінің дерегінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимарат автотұрағынан Audi көлігі сыртқа шығарылған

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Елорданың сол жағалауындағы әкімшілік ғимараттың түтіндеуіне байланысты 200-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәлімдеуінше, сағат 13.30-да Қабанбай батыр көшесінде орналасқан әкімшілік ғимаратқа 26 өрт сөндіруші мен 5 арнайы техника шұғыл жеткен.

"Өрт сөндірушілер ғимарат автотұрағы қатты түтін шыққанын анықтады.  Алдын-ала болжам бойынша өрт электрқалқанындағы сымдардың қысқа тұйықталуынан тұтанған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ", – делінген хабарламада.

Ведомство баспасөз қызметінің дерегінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін әкімшілік ғимараттан 200 адам мен бір Audi  автокөлігі эвакуацияланған.

Оқи отырыңыз: Өрт сөндіруші миллион теңге тауып алып, иесіне қайтарып берді

Жаңалықтар
0