Елорда тынысы

Әкімдік 2 мың отбасыға Наурыз мейрамында қандай сый жасайтынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневАвтобус аялдамасы, архивтегі сурет
Автобус аялдамасы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2021
Жазылу
Бүгін азық-түлік себеттері қаланың төрт ауданы бойынша 600-ден астам отбасыға жеткізілді, өзгелеріне жақын күндері таратылады

АЛМАТЫ, 22 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Наурыз мейрамында екі мың отбасыға азық-түлік себетін таратады.

Елорда әкімдігі сайтының ақпаратынша, биыл Наурыз мерекесі "Қайырымды істер" ұранымен өтіп жатыр. Қалада 22-24 наурыз аралығында "Қайырымды істер" аясында 2 мыңға жуық жағдайы төмен отбасыға азық-түлік себетін тарату жоспарланып отыр.

"Наурыз тек қана күн мен түн теңесіп, тіршілік атаулыға жан бітетін мейрам емес. Бұл – бірлік пен еңбектің, мейірімділік пен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі. Наурыз – жаңару, халықты бірлікке ұйыстыру мерекесі, сондықтан жұрт бірігіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созуы керек", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, мерекенің қазіргі тұжырымдамасы аясында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада "30 игі іс" қайырымдылық іс-шаралары тұрақты жүргізіліп келеді. Ал қарлы күндері мұқтаж жандардың аулаларының қарын күреу де назардан тыс қалған емес. Барлық іс-шара елордадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді.

Тағы оқыңыз: Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

"Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Жыл басынан бері "30 игі іс" аясында көптеген іс-шара өткізіп келеміз. Мұндай акциялар 1 наурыз – Алғыс айту күнінде де, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні де атқарылып, екі мыңнан аса отбасыға азық-түлік себеттері табысталды. Қала басшылығының тапсырмасымен Наурыз мейрамында да екі мыңға жуық отбасыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Оның барысында зейнеткерлер, қарт адамдар, көпбалалы, жағдайы төмен және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қамтылады. Бұл іс бүгін қаламыздың төрт орнында жалғасып жатыр", – деді Мәкен.

Қала әкімінің орынбасары басқаларды осындай қайырымдылық іс-шараларына қолдау көрсетуге, мұқтаж жандарға жәрдем етуге, сол сияқты қар күреу, дәрі-дәрмек жеткізіп беру, азық-түлік сатып алу секілді игілігі мол шараларға атсалысуға шақырды.

Ол өз сөзінде құт-береке, ырыс-несібе, мол бақыт тілеп, коронавирус пандемиясынан аман-есен өтуді тіледі.

22 наурызда азық-түлік себеттері Нұр-Сұлтан қаласының 4 ауданы бойынша 600-ден астам отбасыға жеткізілді, өзгелеріне жақын күндері таратылады.

Жаңалықтар
0