Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда карантин күшеюі мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевЕлорда тұрғындары
Елорда тұрғындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2021
Жазылу
Елордада жақын күндері аурудың таралуы бәсеңдемесе, кейбір нысандардың жұмысы шектелуі мүмкін, деп ескертті бас санитар дәрігер

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Егер эпидемиологиялық жағдай ушықса, елордада карантин қатаңдатылуы мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол қазір астанада ауру жұқтыру көрсеткішінің тұрақты өскені байқалатынын атап өтті. Бірақ, эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жоқ.  

"Карантинді қатаңдатуға келсек, егер қалада жағдай ушықса, карантинді қатаңдату туралы қаулы шығару мәселесі қаралады", - деді Бейсенова онлайн баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, жақын күндері аурудың таралуы қарқын алса, кейбір нысандардың жұмысы шектелуі мүмкін.

"Қала "қызыл" аймаққа кірген сәттен бастап кейбір нысандардың қызметін жексенбі күндері тоқтату, шектеу шараларын қатаңдату туралы қаулы қабылданды. Егер таяу арада жағдай нашарласа, кейбір нысандардың жұмыс уақыты шектеліп, сенбі күндері де жұмысына тыйым салу мәселесі қаралады", - деді ол.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы 10 наурыздан бері коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Жаңалықтар
0