Елорда тұрғындары

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді жаңа қаулыда не айтылған

1745
(Жаңартылды 17:26 29.03.2021)
Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс уақыты жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін қысқарды

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Құжатқа сәйкес, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары мен сауда үйлері жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін істейді. Ал демалыс күндері олардың қызметіне тыйым салынады.

Бұдан бөлек, 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда, барлық студент пен мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшеді.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады, тамақты жеткізу мен алып кету тапсырыстарына рұқсат етіледі.

Жаңа қаулы 30 наурызда күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бері эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша "қызыл аймаққа" тұр. Күн сайын қалада коронавирус жұқтырған 300-ден астам адам анықталады.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан аурудың таралуына жол бермеу үшін санитарлық нормалар мен карантиндік режим талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

1745
Кілт сөздер:
карантин, Нұр-Сұлтан, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (788)
Нұр-Сұлтандағы сары белгі

Жолда сары белгі пайда болды: ол нені білдіреді

5165
(Жаңартылды 12:55 17.04.2021)
Сары түске боялған қос сызық жүргізушілердің назарын аударатыны сөзсіз. Бұл әсіресе ауа райы бұзылып, жолдың көрінуі нашарлаған кезде өте маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда алғаш рет жол белгісі ретінде сары сызық қолданылды – Мәңгілік ел даңғылындағы бөлу жолағы сарыға боялды.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, эксперимент жол апатын азайтуға бағытталған.

Желтая разметка в Нур-Султане
© Photo : пресс-служба департамента полиции Нур-Султана
Нұр-Сұлтандағы сары белгі

"Елорда аумағында пилоттық жоба аясында Мәңгілік ел даңғылының бойында Ұлы Дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін жол белгісі ретінде сары түсті тұтас қос сызықты қолдану бойынша жұмыстар эксперименттік тәртіпте ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл белгіні Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарында қолдану жоспарланып отыр", - деп түсіндірді полиция.

Мұндай белгі әлемнің көптеген елінде қолданылады.

"Бұл белгі жүргізушілердің жолға назар салуына мүмкіндік береді, сонымен қатар қыста ауа райы нашарлап, жауын-шашын түскен кезде жол қауіпсіздігі деңгейін арттырады", - деп түсіндірді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.

Осы белгіні қолдануға байланысты заңнамалық актілерге, соның ішінде Жол қозғалысы ережесіне тиісті өзгерістер енгізіледі.  

5165
Вакцина, архивтегі фото

Вакцина салдырғаннан кейін екпе куәлігін ашып көрген елорда тұрғыны аң-таң болды

7872
(Жаңартылды 13:56 17.04.2021)
Жауапты мамандар дәрігер ақпараттық жүйеге тұрғын туралы мәліметтерді енгізгенде шатасып қытайлық препараттың атауын жазып жібергенін айтты   

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір — Sputnik. Астана тұрғынына дәрігерлер қытайлық вакцина салған. Мұны тұрғын екпе куәлігінен көріп, аң-таң болыпты. Бірақ медицина мекемесінің қызметкері екпе саларда "Спутник-V" вакцинасын саламыз деп ауызша ескерткен, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Абдырап қалған елордалықтың мәселесіне қатысты денсаулық сақтау басқармасы жауап берді. Жауаптылар фармаколог дәрігер ақпараттық жүйеге тұрғын туралы мәліметтерді енгізгенде препараттың атауын шатастырып алғанын айтады. Ал бұл жүйеде бүгінде қолданыста жүрген барлық вакцинаның атауы бар көрінеді.

"Басқарманың қоймаларында қытайлық вакцина жоқ. Яғни, бізде тек ресейлік "Спутник-V" және де ГамКовидВак. Сол себепті бар болғаны субъективті қате шықты. Науқасқа ешқандай қытайлық вакцина салынған жоқ", - дейді Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ел ішінде коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін салдырғандардың саны 576 мыңнан асқан, ал 2-і компонентін қабылдағандар 112 202-ге жетті. Оның ішінде елорда, Алматы, Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары екпе алу бойынша алда келеді. Ал Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарында вакциналау баяу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Шымкентте инфекциялық ауруханада түсірілген жантүршігерлік видео желіде тарады 

Қазір көпшілікті вакцина салдырғаннан кейін кесел жұқтырған 16 адамның жайы алаңдатып отыр. Министрлік өкілі екпе арқылы вирус жұқпайтынын айтады. Өйткені вакцина құрамында тірі вирус жоқ, тек антиденелерді түзетін коронавирустың бір бөлігі бар дейді. Оның өзі вирсуқа қарсы күресетін компонент деп отыр. Осы себепті иммунитет қалыптасқанға дейін екпе салдырдым деп арқаны кеңге салуға болмайтынын ескертті.

7872
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Коронавирус созылмалы ауруға айналуы мүмкін – академик
Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынуы мүмкін бе
QazVac пен "Спутникті" бір айда салдырса не болады
Екпе салдырған қазақстандықтар жұмыстан босатыла ма
Вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандар бар – комитет жауабы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшылары Тоқаевты құттықтап жатыр

0
Олар мемлекет басшысына зор денсаулық және бақыт тіледі, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жеделхатында Тоқаевқа ұзақ өмір, зор денсаулық және оның аса жауапты қызметіне табыс тілеп, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

"Екі ел арасындағы тату көршілікке, жақын достыққа, өзара құрметке және қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестік ортақ саяси ерік-жігеріміздің арқасында соңғы жылдары мүлде жаңа деңгейге көтерілгені күмәнсіз. Біздің табысты байланыстарымыз бен ұзақмерзімді серіктестігіміз одан әрі дами беретініне сенімдімін", – делінген Өзбекстан басшысының жеделхатында.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд өздерінің жеделхаттарында Қазақстан президентін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, оған зор денсаулық және бақыт тілеген, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Тағы оқыңыз: Рамазан-2021: маңызды 10 сұрақтың жауабы

Сонымен қатар Қазақстан президентіне Қатар әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни, Иордания королі II Абдалла, Оман сұлтаны Хайсам Бен Тариқ, Кувейт әмірі Шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер Әс-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Мишаль әл-Ахмед әл-Джабер Әс-Сабах, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Марокко королі VI Мұхаммед, Египет президенті Әбдель Фаттах Әс-Сиси, Ирак президенті Бархам Салех, Палестина президенті Махмуд Аббас, Қатар шейхінің орынбасары Абдалла Бен Хамад Әл Тәни және Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.

Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Пітір садақаның мөлшері жан басына 420 теңгені құрады.

0
Кілт сөздер:
Рамазан-2021, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды  
Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегі ауыс-түйіс туралы айтты
Тоқаев жұмысын дұрыс атқармаған басшыны қызметінен босатуды бұйырды
Тоқаев кейбір салаларға қосымша қаражат бөлуді тапсырды