Вакцина, коронавирус

Сәуір айында 60 мыңнан астам астаналыққа вакцина егіледі

34
(Жаңартылды 20:59 29.03.2021)
Вакцинадан кейін берік әрі тұрақты иммунитет пайда болады. Ол бір жыл және одан да көп уақытқа сақталуы мүмкін. Сол себепті ревакцинация жайлы ойлауға әлі ерте, деді бас дәрігер

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда сәуір айының соңына дейін 60 мыңнан астам адамға вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалада вакциналаудың жоспарланған көлемі – 647 мың адам. Сәуір айында 60 мыңнан астам адамға вакцина егуді жоспарлап отырмыз. Одан кейін вакцинаның түсуіне қарай жаздың ортасында, бәлкім, сәл кешірек біз бұл межеге жетеміз деп ойлаймын", - деді Мұратов баспасөз мәслихатында.

Ол қазіргі таңда елге тек "Спутник V" вакцинасын жеткізу мерзімі ғана белгілі екенін атап өтті.

Коронавирусқа қарсы басқа вакциналарды денсаулық сақтау министрлігі пысықтап жатыр.

Сондай-ақ, Мұратовтың айтуынша, вакциналау науқаны енді басталғаннан кейін ревакцинация, яғни екпені қайта егу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Өйткені вакцинадан кейін берік әрі тұрақты иммунитет пайда болады. Ол бір жыл және одан да көп уақытқа сақталуы мүмкін. Сол себепті ревакцинация жайлы ойлауға әлі ерте, деді бас дәрігер.

34
Кілт сөздер:
сәуір, вакцина, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2261)
Тақырып бойынша
"Ауыр хәлде түсіп жатыр": дәрігер тұрғындарға үндеу жасады
Бекшин жаңа қаулы шығарды
Далада маскасыз қыдырып жүретін уақыт емес – денсаулық сақтау басқармасы
Елордада мейрамхана мен дәмхана жұмысына шектеу енгізілді
Астанада жексенбі күндері автобус тоқтайды – қозғалыс қашан қалпына келеді
Нұр-Сұлтандағы сары белгі

Жолда сары белгі пайда болды: ол нені білдіреді

5565
(Жаңартылды 12:55 17.04.2021)
Сары түске боялған қос сызық жүргізушілердің назарын аударатыны сөзсіз. Бұл әсіресе ауа райы бұзылып, жолдың көрінуі нашарлаған кезде өте маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда алғаш рет жол белгісі ретінде сары сызық қолданылды – Мәңгілік ел даңғылындағы бөлу жолағы сарыға боялды.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, эксперимент жол апатын азайтуға бағытталған.

Желтая разметка в Нур-Султане
© Photo : пресс-служба департамента полиции Нур-Султана
Нұр-Сұлтандағы сары белгі

"Елорда аумағында пилоттық жоба аясында Мәңгілік ел даңғылының бойында Ұлы Дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін жол белгісі ретінде сары түсті тұтас қос сызықты қолдану бойынша жұмыстар эксперименттік тәртіпте ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл белгіні Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарында қолдану жоспарланып отыр", - деп түсіндірді полиция.

Мұндай белгі әлемнің көптеген елінде қолданылады.

"Бұл белгі жүргізушілердің жолға назар салуына мүмкіндік береді, сонымен қатар қыста ауа райы нашарлап, жауын-шашын түскен кезде жол қауіпсіздігі деңгейін арттырады", - деп түсіндірді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.

Осы белгіні қолдануға байланысты заңнамалық актілерге, соның ішінде Жол қозғалысы ережесіне тиісті өзгерістер енгізіледі.  

5565
Вакцина, архивтегі фото

Вакцина салдырғаннан кейін екпе куәлігін ашып көрген елорда тұрғыны аң-таң болды

8490
(Жаңартылды 13:56 17.04.2021)
Жауапты мамандар дәрігер ақпараттық жүйеге тұрғын туралы мәліметтерді енгізгенде шатасып қытайлық препараттың атауын жазып жібергенін айтты   

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір — Sputnik. Астана тұрғынына дәрігерлер қытайлық вакцина салған. Мұны тұрғын екпе куәлігінен көріп, аң-таң болыпты. Бірақ медицина мекемесінің қызметкері екпе саларда "Спутник-V" вакцинасын саламыз деп ауызша ескерткен, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Абдырап қалған елордалықтың мәселесіне қатысты денсаулық сақтау басқармасы жауап берді. Жауаптылар фармаколог дәрігер ақпараттық жүйеге тұрғын туралы мәліметтерді енгізгенде препараттың атауын шатастырып алғанын айтады. Ал бұл жүйеде бүгінде қолданыста жүрген барлық вакцинаның атауы бар көрінеді.

"Басқарманың қоймаларында қытайлық вакцина жоқ. Яғни, бізде тек ресейлік "Спутник-V" және де ГамКовидВак. Сол себепті бар болғаны субъективті қате шықты. Науқасқа ешқандай қытайлық вакцина салынған жоқ", - дейді Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ел ішінде коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін салдырғандардың саны 576 мыңнан асқан, ал 2-і компонентін қабылдағандар 112 202-ге жетті. Оның ішінде елорда, Алматы, Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары екпе алу бойынша алда келеді. Ал Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарында вакциналау баяу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Шымкентте инфекциялық ауруханада түсірілген жантүршігерлік видео желіде тарады 

Қазір көпшілікті вакцина салдырғаннан кейін кесел жұқтырған 16 адамның жайы алаңдатып отыр. Министрлік өкілі екпе арқылы вирус жұқпайтынын айтады. Өйткені вакцина құрамында тірі вирус жоқ, тек антиденелерді түзетін коронавирустың бір бөлігі бар дейді. Оның өзі вирсуқа қарсы күресетін компонент деп отыр. Осы себепті иммунитет қалыптасқанға дейін екпе салдырдым деп арқаны кеңге салуға болмайтынын ескертті.

8490
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Коронавирус созылмалы ауруға айналуы мүмкін – академик
Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынуы мүмкін бе
QazVac пен "Спутникті" бір айда салдырса не болады
Екпе салдырған қазақстандықтар жұмыстан босатыла ма
Вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандар бар – комитет жауабы
Қар, архивтегі сурет

Қар және жаңбыр: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

0
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағымдарының әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ертең, 18 сәуірде елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстікте қар аралас жаңбыр болжануда. Кейбір облыстарда тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, батыста және солтүстік-батыста найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Жамбыл облысында, күндіз Алматы облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/c дейін күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін барады.

Тағы оқыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, күндіз желдің екпіні 23-28 м/c дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/c дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысында кей жерлерді тұман басады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда 18 сәуірде күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 18 градусқа дейін көтеріледі, түнде – плюс бір градус. Жел жоқ.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, оқта-текте жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы плюс 19 градус, түнде плюс 8 градусты көрсетеді.

Шымкентте де күн ашық. Күндіз – плюс 22, түнде – плюс 11 градус.

0
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет
Тақырып бойынша
Көктемде 276 елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖ министрі
Қар аралас жаңбыр: Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жарияланды